негізі динамикалық стереотип болып табылады. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір –біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Жас ерекшелікке байланысты мінез-құлық акцентуациясы көрініс береді. Ол- Леонгард ғылымға енгізген, мінез-құлықтың жекеленген сапалары мен олардың бірлестігінің шектен тыс ерекше көрінуі. Личко бойынша – циклойдті тип, гипертим, лабилді, астеникалық, сензитивті, психоастеник, шизойд, эптлептоид, паранойялды, демонстративті, дистим, және конформ тәрізді мінез-құлық акцентуациясы айқындалады.
Сөйтіп, ұлттық тәрбие деп- жеке тұлғаның Ана тілін, ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін меңгеру арқылы ұлттық сана сезімінің, намысының, мінез-құлқының, дүниетанымының дамып қалыптасуын айтамыз. (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қожахметова).
3. Жақсы мінез –құлық пен ақыл күші екеуі біріккенде, адамшылық қасиеттерге айналады. Мұны қазақ даналары әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жеткілігінде деген мағынада айтады. Егер осы екеуі – жақсы мінез-құлық пен ақыл күші бірдей болып келсе, ол Адам-үлкен ат иесі деген. «Адамнан үлкен ат жоқ» деген түйін осыдан қалса керек. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында «оқушыларды Қазақстандық паториотизммен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... Бүгінгі күннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек»,-деген болатын.
Ұлттық тәрбие берудің қажеттілігі- қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық проблемаларды: ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, шылым шегуге, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың көбеюі, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының нашарлауы, педагогтар беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәрбиесіз ұл мен қыз, ата-аналардың тәрбие жұмысымен айналыспауы, т.б. біртіндеп жоюдың және олардың алдын-алып болдырмаудың негізгі жолы, ал сол мекемелерде ұлттық тәрбие алған ұрпақ- дені сау, білімді, өнерлі, ақылды, еңбекқор, иманжүзді, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде. Сондықтан да ұлттық тәрбие – еліміздің болашағы.
«Тәрбиенің негізгі мақсаты- мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» (Ж.Аймауытов), «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» (М.Жұмабаев), «... Балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін үйретіп шығару қажет» (М.Дулатов), «...алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сенімді болуы.. Мұндай балалар қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, ... қайда болса да тіршілігінде, қандай ауырлық өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады..әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс» (М.Дулатов).
Мінез құбылысын зерттейтін ғылым- характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мінездер типін саралап, адамның әр түрлі өмір жағдайларындағы әрекет қылығын болжастыру мақсатында әр түрлі мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келді.
Ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың бірқатары:
Жұлдызнама (гороскоп) –адам мінезін туған күнімен байланыстырып түсіндіреді. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдері белгілі кезең, аралыққа бөлінеді, олардың әрқайсысына нақты белгі, символ беріледі. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тән әр түрлі қасиеттерге орай Адам мінезді суреттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |