Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Сыртқа бағытталған зейін –



бет34/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады.

Ішке бағдарланған зейін психиканың өз қорындағы ниетті нысан- дарды бөліп алу қызметін атқарады.

Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін арттырады.



Зейін жеке-даралықты және ұжымдық болып та ажыралады. Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін.

Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен ауысуы.

Зейін тұрақтылығы оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін, бірақ іс өніміне әсер етпейтін қысқа мерзімді зейін тербелістерінің болуы да заңды.

Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипат- талады.

Зейіннің бөлінуі бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.

Зейін көлемі бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара байланыспаған заттар саны.

Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің нәтижесіне орай толық ауысуы не аяқталмаған ауысуға түсуі мүмкін.

Зейіннің жеке даралықты ерекшеліктері бірнеше жағдаяттарға байланысты. Олар: жоғары жүйке қызметінің типі, тек өкілінің психикалық даму жағдайы, оның күнделікті психикалық қалпы, үйреншікті қызметінің шарттары.

      1. Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері



Ес адамның болмыспен өткендегі өзара ықпалдасты қарым- қатынасының психикалық бейнесі, оның тіршілігіне қажет ақпараттық қор.

Ақпаратты сақтау қабілеті және оны іріктеп, таңдаумен қажетті іс- әрекетке қосып баруы, әрекет-қылықты реттеу үшін пайдалануы – тек өкілің қоршаған ортамен байланысын қамсыздандырушы мидың негізгі қасиеті. Ес арқылы өмір тәжірибесі бірігеді, адамзат мұдениеті мен жеке бас тіршілігі үздіксіз дамиды. Ес негізінде адам бүгінгісін бағдарлап, келешегін болжастырады.



Есті интелекттік және тұлғалық жүйешелер ретінде белгілі құрылымға ие қызмет, үдеріс, психикалық болмыс деп сипаттауға бо- лады.

Ежелден қалыптасқан ғылыми көзқарастар бойынша ес, бір тараптан

  • психикалық қызмет (функция), ал, екіншіден – үдеріс (процесс) ретінде қарастырылып жүр.

Естің психикалық қызметі, яғни қандай да мнемикалық (лат. mnema

  • ес) нәтиже беруге қатысуы, оның психикалық болмысы (реальность). Бұл жағдайда назарға ес тиімділігінің нәтижелілік тарапы алынады.

Ес тиімділігі – бұл мнемикалық іс-әрекеттің өнімділігі, сапасы және сенімділігі

Мнемикалық іс-әрекеттің өнімділігі бұл есте қалдырылған және қайта жаңғыртылған материалдың саны (ес көлемі), есте қалдыру мен қайта жаңғырту шапшаңдығы.

Мнемикалық іс әрекеттің сапасы есте қалдырылған мен жаңғыртылғанның дәлдігі.

Мнемикалық іс әрекеттің сенімділігі – (валидность): ес беріктігі, жылдам әрі дәл есте қалдыру және жаңғырту ықтималдығы.

Ес нәтижесі оның үдерістік табиғатының (процессуальная сторона) салдары.

Еспсихикалықүдеріс ретінде мнемикалық әрекеттерімен, мнемикалық амалдарымен, есте қалдыру және қайта жаңғырту және т.б. кезеңдерімен

сипатталады. Ес үдерісінің жалпы мнемикалық мазмұнын суреттеп, баяндау үшін бес үдеріс түрін ескеру қажет. Олар: есте қалдыру, есте сақтау, ұмыту, тану және қайта жаңғырту.



Есте қалдыру – бұл санаға жаңадан түсіп жатқан ақпаратты ұйымдастыру (рәміздей, бекіту, «меншіктеу»). Есте қалдыру шартты түрде екіге бөлінеді: ақпараттың өзін тікелей жадта рәміздеп (коди- ровать) бекіту және ақпараттан алған әсерді ғана есте қалдыру (запе- чатление).

Есте сақтау – есте қалдырылған ақпаратты белсенді не енжар (ырықты не ырықсыз) қайта өңдеп, меншікті ақпаратқа айналдыру (трансформация).

Ұмыту сақтауға кері үдеріс, есте қалдырылған материалды қайта жаңғырту не тану мүмкіндіктерінің кемеюі.

Қайта жаңғырту – бұрын есте қалдырылған материалды тіктеу (реконструкция). Қайта жаңғырту үдерісі «тіл ұшына келтіру» (припо- минание) және еске түсіру әрекеттерін де қамтиды.

Тану – нысандар мен құбылыстарды олармен тікелей қатынасқа түскен сәтте бұрыннан белгілі қалпында қабылдау.

Есті есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту мақсатындағы ақпаратты ұйымдастыру үдерістерінің жүйесі және сол ақпаратты өңдеу қызметін атқаратын тұлғаның танымдық қабілеттері мен ол меңгерген білімдердің жүйелі арақатынасқа келуін қамтамасыз ететін интеллекттік жүйеше деп те қарастыруға болады.



Ел не өндірісті басқарған адам іс-әрекетінде белгілі мөлшерде естің барша негізгі түрлері көрінеді. Егер есті уақыт- мерзімге орай топтастыра- тын болсақ, ендеше оның келесідей түрлерін ажырата білу қажет: қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік (оперативті) және ұзақ мерзімді.

Қысқа мерзімді ес қабылдау аймағына түскен нысандар мен жағдайлар тобын бір көргеннен тікелей байқау және бекіту қызметін атқарады. Мұндай мерзімді естің қызмет бабы 30 секундтық, қабылдау көлемі - 5-7 нысан.

Нақтыіс-әрекеттікес қажетті әрі мезеттік іс-әрекет нәтижесіне жету үшін ғана жасалған ақпаратты іріктеп сақтау және іске асыру жұмысына бағытталады. Бұл ес үдерісінің жалғастығы орындалатын іс-әрекетке жұмсалған уақыт мөлшерімен сипатталады.

Ұзақ мерзімді ес аса жоғары маңыздылыққа ие болған ақпаратты түбегейлі не ауқымды уақыт жадта сақтау қызметімен байланысты.

Сенсорлы (сезімдік) ес – сезімдік ықпалдарды тікелей байқау, яғни нысанның сезімдік әсерін көрнекі бейне түрінде анық әрі толықтай қабылдап, өте қысқа уақыт аралығында сақтап тұру (0,25сек.).

Іс-әрекет субъекті ақпаратты түрлі сезім ағзаларының: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипай сезу – арқасында қабылдайды.

Осыған орай көру есі, есту есі, иіс сезу есі, сипай сезу есі және дәм сезу есі ажыралады.

Бұлардың басқа ақпаратты жадта қалдыру сипатына байланысты вербалды (сөздік ес), бейнелі, моторлы (қозғалыс есі), эмоционалды (көңіл, сезім, толғаныс есі), сондай-ақ заттардың кеңістікте, уақыт аралығында жайғасу, сандық, аты-жөні, адамдарды жадта қалдыру ес түрлері бөліне қарастырылады.

Жадта қалдыру үдерісінің даму дәрежесін ескерумен есті тікелей

нақты және жанама деп ажыратудың да үлкен маңызы бар.

Тікелей нақты естің ерекшелігі – есте қалдырылған материалдың өңдеуі кем, қалай қабылданса, сол күйінде бейнеленіп, психикалық бекімге түседі. Мұндай жағдайларда субъект материалды көп мәрте қайталаумен, ешқандай құрал, әдіс қолданбастан, өңдеусіз жаттап алады.

Жанама ес материалды есте қалдырудың әдіс, жолдарын іздестіріп, мағынасын түсініп, талдау, салыстырумен орындалатын ес түрі.

Есте қалдыру әдісі бойынша ес механикалық және ассоциативті

(мағыналы) ес-түрлеріне ажыралады.

Адам жадының негізгі қызметі ақпарат іздерін мағыналы (ассоциа- тивті) байланыстар бойынша есте қалдыру және қайта жаңғырту. Ассо- циативті естің үш түрі танылған: сыбайлас байланысты ес: ақпараттар қандай да мәнді өңдеуге келтірілмейді, олар арасындағы байланыс түрі өте қарапайым; қарама-қарсы байланысты ес: логикалық (қисынды) қарсы қойып салыстыруға негізделген байланыс түрі; ұқсастыққа бай- ланысты ес: қандай да бір жағдайды ойға ала отырып, адам онымен байланысқан және бір оқиға, зат, тұлғаны есіне түсіреді.

Іс-әрекет мақсатына орай келесідей ес түрлерін айыра белгілеуге болады:


  1. ырықсыз ес – ақпараттың өздігінен, қандай да арнайы жатта- уды қажет етпестен іс-әрекет барысында есте қалу түрі. Мұндай ес балалық шақта аса күшті дамиды да жас ұлғайған сайын бәсеңдейді;

  2. ырықты ес ақпараттың жадта қалуы мақсатқа байланысты, арнайы тәсілдерді қолданумен орындалады.

Ырықты естің тиімділігі есте қалдыру мақсатына (қаншалықты берік, ұзақ уақыт жадта сақтау қажетіне орай); жаттау тәсілдеріне тәуелді.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет