Тұлға әлеуметтенуі – бұл тұлғаның қоғамдық құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы.
Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады.
Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:
ерте балалық шақ тәжірибесі – психикалық қызметтер мен әрекет- қылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;
әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері;
қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.
Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже- лер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді.
Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы – екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол – қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (ин- териоризациялауы).
Бұл орайда интериоризациялау дегеніміз сырттай көріністі қоғамдық өмір үдерістерінің ішкі саналық үдерістерге өтіп, тиісті өзгерістерге келуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі.
Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні
- өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: ) өз «Менін» тану; ) өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну.
Өз «Менін» тану мен оның мәнін түсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен «Мен - бейнені» қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады.
Достарыңызбен бөлісу: |