Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Психологияның негізгі міндеттері



бет4/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Психологияның негізгі міндеттері:


  • психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;

  • психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;

  • психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;

  • психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету.

Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.

Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: ) заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойын- дау; ) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажы- ралмас бірлікте болатынын қолдау; ) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.

XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тір- шілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде қолданылуда.

Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан орын иелеуде.

Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық, спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен дамуда.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет