Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет33/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар
У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: ) сезімдік (сенсор- лы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді)

ерік қосумен болатын.



Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және ол үшін ерік күшін қажет етпейді.

Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт аралығында орындалып жатады.

Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс- әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.

В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау деген зейіннің және бір түрін атап көрсетеді.



Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б. болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет