Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


құндылықтар мен әлеуметке бейімдескен әрекет-қылық әдістері



бет74/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

құндылықтар мен әлеуметке бейімдескен әрекет-қылық әдістері жүйесін игеру үдерісі (сонымен бірге – нәтижесі).

Әлеуметтену сапасы мен сипаты көп жағдайда нақты қоғамның әлеуметтік құрылысымен анықталады.

Әлеуметтенген тұлғаның психикалық қалып шеңберінде көрініс бе- ретін бірнеше ерекшеліктерін атауға болады.

Тұлға өз дамуында әлеуметтік бейімділікпен бір қатар тұлғалық дербестік, өз даралығын тұрақтандыру қажеттігіне ие. Сындар- лы жағдайларда мұндай тұлға өз өмірлік бағытын қорғай алады, өз ұстанымдары мен құндылықты көзқарастарын сақтап қалу күшіне ие. Қатерлі жағдайларда қандай да ауытқулардың алдын алып, психикалық қорғаныс табуға тырысады.

Тиянақты кемелденген тұлға үшін қалыпты шарттар: үздіксіз даму жағдайында болып, өзін-өзі жетілдіріп бару және өз мүмкіндіктерін іске асыра білу; өзі үшін жаңа табыс шектерін белгілей отырып, «ертеңгі күн қуанышын» көре білу; өз қабілеті мүмкіндіктерін ашып, пайдала- ну; ал қиыншылық басқа түскенде – ымырашылдыққа келіп, жағдайға бейімдесумен әрекет жасай білу. Психикалық ұстамды тек өкілі басқа адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болып, олардың мүдделері мен қажеттеріне сезімтал келеді.

Өз өмірлік жоспарын түзуде психикалық тұрақтанған тұлға шынайы мүмкіндіктерінен аспай, күші келмейтін талаптарға ұрынбай, орын- сыз әрекеттерден сақтана біледі. Дамыған тұлға жоғары дәрежелі әділдік, ар-намыс және абырой сезімдеріне бай келеді. Ол алдына қойған шындыққа сай да мәнді өз мақсаттарын орындауда табандылық көрсетіп, көздегеніне жетпей, тынбайды. Қиындау талаптар кезіксе, бұл тұлға психикалық күйзеліс ауытқуына түспей, тактикалық жол-жосық табуда шеберлік таныта алады. Өз табыстары мен ұтылыстарының себебін басқадан көрмей, өз мойнына ала біледі. Күрделі өмір жағдайларында жауапкершілік көтеруге әрі орынды тәуекелдікке бел буып, қалаған істі бастай алады. Көңіл-күй тұрақтылығынан жетілген тұлға әсемдік пен қастерлі рухани дүниеге сезімталдығымен ерекшеленеді. Өз сый-қадірін құрметтей білумен бірге, ол өзіне сырттай көз жіберіп, бағалауға бейім, сонымен қатар, әңгіме-сұхбатта орынды әзіл пайдаланып, фәлсафалық сын, күмән айтуда шеберлік танытады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет