Ой, ойлауға қарағанда сана мәні кеңірек. Ол психикалық іс- әрекеттердің барша формаларын қамтыған сыртқы дүниенің біртұтас, бірігімді бейнесі. Оның құрамы әлемдік бейнелердің сезімдік форма- ларынан (түйсік, қабылдау, елес), рационалдық танымнан (дүниенің жалпылама – теориялық бейнесі), сонымен бірге психикалық өзіндік реттеулердің көңіл-күй, еріктік аймақтарынан тұрады.
Сана - болмыстың категориялық – құндылықты бейнесі және жалпы адамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекет- қылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей.
Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы бел- сенділігі мен әрекетшеңдігі нәтижесінде қалыптасқан өзара сыбайлас байланысты психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орында- лып барады. Осыдан сана біршама үдерістік (процессуальные) және мазмұндық ерекшеліктерге ие.
Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен байланыстар түзудегі белсенді қозғалғыштығымен (динамика), заттық бағдарлылығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы өзіндік бағалау (саморефлексия) қабілетімен сипатталады.
Жеке тұлғаның төңірегіндегілермен ықпалдасты ара қатынастарының берік тұрақтанған әдіс-тәсілдері түбегейлі бекіп, оның астар санасы мен жоғары санасын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |