Астар деңгейлі автоматизмдер – бұл орындалатын іс-әрекеттердің біртекті жағдайларда бірыңғай тұрақты қайталанып отыратын көріністері, яғни динамикалық стереотиптер. Бұл ұғым мәні – қалыпты жағдайлардағы жауап әрекеттердің үздік байланысты, «шынжырлы» тіз- бегі (көлік жүргізушінің әдетті қызметі, «отбасы, ошақ қасы» міндеттерін орындау, қолдағы құрал-саймандарды ойланып жатпастан пайдалана білу, сөйлеу мен ым-ишара әдеттері). Бұлардың бәрі тек өкілінің өз іс-әрекетін реттеуі үшін қолданатын дайын қылық-әрекеттерінің жиынтық топта- масы. Осы дағдылы әрекеттердің болуынан сана жүктемесі жеңілдеп, оның бұдан былайғы шығармашыл істермен айналысуына жол ашылады. Сана үздіксіз қайталанып отыратын біртекті әрекет, міндеттер шешуден құтылады.
Астар санаға әрқилы психикалық бірігімдер де ысырыла, өтіп жа- тады. Олар – орындалмай қалған тілек, ниеттер; шектелген ұмтылыстар; әрқилы қатерлер мен күйзелістер; амбициялар мен әсіре талғамдар (ұялшақтық, жасқаншақтық, мансап құмарлық және т.б.). Мұндай бірігімдер тұлғаның тұрақты әрекет-қылықтарының астар саналық бағыт-бағдарын аңдатады.
Астар сана – бұл бойға сіңген қалыптар мен ұстанымдар, жоғары деңгейлі адамгершілік қасиеттер мен сапалар. Ашық сана мүмкіндіктері әбден шектелген шақта астар сана әрекетке келеді (шектен тыс ашу, ыза, күтілмеген қуаныш, аса күшті психикалық жүктеме, күйзеліс жағдайларында).
Астар сананың аса жоғары аймағы – сезім көрегендігі (интуиция), аян
– бұл проблемді жағдайды бірігімді қабылдау, күтілмеген шешімдердің
«жарқылы», өткен тәжірибенің «суырып салма» қорытылуынан болатын алдағы оқиғаның дамуын ырықсыз жобалай білу, яғни көрегендік.
Адам психикасының санадан тыс аймағы – оның психикасының тұңғиығында жатқан күнделікті тұрмыста белгісіз құбылыс. Ол көбіне адамның эволюциялық даму үдерісінде қалыптасқан. Астар сана аймағына келесі құбылыстар енген: түс көру, көрегендік, көңіл шарпуы, гипноз, сенім, қорқыныш, қияли үрей, өзінше пайда болған қауіптер, негізсіз қуаныш. Тек өкілінің әрқилы жағдайларда қандай да әдіспен, ойланбастан жоспарсыз әрекет істеуге дайын болуы да психиканың са- надан тыс көріністері.
Астар сана аймағы өте тұрақты, бұлжымас. Бұл деңгейдегі адам әрекет-қылығын тек қана психотерапия және гипноз әдістерімен біршама басқаруға болады.
Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада өз жалғасын табуы мүмкін. Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады.
Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға түспейді. З.Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады.
Дау-дамайлы қалыптан құтылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске мәжбүр болады.
Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд тұжырымдарынан өзгеше. Ол ашық сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай, керісінше ашық сананы ұжымдық бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архетип – адамзат тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп түсіндіреді.
Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу себепті жинақталған астар саналық ұмтылыстары негізінде өз бойындағы мүмкіндіктерін де- рбес іске асыруға талпынады. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге
«сыбырлап» тұратын ой не сана емес, ол «көзсіз» сезім, астар сана. Біздің барша бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |