Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет31/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Елес: жалпы сипаттама

Қабылдауда болатын сезімдік бейнелердің жасалуынан санада өз алдына ерекшеленген жаңа психикалық құрылым – елестер пайда бо- лады.



Елес бұл адамның өткен тәжірибесіне негізделіп, болмыс затының санадағы қайта жалпылай жасалған психикалық бейнесі.

Елесте заттың барша бітістері мен белгілері теңдей жарқын, дәлдікпен нақтылай берілмейді. Егер де кейбір елестер біздің іс-әрекетімізбен бай- ланысты келсе, онда алғы шепке нысанның біздің әрекетімізге тікелей қажет, маңызды тараптары шығарылады, қалған тұстары бұлдыр күйінде қалады.

Елестер қабылдану түрлеріне орай бөлінеді (көру, есіту және т.б.). Елестердің негізгі ерекшеліктері:

-елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне күңгірттеу;

-елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды;



-елесте әрдайым жалпыланған бейне сақталады (тау елесі, мысалы, ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша тауларға тән белгі биік шоғыр).

- бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-даралықты келеді. Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің өзіндік ерекшелігінен болады;

-елес көрнекі бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған танымдық, білім қызметін атқаруы мүмкін;

-түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;

-елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы есте сақталғанды елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан-жақты талдауға салып, нақтылай бастаймыз.

Елес қабылдау үдерісінің қарабайыр, сол күйінде қайталануы емес, ол ауыспалы қозғалысты құрылым, әр мезеттегі нақты жағдайға байланыс- ты жаңаланып, тұлғаның күрделі өмірін бейнелеп барушы психикалық құбылыс.

Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі – бұл адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есіту түйсігінен айрылған әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі шығармашылығының сүйеніші еткен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет