Ойлау әрекеттері белсенділігін көтеру үшін ой үдерістерінің әрқилы ұйымдасқан формаларын пайдалануға болады. Солардың бірі «ақыл шабуылы» (брейнсторминг). АҚШ ғалымы А.Обсорн ұсынған бұл әдіс
топпен жұмыс істеуде идеялар не шешімдер туындатудың аса бір өнімді жолы ретінде кеңінен қолданым табуда.
«Ақыл шабуылын»ұйымдастырудың негізгі ережелері келесідей:
-топ әрқилы мамандық бағытындағы түрліше ойлау еркіндігі бар 7- 0 адамнан құралады. Олардың -3 ғана қарастырылатын мәселе бойынша хабардар болса, жеткілікті.
-«сынға тұсау салуға», яғни өзгелер пікірін кесуге, ол бойынша сын айтуға шек қойылады. Ой бөліскенді мақтау-негізгі шарт, бөгде идеясын дамыта жалғастырған немесе өз ұсынысын ортақтасқан марапаттала- ды.
-қатысушылар ешқандай қысым көрмей, өзін еркін сезінуі үшін жара- сымды қатынастар мен жайлы да шуақты жағдайлар жасалуы міндетті. Отырғыштар шеңбер бойлап орналастырылуы тиіс.
-айтылатын ойлардың бәрі магнитті таспаға жазылады не стенографиялық әдіспен хатталады. Авторы көрсетілмейді.
-брейнсторминг нәтижесінде алынған пікір, идеялар қаралған про- блемалармен айналысатын мамандар – эксперт тобына құнды идеялар- ды іріктеу үшін өткізіледі. Зерттеулер дәлелдегендей, бағалы идеялар мұндайда 0% көлемінде болуы ықтимал. Қатысушылар эксперт топқа енгізілмейді.
Әрқилы мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтаушы топ жүргізетін
«ақыл шабуылы» негізінде «синектикалық тай-талас» (sinтonik
басқалар толғанысын бөлісу) әдісі пайда болды. Бұл әдісті ұсынған ғалым У. Тормен міндетті болған төрт арнайы сәйкестікке негізделген тәсілді орындау талабын қояды: тура (берілгенге ұқсас мәселелер қалай шешілетінін ойланып көріңіз); өз басы не басқа толғанысынан болған
Достарыңызбен бөлісу: |