Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет46/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

    Бұл бет үшін навигация:
  • Арман
Фантазия жадтан тоқылған, болмыстан алшақ бейнелер құрылымы (әпсана, миф, ертегі, әлемнің Жерден тыс бөліктерінің қияли суреттемелері). Фантазия бейнелері бұрыннан бар тәжірибе элементтерінің жаңа бірігімін жасауға, түсініксіз құбылыстардың бейнелі түсіндірмесін табуға, ақпарат олқылығын толтыруға пайдаланылады.

Арман – ойдағы ниетті болашақ бейнесі. Қиял әрекеттік көрінісі тұрғысынан енжар (пассив – асқақ арман (грезы), негізсіз арман) және белсенді (актив) болып екіге бөлінеді. Белсенді қиял өз кезегінде қайта жасаушы (зат бейнесі берілген) және шығармашыл (жоспарлы ойға сәйкес іріктелген материал бойынша жаңа бейне жасау) түрлерге ажыралады.

Қиялдың жетекші сипаттары: жарқындығы, анықтығы, шынайылылығы, бақылауға келетіндігі, бейне белсенділігінің дәрежесі.

    1. Әрекет-қылықтық эмоциялық реттелуі



Эмоция (көңіл шарпуы, сезім) – әрекет-қылықты бейберекет (импуль- сив) реттеуші психикалық құбылыс. Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар адам іс-әрекеті мен мінез- қылығында маңызды роль атқарып, төмендегі қызметтерді орындайды:

-эмоцияның қарайлас бағалау (отражательно-оценочная) қызметі. Әрқилы адамдар бір затқа өздерінің сезімдік тұрғысына қарай түрліше көңіл аударып, қабылдайды.

Біреудің «жақсы» дегенін, екіншілер «жаман» деп таниды. Бір адамның құндылық деп жинағанын және біреу қоқыс деп айналып өтеді.

-эмоцияның басқарушылық қызметі. Эмоция адам қылық-әрекетін басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.

-эмоцияның қорғаныстық қызметі. Адамды шынайы не жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы бо- лар. «қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан

Момышұлы бекерге айтпаған.

-эмоцияның ынталандырушы қызметі – адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.



-эмоцияның толықтырушы қызметі. Қандай да проблема бойынша шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша толықтырулар беруде жәрдемге келеді.

-эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)

Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін, яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты. Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап, қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.

Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану. Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.

Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың арқауы, өзегі. Түйсікте болмыстың материалдығы бейнеленсе, эмоцияда

- оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс кейпіне енеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет