Кінә сезіну – әр адамның өз айыбын өзі бағалауымен іштей күйзеліске түсуі. Адам өз жазасын өзі береді, ал мұны қадағалау әр тұлғаның өз ар- намысына байланысты.
Амеркан психологі Ч.Кули бала санасы мен оның өзіндік санасының қалыптасуында сол баланы қоршаған бастапқы ұжымдардағы өзге адамдар (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңызды болатынына назар аударады.
Қоршаған орта адамдарының пікірлері тұлға үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі солардың ықпал-әсері арқасында тек өкілінің
«Мен» сезімі дамиды. Ч. Кули бұл құбылысты «айналы (зеркальное)
Мен» деп атаған.
Өзге адамдар – тек өкілінің көрінісін беретін айна іспетті, осы өзге адамдармен ұдайы қарым-қатынасқа келуден баланың өз «Мені»
73
қалыптасады, яғни адам «Мені» әрбір тек өкілінің басқалармен ықпалдасты байланысынан туындайды.
Шынында да «айналы Мен» баланың өзіндік санасының маңызды элементі есептеледі. Осының арқасында балада өзіндік баға беру қабілеті дамиды, өз бойына басқалар көзімен қарауға үйреніп, өзін олардан саналы түрде ажырата біліп, өз қадірін мақтанышпен тануға немесе өз «Менін» қадірлемеуге дағдыланады.
Уақыт өтумен, бастапқы ұжымдардғы әлеуметтік ықпалды байланыстардың кеңеюімен субъективті «Мен» нығайып, тұрақтана бастайды: қоршаған адамдар ықпалымен тек өкілінің өзіндік қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын жоғары дәрежеде игеруге қол жеткізеді.
Ч. Кули теориясының ұнамды тарапы – адами «Мен» қалыптасуында әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақын-жуықтар, көршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалауында. Дегенмен, ол бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуінде бастапқы ұжымдардың ролін әсірелей отырып, әлеуметтік мекемелер (оқу, білім, тәрбие орындары) ықпалына ақау түсірді. Мем- лекеттік тапсырыс және арнайы тәрбие болмаған жерде болымды
Достарыңызбен бөлісу: |