Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Қиял: жалпы сипаттама және түрлері



бет44/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Қиял: жалпы сипаттама және түрлері



Қиял қабылдау үдерісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорыту, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгіні жаңалай өзгертіп барады.

Қиял ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі – ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады. Қиял арқылы адам келешекті болжайды, өз әрекет-қылығын реттейді,

болмысты шығармашылықпен қайта жасайды.



Ой үдерісінің әр қадамы өз ішіне қиял элементтерін қамтиды, соны- мен бірге қабылдаудың біртұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қиял бағыттауымен тұлға болашақтық шексіз кеңістігінде ой сайранына шығады, өткен тарих тұңқиығы суреттемелерін қайта құрастырып, бүгінгі ұрпақ назарына ұсынады.

Қиялдың негізгі қызметтері:


-Мақсат пайымдау іс-әрекеттің болашақ нәтижесі қиялда жасалып, ол тек субъект санасында ғана орын тебеді әрі сол субъект белсенділігін ниеттелгенді қолға түсіру бағытында жетелейді.

-Көрегендік (антиципация) - өткен тәжірибе элементтерін қорыту және сол элементтер арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды анықтау арқылы болашақты (ұнамды не кері салдарын, ықпалдасты әрекеттер мен жағдай мазмұнын) жобалау.

-Құрастыру және жоспарлау – қабылдау және өткен тәжірибе эле- менттерін саналық талдау-біріктіру әрекеттерінің нәтижелерімен салыс- тырып (сәйкестендіру) негізінде ниеттелген болашақ бейнесін жасау.

-Болмыс олқылығын толтыру – кейде адам өзінің шынайы әрекет жасау мүмкіндігінен айрылады не қоршаған орта ықпалымен болмыстан ажыралады. Мұндай жағдайда адам өз қиялының күшімен қолы, қадамы жетпеген аймаққа өтіп, қияли әрекетке кірісіп, шынайы болмыста істей алмаған іс-әрекет орнын қиялдық әрекетпен толтырады.

-Бөгде адамның ішкі жан дүниесіне ену суреттеме не баян түзу не- гізінде қиял басқа адам толғанысын жасауға қабілетті, сол арқылы оның ішкі көңіл-күй әлемін тануға мүмкіндік береді. Қиялдың бұл қызметі адамдар арасында түсіністік пен тұлғааралық қатынастар жасаудың құралына айналады.

Сонымен, қиял адам іс-әрекеті мен оның тіршілігінің, әлеуметтік қарым-қатынасы мен танымының ажыралмас бөлігі есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет