Ашық сана қалпы. Ұйқы және түс көру
Дәстүрлі психология адамға тән екі ашық сана қалпын ажыратады: ) тынығу мезеті ретінде танылған ұйқы және ) сергектік немесе сананың белсенділік қалпы. Сергектік жағдайында тұлғаның барша ағзасы ұтымды қызметке дайын сырттай дүние сигналдарын қабылдауға және талдауға, олардың қай бірін жадқа алуға немесе бұрынғы тәжірибе мен дағдыларға орай оларға сәйкес не кері әрекет-қылықпен жауап қайтаруға қабілеті. Сонымен, сергектік – адамның қоршаған орта ықпалдарына бейімділік қалпын білдіретін психикалық құбылыс.
Адам ағзасы орташа 6 сағат сергектік және 8 сағат ұйқының алма- са ауысуымен қызмет жасап барады. Ұзақ уақыт психология ғылымы ұйқыны сергектік жағдайында жұмсалған күш-қуатты қайта тіктеуге мүмкіндік беретін ағзаның толық тынығуы деген түсінікпен келген. Ұйқы жетімсіздігі әрекет –қылыққа әсер етеді: ой және еңбек әрекеті шабан- дайды не жойылады; кей адамдарды тіпті жол-жөнекей ұйқы қысады;
-3 күн ұйқысыздықтан адам галлюцинацияға тап болып, сандырақтай бастайды. Қазірде белгілі болғаны - ұйқы ағзаны қайта қалпына келтіруші
ғана құбылыс емес, ол әрқилы психикалық сатыларды қамтып, түрлі қызметтерді орындайды. Ми белсенділігіне байланысты «жай ұйқы» және «шапшаң, әдеттен тыс, ұйқы» - ажыралады.
Хартман болжамынша, ұйқы мезетіндегі адамның сыртқы ортадан ажыралуы күні бойы жинақталған ақпаратты өңдеу үшін қажет.
Ұйқы кезіндегі көретін түстеріміз біздің сеп-түрткілеріміз бен ни- еттерімізді бейнелейді. Түс көру адамның орындалмаған тілектерінің символдық іске асуын қамтамасыз етеді, бітпей қалған істен не қатерлі ойлардан болған қозу ошақтарына басу береді.
Фрейд пікірінше, түс көру күні бойы жинақталған эмоционалдық күйзеліс, күштенуді азайтып, психологиялық жайлылық (комфорт) бе- реді, осыдан адам қанағаттану сезімін алып, бойын жеңілдетеді. Фаулкс зерттеулері көрсеткендей, түс көру, ұйқы кезіндегі мидың жедел қызметі адамға ұйқы мезетінде оның проблемаларын шешуге жәрдем беру немесе адамды күйзелткен ниеттер мен толғаныстарды басу қасиетіне ие.
Достарыңызбен бөлісу: |