Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет14/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Экзопсихикапсихикалық дүниенің адам ағзасынан тыс жатқан болмысты бейнелеуші бір бөлігі.

Эндопсихика – психикалық болмыстың адам азғысының қалпын бейнелеуші құрамы.

Интропсихика құрамды психиканың адам ойын, ерік күшін, қиялын, ұйқыдағы түстерін қамтыған бөлшегі.

Психика қоршаған дүние жөніндегі санаға келіп түскен ақпараттарды біріктіру және оларға түсініктеме беру, оларды адамның қажеттерімен сәйкестендіру және адам әрекет қылығының бейімделу, болмысқа икем- делу үдерісінде реттеу қызметтерін атқарып бару үшін қажет.

У. Джемс пікірінше, психиканың негізгі қызметі: сырттай болмысты бейнелеу негізінде жеке әрекет-қылықты басқару және ретке келтіру, сонымен бірге оны адам қажетіне сәйкестендіру.

Е.Ф. Ломов өз еңбектерінде тұлға әрекет-қылығы мен іс-әрекетіне байланысты психиканың үш түрлі қызметін ажырат: танымдық, ретте- ушілік, ақпарат алмасымен қарым-қатынасқа келу (коммуникативті). Адамның бейімделуі мен шығармашыл әрекетке түсуі осы үш қызметтің орындалуына тікелеу тәуелді.

  1. Психикалық үдерістерді топтастыру


Барша психикалық құбылыстар өзара байланыста, дегенмен дәстүрлі психология оларды үш топқа бөліп қарастырады: ) психикалық үдерістер;

) психикалық қалыптар; 3) тұлғаның психикалық қасиеттері.



Психикалық үдерістер негізгі тірек құбылыстар ретінде қарастырылады, ал психикалық қалыптар мен қасиеттерді уақытша әрі психикалық үдерістердің тектік ауысулары деп білеміз. Барша психикалық құбылыстар өзара бірігумен бейнелеу-реттеу іс-әрекеттерінің біртұтас сарынын құрайды.

Негізгі үш психикалық құбылыс сипаттамасы төмендегідей:



Психикалық үдерістер – бейнелеу – реттеу іс-әрекеттерінің жекелен- ген тұтас қозғалысы. Психикалық үдерістің әр түрі өз бейнелеу нысанына, өз реттеп бару ерекшелігі және меншікті заңдылықтарына ие.

Психикалық үдерістер психикалық құбылыстардың бастау көзі- осы- лар негізінде психикалық өрнектер қалыптасады.

Субъекттің бейнеленуші нысанмен белсенді қарым-қатынасы, нысан- ды тануға және онымен әрекеттік байланысқа түсуге бағытталған ерекше өту жүйесі осы психикалық үдерістерден көрінеді.

Психикалық үдерістер түрі: ) танымдық (түйсік, қабылдау, ойлау, қиял және жад); ) еріктік; 3) көңіл-күйлік.

Адамның психикалық іс-әрекеті – бұл таным, ерік және көңіл-күй үдерістерінің бірігімі.

Психикалық қалыптар іс-әрекет мазмұны және сол мазмұнға болған адам қатынасында айқындалушы психиканың уақытша өзіндік көрінісі. Психикалық қалып - адам психикасы бейнелерінің үздіксіз жаңаланып, ауысып тұруымен болады. Болмыспен араласу барысында адамның барша психикалық әлемі салыстырмалы тұрақты бірігімде бо- лып, оның нақты мезеттегі уақытша көңіл-күйінен, ынта-ықыласынан, яғни психикалық қалпынан байқалады.

Психикалық қалып психикалық белсенділіктің жалпы қызметтік деңгейінде адамның нақты мезеттік іс-әрекетіне, бағдары мен оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді көрініс береді.

Психикалық қалыптың барша түрлері төмендегідей өзара топтасуы- мен ажыралады:

· сеп түрткілік (мотивтік) - қажеттіктерге байланысты ұстанымдар, ниеттер, қызығулар, мұдделер, құмарлықтар.

· сана дайындығы қалпы зейінділік пен жұмыс қабілеттілігінің әрқилы деңгейлерінде көрінеді;

· эмоционалдық көңіл-күйге байланысты түйсіну, көңіл-күйге бай- ланысты сырттай ықпал-әсерге жауап, көңіл-күй шарпулары – стресс, аффект, фрустрация;

· еріктік - адамның нақты мезеттегі іс-әрекетке деген ынталылығы, ұмтылысы, шешімділігі, табандылығы, өжеттігі т.б. Бұлар қатарында психиканың өзара сыбайлас тұлғалық қалыптары да болады: психопатия, мінез асқынуы, невроздар және психикалық дамудың тоқырауы.

Психикалық қасиеттері психиканың әрбір жеке адамға тән тек- тік ерекшеліктері, тұлға бойына біткен психикалық үдерістердің іске асу ерекшеліктері.

Тұлғалық психика қасиеттері: ) темперамент, ) тұлға бағыт- бағдары (қажеттер мүдделер, дүниетаным және мұрат-мақсаттар); 3) мінез; ) қабілеттер.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет