Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Қабылдау (перцептивті) үдерісі



бет28/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар
Қабылдау (перцептивті) үдерісі заттар мен құбылыстардың мәнді айырмашылық белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас күйінде бейнелеу әрекеті. Бұл үдерістердің нәтижесін психологияда қабылдау деп атау қалыптасқан. Перцептивті үдерістер өздерінің түр ерекшеліктерімен (көру, есіту және сезіну) бір қатар ортақ, жалпы заңдылықтарға тәуелді. Олар - қабылдаудың заттық тегі; таңдамалы бағыты; біртұтастығы; құрылымдығы; апперцепциялылығы, яғни өткен тәжірибеге байланыстылығы; константтығы, яғни заттық шынайы сана бейнесінің затты қабылдау шарттарына тәуелсіздігі.

  • Ақыл-ес (интеллектуал) үдерістері- бұл заттар мен құбылыстардың мәнді өзара байланыстары және ерекшеліктерін бейне- леу әрекеттері; интеллектуал үдерістер (ойлау) болмысты салыстыру, бейнақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру, сырттай заттастыра тану (экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен

    бейнелеу қызметін атқарады; проблемді мәселелерді шешу барысындағы танымдық іс-әрекеттер мен ойлау әрекеттері және амалдар келесідей кезеңдерді өтуімен ажырылады: салыстыру, қорытындылау, дерек- сіздендіру, нақтылау, топтастыру және жүйелестіру; формальды нәтижелерге жету ерекшеліктеріне тәуелді

    ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік-болып ажырылады. Сонымен бірге ойлау: практикалық және теориялық, эмпирикалық және ғылыми, көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және бейнақты, стандартты және шығармашыл - түрлеріне де бөлінеді; ашық сана мен астар сананың өзара ықпалдасты қатынасынан сезімдік (көрегендік, аян) ойлау қабілеті қалыптасады.

    Тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы – интеллект деп аталады. Ол тұлғаның ақыл әрекеттері түрінде көрініп, проблемді мәселелерді шешудің стратегиясын, ой қызметінің өнімді нәтижесін қамтамасыз етеді.

      1. Қиял – іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туында- уы; қиял бейнелері ақпараттық олқылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді.

      2. Ес (мнемикалық) үдерістері - өткенде қабылданған материалды санаға түсіру, оның сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге жұретін психикалық әрекеттер; естің келесідей жіктелуін аңғару қажет: ес түрлері (бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), ес жүйелері (сезімдік, қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және ес типтері (естің бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен, есте сақталу жылдамдығымен, көлемі мен жетекшілік рөліне байланысты жекеленген – типологиялық ес формалары - ырықты және ырықсыз ес

    ажыралады.

    Реттеуші психикалық үдерістер қатарына еріктік және көңіл-күй үдерістері еніп, саналы әрекет-қылық пен кенеттен болатын бейберекет (спонтанно-импульсивные) мінез-құлық қимыл-әрекеттерін қамтамасыз етеді.



      1. Ерік – жоспарланған нәтиженің мәнін түсінуден адам белсенділігінің өзінен өзі іске қосылуына себепші психикалық үдеріс. Ол белсенділік қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен көрініс беріп, орындалып жатады. Қарапайым әрекет – бұл мақсатәрекетнәтиже бағасы

    араларындағы байланыстан белгілі болады, ал күрделі ерік әрекетінің құрылымы өзгеше: қажеттік ықтимал мақсатсеп-түрткілер күресі

    шешім қабылдау орындау әрекеттері жүйесі – оларды бағалау және түзетуқорытынды әрекеттер – ақырғы нәтижелердің жинақты бағасы.



    Ерік мәні қажетті нәтижеге жету жолындағы табандылықтан

    көрінеді.



      1. Көңіл шарпулары (эмоции) –сыртқы ықпалдардың қажеттілік мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын сезу арқылы бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу беруші психикалық үдерістер.





        1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет