Физиогномика – (Физис-табиғат, гномон- білу) –адамның сыртқы келбетіне және сондай келбетті тұлғаларды ұқсастығымен ббелгілі топқа біріктіріп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бітістеріне қарай жануарлармен салыстырылады да, сол жануарға тән мінез ерекшелігі оған танылады. Мысалы, мұрын танауы өгіздікіндей Жуан да қалың болып келсе, ол еріншектіктің белгісі, шошқадай кең танау, жалпақ мұрын-ақымақтықтың, қой, ешкі жүніне ұқсаса шашты Адам үркек, доңыз, арыстанның қылшықтарындай тіке шашты Адам-ержүрек, батыл т.б.
Хиромантия – ( ћиер-қол, мантия- бал ашу) – Адам мінезін алақанының тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглифика- бармақ алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы Адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графология- мәнерлі әрекет жазу таңбасына орай Адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |