Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады.
Психологияның негізі - жалпы психология. Бұл саланың атқаратын қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары мен тетіктерін зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің бірі психология тарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи үдерістердің мән- мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.
Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздеме- лері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар жағдайлар келесідей:
Достарыңызбен бөлісу: |