Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет30/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Мекендігі (локальность)- түйсіктік кеңістікке байланысты сипаты.

Созылыңқылығы –түйсіктің уақыт, мерзімге орайласқан сипаты.

Жеделдігі (интенсивность) түйсіктің сандық сипаты.

Түйсік түрлерінің баршасы жалпы психо-физиологиялық заңдылықтарға негізделеді. Олар – сезімталдық табалдырықтары, бейімделу, сезімталдық (сенсибилизация), шұғыл айырма (контраст), түйсік қосарлылығы (синестезия).

Түйсіну мүмкіндігінің ең төмен табалдырығы - өте нәзік байқалатын түйсік тудыру үшін қажет тітіркендіргіш күштің ең аз мөлшері, деңгейі.

Түйсіну мүмкіндігінің ең жоғары табалдырығы жоғарылаған сайын ағзаға салмақ түсіретін не түйсіну қабілетін жоятын тітір- кендіргіш күштердің ең жоғары мөлшері, деңгейі.

Ықтимал сезімталдық ықпал жеделдігінің өзгерістеріне болған сезімталдық. Ол табалдырық айырмаларымен өлшенеді.

Айыру табалдырықтары түйсік жеделдігін өзгертуге қажет екі біртекті тітіркендіргіштің күшіндегі болар-болмас өзгешелік.

Бейімделу әрекеттегі тітіркендіргіштің күші мен созылыңқылығына икемдесу нәтижесінде талдағыштар сезімталдығының өзгеріске түсуі.

Сезімталдық (сенсибилизация) ішкі (психикалық) жағдаяттардың ықпалымен талдағыштар сезімталдығының көтерілуі.

Толықтырушы сезімталдық қандай да бір сезім түрінің жетіспеуі- нен басқа сезім ағзалары сезімталдығының күшеюі (мысалы, зағиптердің есіту, иіс сезу қабілеттерінің артуы).

Қосарлы түйсіну (синестезия) – белгілі заттың нақты өзіне тән сезімдік түйсігіне оның қандай да бір қасиетіне байланыстыра екінші бір сезімді ойдан қосу (тәтті лимонның сарғылт түрі ауызда қышқылт дәм пайда етеді; гүлдің хош иісі, көрмей тұрып-ақ оның сұлу бейнесін түйсіндіреді).

Шұғыл айырма (контраст) кейбір қасиеттерге болған сезімталдықтың екінші бір қарама-қарсы болмыс белгілерінің әсерінен көтерілуі. Мысалы, бір түсті фигура ашық фонда қарауытып көрінсе, қара фонда ағараңдайды.

Сезімталдықтың кемуі (десенсибилизация) – бір талдағыштар күшті қозуынан басқа сезім, түйсіктердің төмендеуі.

Көру түйсігі. Көру түйсігінің пайда болуы үшін көру рецепторлары

көз торына электромагнитті толқындар әсер етуі қажет. Адам айыратын түр-түстер хроматикалық (грек.хрома-түр-түс) және ахроматикалық (түссіз – ақ, қара және сұр түстің әрқилы реңктері) болып ажыралады.



Түр-түс әрқилы толқынды электромагниттік сәулелердің әсерінен болатын психикалық құбылыс. Адам көзі 300-ден 700нм (нанометр) қабілетіне ие.

Есіту түйсігі. Есіту ағзасы секундына 16-дан 20 мың толқындар шегіндегі дыбыстарды сезе алады. Дегенмен, есітудің ең тиімді сезімталдығы 2000-3000 герц аралығында (бұл аса қорыққан әйелдің жан айғайына сәйкес дыбыс биіктігі).

Адам өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыстар) дыбысты сезбейді. Табалдырық асты төмен жиіліктегі 6 герц дыбыстар адам психика- сына кері ықпал жасап, бас ауыртады, шаршатады, көңіл күйзелісіне тап қылады, ал 7 герц дыбыстар тіпті жүрек қызметінің тоқтауына соқтыруы мүмкін.

Сипай сезу (тактиль) түйсіктері жанасу түйсіктері. Тактильді рецепторлар бармақ ұштарында көптеп шоғырланған.

Қозғалыс сезу (кинестезиялық) түйсіктер адамның өз тәні мүшелерінің кеңістіктегі жағдайы мен орын ауыстыруын сезінуі.

Тербеліс (вибрациялық) түйсіктері серпінді ортадағы 15-тен 1500 герц дейінгі тербелістерді бейнелеу нәтижесінде пайда болады. Психикалық тұрғыдан тербелістер адамды қатты жалықтырады әрі тіпті пайдасыз. Көп жағдайда олардан сақтанған жөн.

Иіс түйсіктері ауа құрамындағы иісті зат бөлшектерінің мұрын қуысындағы иіс сезу клеткаларын тітіркендіру әсерінен туындайды.

Дәм түйсіктері. Бұл түйсіктердің барша түрлері төрт қилы (ащы, тұзды, қышқыл және тәтті) дәмнің түрліше бірігуінен пайда болады. Табиғи (органикалық) түйсіктер ішкі ағзаларда жайғасқан ин- терорецепторлармен байланысты түйсіктер. Мұндай түйсіктердің болуынан адам тойғанын, ашырқағанын, тынысының тарылғанын,

жүрек айнығанын сезеді.

Адамның сезімталдық (сенсорлы) қалпы бұл әрбір тек өкіліне тән әрқилы сезімталдық қабілеттерінің даму денгейі және олардың жүйелі әрекетте болуы.

      1. Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері



Қабылдау бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу

түрлерімен ажыралады.

Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау симультанды (бір әрекетті) және сукцессивті (кезеңді, бірізді) формалдығына ие.

Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.

Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін.



Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы, заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы).

Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі

заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.

Қабылдаудың заттасқандығы заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.

Қабылдау біртұтастығы затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да).

Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.

Апперцепция қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.

Қабылдау тұрақтылығы заттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.

Қабылдау түрлері: затты, уақытты қабылдау; қатынастарды, қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет