«ЖОҒАРЫ МЕН» (Супер – эго, сверх - я) – ата-аналар және қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің ба- рысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан бол- мысына ұқсап дамиды. Ұқсау не сәйкестену (идентификация) желісінде ер балаларда «Эдип комплексі», ал қыз балаларда «Электра комплексі» қалыптасады. Бұл комплекс түрлері баланың сәйкестену нысанына (әке не ананың біреуіне) болған екі ұшты, бірі-біріне қайшы толғаныс (жақсы көру мен жек көру) сезімдерінен құралады. Тұлға «Мені» сыртқы дүниені анықтайды. «Ол» (эго) және Жоғары МЕН (супер эго) көбіне өзара сиыспайтын талаптар қояды. Мұндай жағдайларда «МЕН» күшті ықпалдарға тап болып, оны «үрей» билейді. «Мен» осы үрейге қарсы ере- кше тосқауылдар – психологиялық қорғаныс тетіктерін іске қосады.
Әлемдік психологияда тұлға теориясына орай өз маңыздылығымен әйгіленген бағыт – бұл бихевиоризм. Бихевиоризмнің зерттеулері аясы – адам әрекет-қылығы, ал психология сол әрекет-қылықты күні ілгері болжау және қадағалауды міндетіне алған жаратылыстану ғылымының эксперименталды саласы есептелінді.
Бұл бағыт негізін қалаушы Д.Уотсон пікірінше, адам тумадан қарапайым реакциялар мен рефлекстерге ғана бейімделген, бірақ мұндай нәсілдік шарттар саны шектеулі, аз санды. Осыдан тек өкілінің барша әрекет-қылығы оқу-үйретудің нәтижесінде пайда болады.
Уотсонның анықтауынша, тұлға – әдетті дағдылар жүйесінің туын- дысы. Сондықтан да ғалым тұлға сипатын, оның практикалық қызметін ұзақ уақыт зерттеу барысында анықталған әрекеттерінің жиынтығынан байқауға болатынын алға тартады.
Бихевиоризм ұстанымына сәйкес, әрекет-қылық талдауы қатаң объ- ективті сипатта болып, сырттай байқалатын жауап әрекеттерге (реак- ция) ғана негізделуі тиіс (объектив таным, қолға түспейтіндердің бәрі бекер, яғни адам ойы, санасы өлшестіруге, санаққа келмейді, осыдан
олар зерттеу нысаны бола алмайды). Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқанның бәрі – тылсым сыр. Шынайы зерттелетін нәрсе – бұл адамның тысқы әсерге болған жауап әрекеті, оның сырттай көрінетін әрекет-қылықтары және осы әрекеттерге мәжбүрлеуші қоршаған орта ықпалдары (стимулы) мен жағдайлары. Психологтың міндеті – жауап әрекетке орай ықтимал ықпалды анықтау, сол ықпалды пайымдау арқылы қандай жауап әрекет боларын болжастыру.
Сонымен, бихевиоризм тұрғысынан тек өкілінің бойында қоршаған ортаға икемдесуге қажет жауап әрекетке байланысты қандай мүмкіндіктер болса, солардың бәрі түгелдей тұлғалық сипатты береді, яғни тұлға – бұл дағдылар, саналы басқарылатын инстинкттер, әлеуметтенген эмоциялар, жаңа дағдылар түзуге қажет бейімдесу қабілеті, қалыптасқан дағдыларды бекіту және сақтап қалу қасиеті;
Осыдан, тұлға - ұйымдасқан және ықтималды тұрақты дағдылар жүйесі. Дағдылар тұрақты әрекет-қылық негізі, сонымен бірге олар тіршіліктің өзгермелі жағдайларына бейімдескен, болмыс өзгерісіне сәйкес жаңа дағдыларды қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |