MIT AppInventor ортасы. Пайдаланушы интерфейсі.
MITAppInventor (http://ai2.appinventor.mit.edu/) – жұмыс істеу үшін алгоритмдеудің қарапайым негіздерін білу жеткілікті болатын, Java және Android SDKбағдарламалау тілдерін білуді талап етпейтін жұмыс, OS Androidплатформасына арналған қосымшалардың визуалды әзірлеудің бұлт ортасы. MIT AppInventor жұмыс істеу үшін Google немесе GoogleApps аккаунты болу қажет, ал бағдарламаларды құру бағдарламалау кодының блоктарын пайдаланумен визуалды режимде жүзеге асырылады.
MIT AppInventorкіргеннен кейін пайдаланушы оның жобалары шығатын парақты көреді. Барлық жасалған жобалар Менің жобаларым деген папка ішінде сақталады.
Кеңес: AppInventor ортасында қайта жасалатын қосымша бұл жаңа жоба (мәзір Жобалар –Жаңа жобаны бастау). «Жобаны жою» батырмасын басу – жасалған жобаны жояды. Әзірлеу терезесінен жобалар тізіміне көшу «Жобалар /Менің жобаларым» сілтемесі бойынша жүзеге асады.
AppInventorмобильді қосымшасын әзірлеу 2 сатыдан тұрады. Бірінші саты - «Бұл қандай түрде болады» пайдаланушы интерфейсін жобалау, екіншісі - «Олар қалай жұмыс істейтін болады» қосымшасының бағдарламалау компоненті.
1.1 сурет. AppInventorқұрастырушысы
AppInventor құрастырушысы– қосымшаның интерфейсі («сырт келбеті») жасалатын режим. Бұл режимді қосымшаның әр түрлі компоненттерін таңдау мен орналастыру үшін қолданады: қосымшаны іске қосқан кезде сіздің құрылғыңыздың экранында бейнеленетін батырмалар, мәтіндік жолақтар, суреттер және т.б.
Жобаның дизайнын әзірлеуге арналған интерфейскелесідей негізгі элементтерден тұрады:
Палитраболашақтағы қосымшаның компоненттерінің жинақтарынан (топтарынан) тұрады.
Компоненттер депбатырмалар, суреттер, мәтін, мәтін жазуға арналған алаңдар, күндер, сіздің Android- құрылғыңыздың әр түрлі датчиктеріне қосылуға арналған интерфейстер секілді қосымшаның функционалды элементтерін атаймыз: акселерометр, GPS, дерекқор және т.б. Кейбір компонентте графикалық дизайнның бөлшектері болып табылады, мысалы, батырмалар, ал кейбіреулері құрылғының экранынан көрінбейді, мысалы, таймер, сенсорлар немесе видеоплейер.
Қарау– сіздің қосымшаңыздың экраны. Нақтырақ айтсақ, экрандардың бірі. Қосымшада әр түрлі істер бір мезгілде атқарыла беретін бірнеше экран қолдануға болады. Мысалы, бірінші экранда сізде қосымшаға нұсқаулық, ал екіншісінде, яғни, қосымша– оның функционалды бөлігі.
Компоненттер– мұнда сіз өз жобаңызда пайдаланып жүрген компоененттер тізімі орналасқан.
Кеңес:Компоненттерге атаулар берген кезде келесі ережені ұстану ұсынылады «Компонент аты»=«Компонент атауы» +ол қосымшадаатқаратын «Әрекет /Функция»: Артқа батырмасы, Ары қарай батырмасы, Сурет Фон және т.б. Компоненттерге осылайша атау беру олардың әрекеттері немесеоқиғалары үшін бағдарламалау кезінде тез бағыт табуға көмектеседі.
Қасиеттер– экранның осы бөлігінде сіздің қосымшаңыздың компоненттерінің қасиеттері орнатылады, мысалы: түсі, қаріп өлшемі, суреттер мен дыбыстар көздері, жазбалар, бастапқы мағынасы және т.б..
Медиа – пайдаланылатын медиафайлдар тізімі (суреттер, видео-, аудио-роликтер және т.б.)
Кеңес: Мобильді қосымша– бұл оған фильмдер немесе аудиожазбалардың үлкен жинақтары енгізілгендегі жағдай емес. Қосымшаға үлкен графикалық және дыбыстық файлдарды кіріктіруге құштарлық ол ұзақ уақыт бойы жүктелетіндігіне ғана емес, сонымен қатар мобильді құрылғының жадынан көп орын алады.
Қосымшалардың экрандары
Қосымшаның жобасы бірнеше экраннан тұруы мүмкін. «Screen» экранымен жұмыс істеу үшін әзірлемелер терезесінде экранды қосу батырмалары бар– «Экран қосу» және экранды жою– «Экранды жою». Қосымшаны іске қосуәрдайым бастапқы экраннан басталады, оның дизайны басқа экрандарға көшу үшін компоненттер жинағынан тұруы мүмкін.
Кеңес: MIT AppInventorортасында экрандар саны 10 аспауы керек. 11 экран жасалған кезде жол берілетін экрандар санынан асып кеткендігі туралы ескерту шығады.
1.2-сурет. AppInventor блоктарының редакторы
Блоктар редакторы сіз таңдаған компоненттер пайдаланушының әртүрлі әрекеттеріне қалай реакция беретіні көрінетін сіздің құрылғыңыз бен оның компоненттерін бағдарламалау үшін пайдаланылады.
«Блоктар» режимінде Блоктардың үш тобы пайдаланылады:
Қосымшаларды жасаған кезде пайдаланылатын Блоктардың негізгі топтары:
Кіріктірілген блоктар
Блоктардың осы тобы жасалған компоненттерге белгілі бір әрекеттер/функцияларды тапсыруға мүмкіндік береді.
Басқару– барлық компоненттер үшін ортақ тармақталу, цикл, бірнеше экранмен жұмыс істеу және т.б. компоненттерден тұрады.
Логика – қосымшада логикалық функцияларды пайдалануға арналған блоктардан тұрады
Математика –математикалықблоктар жинағынан тұрады
Мәтін– мәтіндік блоктар жинағынан тұрады
Массивтер–массивтермен/ тізімдермен жұмыс істеуге арналған блоктардан тұрады
Түстер– түстермен жұмыс істейтін блоктарды анықтайды
Ауыспалылар– жаһандық және жергілікті ауыспалылар мағынасын анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін блоктар
Процедуралар– қосымшаның ішінде параметрлері бар немесе жоқ үдерістер мен функцияларды анықтауға мүмкіндікберетін блоктардан тұрады.
Сіздің қосымшаңыздың компоненттеріне арналған әрекеттер/оқиғалар блоктары (Screen 1 тобы). Нақты қосымша компоненттерінің әрекеттерін тапсырады. Қажетті компонентті бөліп ерекшелеген кезде, оған қол жетімді блоктар бейнеленеді (1.3-сур).
1.3-сурет. Сіздің қосымшаңыздың компоненттеріне арналған блоктар
Блоктардан тұратын құрылымдар Қарау жолында жиналады.
Достарыңызбен бөлісу: |