№14 дәріс. Мінез
Лекцияның жоспары:
1. Мінез туралы түсінік.
Мінездің пайда болу формалары.
Мінез бітістері. Мінезді тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: психологиялық қасиеттер, дара ерекшелік, қызығулар, босбеулік, мінезсіздік, мінездің даралық ерекшелігі, динамикалық стереотип, мінез-құлық акцентуациясы, характерология, жұлдызнама, физиогномика, хиромантия, дерматоглифика, графология
1. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Мінез көрсеткіштері- адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаттары мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері.
Мінез әр түрлі деңгейде дамыған топтарда қалыптасады (отбасы, достары, сынып, еңбек ұжымы, спорт командасы т.б.). Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік, қоғамдық құндылықтарға тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері орнығады. Жоғары деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де, ұнамды бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді. Мінезге орай адамның дүние талғамы, өмір мәні, белгіленген мақсат мүдделерінің, әрекет қылықтарының себептері ашылады. Мінез қалыптасуындағы басты шарт- өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы- босбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі жетекшілік етеді. Тиянақты көзқарас-наным адамның өз іс әрекетін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарға сай белгілеп, мақсатқа жетуде жігерліліктің, орындап жатқан ісінің маңызы да ерекше.
Мінез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзі қалап шұғылданған істерінен де танылуы мүмкін. Мұндай қызығулар тұлға мінезінің жаңа, ерекше қырларынан хабардар етеді.
Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған – ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д.ІУ-ІІІ ғғ).
Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік –адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. ХіХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медик, әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.
2. Мінездің физиологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |