Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет52/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Жабығу (депрессиялық) қалыптары сырқатты енжарлықпен бірге көрінетін болымсыз эмоциялы- психикалық жағдай.

Аралық (пограничные) қалыптар қоғамдық норма (талап, тәртіп) және патология (организмдегі физиологиялық ауытқу) арасындағы сы- байлас психологиялық құбылыстар: невроздар, психикалық ауытқулар, психикалық даму тоқырауы (ақыл-ес кемістігі).

Психикалық норма сипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшелік- теріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп- салдарлылығы; тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай тәртіптілікте көрінуі; мақсат, сеп-түрткі және әдістердің үйлесімділігі; басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік талаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.

Психикалық бұзылысқа түскен тұлғалар әрекеттеріне тән сипаттар: жанжалды, берекетсіздік, аяқасты қызбалық, екінші сигналды жүйедегі кемшіліктер, түсіне қабылдау тетіктерінің дұрыс іске қосылмауы.



Психикалық ауытқулар уақытша (шыдамсыздық, күйбеңділік, невроз- дар) және тұрақты (психопатия, ақыл-ес кемістігі) болып ажыралады. Адамның психикалық қалпын келесідей негіздерде топтастыруға бола- ды: ) психикалық қалып туындау жағдайларына байланысты – тұлғалық және ситуативті; ) психикалық іс-әрекеттегі басымдылық танытқан жетекші бірліктерге тәуелді – интеллектуалды, еріктік, эмоционалды және т.б. 3) адам бойындағы психикалық қалыптың көріну дәрежесіне сәйкес – терең не үстірт; ) өту мерзіміне қарай – қысқа мерзімді, созылған, ұзақ мерзімді және т.б. 5) тұлғаға ықпал жасау сипатына орай - ұнамды, болымсыз, күш-қуат арттырушы стеникалық және кері - астеникалық; 6) саналылық деңгейіне орай - ойластырылған не тосатты, жоспарланбаған қалыптар; 7) қалыпты туындатқан себеп- терге орай; 8) қалыптың оны пайда еткен объектив жағдайларға сәйкес

болуына байланысты.



Көпшілік адамдарға тән типтік ұнамды не болымсыз қалыптарды бөле қарастыруға болады: а) күнделікті, тұрмыстық (махаббат, бақыт, қайғы және т.б.); б) кәсіби (іс-әрекетке, күтілмеген жағдайларға орайласқан). Бұлар қатарына кәсіби жарамдылық, кәсіп мәнін тану, қызмет табы- сынан қуаныш, ерік белсенділігі қалыптарын жатқызуға болады.

Еңбек әрекеттерінің тиімділігі үшін өте маңызды психикалық қалып



    • бұл кәсіби қызығушылық. Бұл қалыпқа тән сипаттар: кәсіби іс-әрекеттің маңыздылығын саналы сезіну; кәсіби қызмет бабында көбірек білуге және сол салада белсенді қызмет жасауға ұмтылу; кәсіп саласына болған жоғары зейінділік және сол кәсіптің тұлға санасын толығымен билеп алуы.

Кәсіби іс-әрекеттің көптүрлілігі мен шығармашылық сипаты адамда шығармашыл шабыт мүмкіндігін ашады. Мұндай шабыт ғалымдарға, жазушыларға, суреткерлерге, актерларға, музыканттарға тән келеді. Шабыт сипаттары: шығармашылық көтеріңкілік; қабылдау әсерлілігі;

бұрыннан көрген, білгендерді қайта жаңғырту қабілетінің жоғары дәрежеде болуы; қиял қанаттылығы мен қуаттылығы; тосын әсерлер бірігімдерін жасаудағы шеберлік және т.б. кәсіби іс-әрекет тиімділігін арттыруға қажет және бір қалып – бұл таңдаған әрекетке және оның элементтеріне психикалық тұрғыдан дайын болу.



Адамның тіршілік (іс-әрекет, қызмет, қарым-қатынас) үдерісінде ұнамды (стеникалық) қалыптармен бір қатар болымсыз (астеникалық) психикалық қалыптар пайда болуы мүмкін. Мысалы, батылсыздық психикалық қалып ретінде адамның өзіне сенімсіздігінен не дербестігінің болмауынан ғана емес, ол кезіккен шектен тыс жағдайлардың жаңалығынан, тосындылығынан, түсініксіздігінен әрі шиеленіскендігінен де болуы мүмкін. Мұндай шарттар тұлғаны психикалық күйзеліс немесе психикалық күштену қалпына түсіреді.

Бұл орайда түбегейлі нақты іс-әрекеттік (операционная) күштенуге ұшырау орындалып жатқан іс-әрекеттің күрделілігінен пайда болады: сезімдік ажырату қиындығы; аса жоғары қырағылықтың қажеттігі; көру-қозғалу әрекеттерін байланыстыру қиындығы; ойлау жүктемесінің ауырлығы және т.б. сонымен бірге тосын эмоциялық жағдайлардан туын- дайтын көңіл-күй шиеленісі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет