Адам даралығының негізгі көрсеткіштері – сеп-түрткілері (моти- втері), темпераменті, қабілеттері, мінезі.
Сеп-түрткілер (мотивы) – іс-әрекетке ынталандырушы не мәжбүрлеуші, белгілі қажеттердің қанағаттандырылуымен байла- нысты, «не үшін іс-әрекет орындалып жатыр?» деген сұраққа жауап беретін ниет, талаптар (побуждения). Тіршілік жағдайына, қажеттеріне орай әрбір адам өзіне тән салыстырмалы тұрақты және қайталанбас сеп- түрткілер жүйесін (мотивация) пайдаланады.
Темперамент – психикалық іс-әрекеттердің жүйке-динамикалық ерекшеліктері тұрғысынан тек өкіліне берілетін сипаттама.
Қабілеттер – қандай да бір не бірнеше іс-әрекеттерді табысты орындауға кепіл болар психикалық қасиеттер.
Мінез – тұлғаның құндылықты – бағыттаушы және әрекет- қылықты сапаларының жиынтығы, адам әрекет-қылығының типі.
Тұлға түсінігіне байланысты біз ең алдымен адамның әлеуметтік мәнді сапалары жүйесіне назар аударамыз. Қоғаммен байланыста ғана адам қалыптасады және оның әлеуметтік мәні көрінеді.
Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарт- тар жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай, шарттар өткендегі әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік
биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың ажыралмас бірлігінен құралады. Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижеде бір ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі әсер жасауы мүмкін. Сонымен, тұлға қоғамдық қатынастар нысаны және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъекті.
Достарыңызбен бөлісу: |