эмпатиялық (мәселе нысанындағы бейнеге еніп, сол тұрғыдан көзқарас білдіріңіз); рәміздік – символикалық (екі ауыз сөзбен мәселе мәнінің өрнекті анықтамасын беріңіз); қияли – фантастикалық (ойланып көріңізші, бұл мәселені ертегі сиқыршысы қалай шешкен болар еді).
Ізденіс белсенділігін көтерудің және бір жолы – фокальды нысан әдісі (фокаль-фокус- зейін шоғырланған нүкте). Бұл әдістің мәні – кездейсоқ таңдап алынған бірнеше нысан белгілері қарастырылып жатқан нысанға беріледі, нәтижеде тосын, көзге оғаш бірікпе пайда болады. Мұндайда адам бұрынғы әдеттенген ойлау қалпынан босанып, өз тоғышарлығын жеңумен жұрт құсап емес, бұрын соңғы болмаған ойлау жүйесіне өтуге дағдыланады. Мысалы, егер кездейсоқ нысан ретінде «жолбарыс» алып,
ал назарда (фокальда) «қалам» болса, санаға «жолақ қалам», «азулы қалам» сияқты ой кіреді. Осы тіркестерді таразылай және дамыта отырып, соны, түбегейлі жаңа шешімдерге келу мүмкін (Архимед «эврикасы»: адам және ол шомылған ваннадан төгілген су байланысынан таразылап болмайтын ірі заттарды өлшеу тәсілі ашылды).
Морфологиялық талдау әдісі – алғашқыда нысанның өзекті, яғни басты сипаттамалары бөліп алынады, ал кейін олардың әрқайсысына байланысты балама – элементтер тізімі жасалады.
Ойлау әрекетін жеделдестіруге бақылау сұрақтары, әдістері де үлкен жәрдемін тигізеді. Бұл әдісте ой бөлісу сұхбатына қатысып отырғандарға бағыттау сұрақтары қойылады, мысалы: «Ал керісінше істесе не болады? Нысан формасын өзгертсе, қалай болар еді? Ал нысанды ұлғайтсақ не кішірейтсек не болмақ? » және т.б.
Жоғарыда аталған шығармашылық ой мүмкіндіктерінің белсенділігін көтеру әдістері қиялды бейне байланыстарын мақсатты бағытта дамы- туды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |