Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Түйсіктің эмоциялық кейпі –



бет47/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Түйсіктің эмоциялық кейпі – бұл біздің түйсік сапасына болған қатынасымыз, нысанның қажеттілік қасиеттерінің психикалық бейне-

ленуі. Мысалы, біз гүлдің хош иісін, табиғаттың әсем көрінісін ұнатамыз, жағымсыз иістен, шектен тыс шудан тыжырынамыз.

Эмоционалды үндестік – заттасқан ортадағы күнделікті болып жататын өзгерістерге орай нақты эмоционалды жауап әрекет. Эмо- ционалды үндестік адамның көңіл шарпуы күшіне, оның көңіл кейпіне байланысты анықталады.

Көңіл-күй (настроение) – бұл жағдаймен шарттасқан тұрақты, психикалық әрекетті қоздырушы не тежеуші эмоциялық қалып. Эмоция не сезімнің әсерімен болатын психикалық белсенділіктің аса жоғары деңгейі – шабыт (воодушевление) ал ең төменгі деңгейі – селқостық (апатия) аталады.

Теріскей ықпалдардан туындайтын психикалық әрекеттің шамалы қателігінен адам жабырқау (расстроенность) қалпына түседі.



Әрқилы эмоциялық ықпалдар жағдайындағы адамның көңіл-күй тұрақтылығы оның әрекет-қылығының бір қалыптылығы мен мінез- құлықтық ұстамдылығынан көрінеді.

Сезімдер бұл әлеуметтік мәнді құбылыстар бейнесінің эмоциялық формасы. Олар қандай да бір жағдайлардың нақты тұлғаның тіршілік қалпына сәйкестігінен не үйлеспейтіндігінен пайда болады. Сезім әрқашан тұлғаның өзімен, әлеуметтік мәнді құндылықтармен орайлас келеді. Әр адамның өзіне тән, оның тұлғалық бағытын айқындаушы жетекші сезімі болады. Сол сезім адамның болмыспен орнатқан өзара ықпалдасты байланыстарын реттеп отырады.

Сезімдер тәжірибелік, іззеттілік, эстетикалық және танымдық


болып бөлінеді.

Тәжірибелік сезімдер іс-әрекет үдерісінде пайда болатын психикалық қалып.

Іззеттілік (нравственные) сезімдер - өзінің және өзгелердің әрекет- қылығына деген эмоциялық, көңіл-күй қатынасы.

Эстетикалық сезімдер қоршаған материалдың және әлеуметтік дүниедегі әсемдікке болған сезімталдық, әрқандай сұлулық пен әсемдікті құндылық ретінде тану.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет