Мерзімі:
Сабақ№2
Сынып: 11А
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Азияның саяси картасы және аймақтары.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Азия елдерінің қалыптасуы мен аумақтарға бөлінуі туралы түсіндіру. Ішкі айырмашылықтар мен басқару формаларының өзгеруі жөнінде білім беру.
Дамытушылық:Азия елдерін саяси картадан көрсете отырып білім, біліктерін қалыптастыру. Кескін картадан аумақтарды бейнелеу, оларды еске сақтауды қалыптастыру.
Тәрбиелік:Географиялық мәдениетке тәрбиелеу. Өзге елдердің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, картамен жұмыс, кестені толтыру.
Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындалу.
ІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Өткен материалдан оқушыларға сұрақ қою. Азияның шекараларын және географиялық орнының ерекшеліктерін естеріне түсіріңдер. Азияның аумақтарына саяхат жасағандар.
Азия-екі жарты шарда бірдей орналасқан ең үлкен дүние бөлігі, ауданы 44 млн км2 . Жер шарының халқының жартысы мұнда тұрады. 40-қа жуық мемлекет бар. Саяси картаның қалыптасуы ұзақ уақытты қамтиди.
Саяси картаның қалыптасуының кезеңдері.Азиядағы ежелгі мемлекеттер негізінен, ірі өзендердің аңғарларында қалыптасыт. 4 мың жылдай бұрын Тигр және Ефрат ө аралығында алғашқы қалалар пайда болды. Б.з.д. ҮІІ ғ. Вавилон қ. 1 млн –ға жуық адам тұрды.
Сонымен Азия айрықша көшпенді өркениеттің бесігі болды. Қара теңіз бен Сары теңіз аралығында ғұн мемлекеті қалыптасты. Қазақтар осы өркениеттің бір тармағы болды. Отырықшы және көшпенді өркениеттің ірі мемлекеттік құрылымдары пайда болды.
Тарихтан алған білімдерін естеріне түсіріп, Орта Азия мен қазақстан жерінде қандай мемлекеттер болғанын естеріңе түсіру.
Азияның отарлау кезеңі ХҮ ғ. Васко да Гамманың Үндістанға баратын жолды ашуынан басталды. 1511 ж. португалдықтар Малакка түбегін басып, Испания Филиппин аралдарын басты. Ең күшті держава болған Ұлыбритания мен Нидерланд Азияның көп бөлігін өз иелігіне басып алды. Кейін Франция, Португалия, Ресей, АҚШ және Жапонияның отарына айналды. ХХ ғ 56 пайыз отарланды. Отарлаушы мемлекеттердің ішінде Ұлыбритания алдыңғы орынға шықты. 10- сызбанұсқаны қарау.
Дамыған елдер Азияны ХХ ғ. ортасына дейін сақтады. Отарлық жүйе екінші дүние жүзілік соғысынан кейін ыдырай бастады. Көпшілік мемлекеттер тәуесіздікті алды.
Тарихи-географиялық аймақтары. Мемлекеттер құрылысы. Азяи аймақтары
Географиялық орналасу жағынан
Табиғи жағдайлары мен ресурстары;
Тарихи тағдыры;
Әлеуметтік мәдени;
Экономикалық даму жағынан
Төрт аймаққа бөлінді.
Кесні толтыруға тапсыру.
Аймақтары
|
Ішкі және сыртқы айырмашылықтар
|
Басқару формалары
|
Оңтүстік-Батыс Азия
|
17 ел енеді, Шығыс-Машрик, Батыс-Мағриб араб географиясында аталады.Су жолдарының тоғысында жатыр. Мұнай қорына бай, Суэц каналы іске қосылғаннан кейін Берлин және Бағдат темір жолы салынды.
|
Республикалар-Грузия, Израиль, Ирак, Иран, Йемен, Ливан, Кипр, Сирия, Түркия, Ауғанстан. Конституциялық-Иордания. Абсолюттік-Бахрейін, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы,монархиясы да бар.
|
Оңтүстік Азия
|
7 елді қамтиді. Үнді мұхиты арқылы еуропа, Африка, Аусралиямен сауда қатынас жасайды. ХІХ ғ Британдық Үндістан пайда болды.
|
Республикалық-Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Мальдив, Непал. Конституциялық монархия да бар.
|
Оңтүстік-Шығыс Азия
|
Үндіқытай түбегі, Малай архипелагі, 10 ел енеді.
Қытай мен Үндістан аса маңызды теңіз жолдарында жатуы халықтың шаруашылықтың дамуына әсер тигізген.
|
Республикалар-Вьетнам, Индонезия, Лаос, Мьянма, Сингапур, Филиппин. Абсолюттік-Бруней, Конституциялық-Малайзия, Таиланд, Камбоджа.
|
Орталық және Шығыс Азия
|
Жапония, Корей ХДР, Қытай, Тайвань, Корея Республикасы, Монғолия, Сянган, Аомынь. Жапонияның отарында болды.
|
Монархия-Камбоджа,1999 ж Аомынь мен 1997 ж Сянган Қытай құрамына енді, 80-шы ж Тайвань мен Қытай «бір мемлекет-екі жүйе» бірікті.
|
Қорытындылау: Азия саяси картасына үнемі өзгерістер түсуде. Халықтың діни мен ұлттық құрамы күрделі, елдердің шекаралық мәселелері түбегейлі шешілмеуі, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы алшақтық болуы.
Бекіту үшін сұрақтар қою: 1. Азияның 4 аумаққа бөлінуі қандай себептер болды.? Азия елдері отарлыққа түсуі қай кезден басталды? Тәуелсіздікті қай кезден бастап ала бастады? Отаршылар елдердің ішінде ең қуатты мемлекеттерді ата. Олардың иелігінде қандай мемлекеттер болды?
Үйге тапсырма беру. Параграф соңындағы тапсырмаларды орындау. Азия елдрі туралы анықтама дайындау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атау, баға қою.
Мерзімі:
Сабақ№3
Сынып: 11А
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы..
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Азия елдерінің табиғаты туралы түсінік бере отырып, табиғи ресурстардың, халықтың құрамы мен саны жағынан айырмашылықтары көрсету. Азия елдерінің демографиялық жағдайы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Кесте мен сызбанұсқалармен жұмыс істеу дағдаларын қалыптастыру. Карта бойынша елдердің орналасуы мен халықтың үлесін көрсете отырып білім, білік, дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өзге елдердің тарихын құрметтеуге, географиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, картамен жұмыс, өздігінен жұмыс беру.
Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа психологиялық бағыт беру.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау үшін келесі сұрақтар қою.
Азия елдерінің қалыптасу тарихы туралы әңгімеле.Екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі жағдайы.
Аумақтарға бөліну себептері.Азияның төрт аумағын картадан көрсет.
Ішкі және сыртқы айырмашылықтары қандай?
Оңтүстік Азияның мемлекеттерін картадан көрсет.
ІІІ. Табиғат жағдайлары. Тақырыпқа қысқаша шолу жасау.
Азияның табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. 75% таулар мен таулы үстірттер. Мұнда ең биік жер Джомолунгма-8848 м,ең төмен Өлі теңіз 403 м.Ірі тау жүйесі екі белдеу құрайды. Жалпы географиялық картадан көрсету.
25% жазықтар алып жатыр. Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді Ганг, Месопотамия.
Табиғи ресурстар. Минералды ресурстарға бай өлке.
Магмалық жолмен түзілген темір кені – Үндістанда, Қытай.
Түсті және сирек кездесетін металдар-оңтүстік-шығыста шоғырланған.
Көмір Қытай мен Үндістанда көп кездеседі.
Басты байлық-мұнай. Негізгі қоры Парсы шығанағында-иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейін, БАӘ, Катар т.б.
Мұнайдан Сауд Арабиясы 2-орында,
Табиғи газдан Иран 4- орында,
Таскөмір, темір, қалайы, вольфрам Қытай 1-орында
Хром Үндістан 3 орында,
Тұз Жерорта т. жағалауында.
Континенттік климат, таулы аудандар болуы а/ш кейбір салаларын дамытуға шектейді.
Құрғақ аудандар Оңтүстік-Батыс пен Орталық Азияда мал шаруашылық үшін
|
ылғал жеткілікті Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс егіншілік үшін.
|
|
Ганг, Брахмапутра, Меконг, Иравади, Тигр, Ефрат, Янцзы, Хуанхэ. Енкіштігі 30-450 тау беткейлерде жер жыртылады. Алювий топырағының көрсеткіші екі есе артық. Халықтың саны өскен сайын егістік жерлер жетіспейді.
|
Су қоры. Аймақ бойынша біркелкі таралмаған. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда жақсы қамтамасыз етілген. Тұщы су қоры 90% суландыру мақсатында пайдаланады. Энергетикалық ресурс ретінде Жапон, Филлипин, Корея мен Оңтүстік Шығыс Азия мүмкіндігінше пайдаланады.
Орман ресурстары. Шығыс, Оңтүсік-Шығыс бөлігінде таралған. Ылғалды мәнгі жасыл тропиктік орман алып жатыр. Орман сүрегі нарықта сұранысқа ие. Үндістан мен Үндіқытай алдері отыр ретінде пайдаланады. Орман аумағы жылдан жылға азаюда.
Оқушыларға өздігінен тапсырма беру: Азия елдерінің табиғат жағдайлары, ресуртары, бойынша ішкі айырмашылықтарын анықта. Мысалы, Табиғи ресурстар әр аймақта әр түрлі деңгейде дамиды т.б.
Кесте құру: Халықтың саны, құрамы тығыздылығы туралы.
Халқы. Саны-4млрд 140 млн адам тұрады, яғни 60% құрайды. 11- сызбанұсқаға назар аударту. Азияның 6 елі дүние жүзінің саны ең көп қатарына енеді. Қытай, Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Бангладеш, Жапония.
12-сызбанұсқада Азияның аймақ арасындағы халқының арасалмағы.
Оңтүстік-Батыс Азия
|
24%
|
8%
|
Оңтүстік Азия
|
16%
|
38%
|
Оңтүстік Шығыс Азия
|
17%
|
15%
|
Орталық Азия
|
43%
|
39%
|
Құрамы. Ұлттың басты белгісі-тіл. Сондықтан топтасуы тілдік негізінде болады.
9 тілдік семья, 600 жуық тілде сөйлейді. Кен тараған сино-тибет-Қытай және тибет бирма, үнді еуропалық-Бангладеш, Үндістан, Пәкстан, Ауғанстан, Ирак.
Саны жағынан ірі халықтар- қытай 1 млрд170 млн, хиндустар-245 млн, бенгалдықтар-190 млн, жапондар 130, пенджабтар, бихарлар-150 млн.
Бірұлтты
|
Көпұлтты
|
Жапония, Корея Р мен КХДР, Арабия түбегі
|
Үндістан, пәкстан, Ауғанстан, Бангладеш, Непал, Бутан
|
Бір ұлт басым болатын көпұлтты елдерден тұрады. Мысалы Үндістан жерінде бенгалдықтар мен Бангладештің халқы кезінде біртұтас ұлт болатын. Екі ел бөлінген соң жаңа бангладеш ұлты қалыптаса бастады.
Діни құрамы. «Адамзаттың рухани бесігі» деуге болады. Үш діннің және этностық діни ағымдардың ошақтары басым. Азияның 17 елінде ислам діні қалыптасты.
Демографиялық жағдай. Демографиялық жағдайы халықтың әлеуметтік даму денгейіне байланысты болады. Халықтың табиғи өсімі туу мен өлім көрсеткіштерінің негізінде болады. Халықтың ұдайы өсуі өтпелі типі туу жоғары 19‰, өлім төмен 7‰. Табиғи өсуі 12‰. Араб елдерінде 30‰, Жапонияда 0‰.
Жастар мен қарттар саны тен. Өмір сүру жасының ұзақтығы 66 жас. Жапонияда 83 жас, д/ж алда. Мешеу елдерде, Ауғанстан 44 жас, Мьянма 61 жас. Ер адамдар әйел адамдардан басым. 105:100.
Халық тығыздылығы: Халық өте әркелкі орналасқан. Қоныстану 3 типі бар:ауылдық, қалалық, көшпенді.
Орташа тығыздылығы 1 км2 129 адамнан келеді. Ең тығыз Бангладеш, Үндістан, Жапония, Корея Р, Шығыс Қытай, Ява және Мальдив аралдары.Бангладеште 1 км 1127 адам. Сингапурда 4 мың. Табиғат жағдайлары қолайсыз аудандарда Монғолияда 2 адамнан, Арабияда тұрақты халық жоқ.Урбандалу. Азияны «Үлкен ауыл» деп атайды. Қала үлесі 42% ғана. Қалада тұратын 1 млрд 729 млн адам. Урбандалудың айырмашылықтары:Парсы шығанағы, Кувейтте 90%, БАӘ-80 %, Қытайда- 46%, Шри Ланка -15 %. Қала агломерациялары мен инфрақұрылымдық жағынан көзге түседі. 20 қала агломерацияны біріктіретін Токайдо мегаполисінде 55 млн адам тұрады. 1 км 800 адам, әлем бойынша бірінші орында.
Сабақты бекіту.1. Табиғат ресурстары жағынан құрайтын айырмашылық.Табиғи жағдайы.
Халықтың саны жағынан қандай айырмашылық.Құрамы бойынша қандай ішкі айырмашылықтар бар.
Демографиялық жағдайы мен халық тығыздылығы жағынан қандай айырмашылықтарды байқадыңдар.
Үйге тапсырма беру. 20,21 параграфтарды қайталау, соңындағы тапсырмаларды орындау.
Мерзімі:
Сабақ№4
Сынып: 11А
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Бастапқы бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Өткен тақырыпты қайталау.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін арттыру, өздігінен жұмыс жасау тәртіптерін қалыптасытру.
Сабақтың түрі: Өздігінен жұмыс
Сабақтың әдісі: Қайталау
Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Тапсырмаларды тарату.
І-нұсқа
Сйкестендір:
Марко Поло
|
|
а. «Үш теңіздің ар жағына саяхат»
|
Афанасий Никитин
|
|
ә. Антарктика материгін ашқан
|
Белинсгаузен, Лазарев
|
|
б. Памир, Үндістан, Қытай туралы
|
2.Материктік пен мұхиттық кірігу шекарасы ... деп аталады
а.кірігу ә. ажырау б.соқтығысу
3.300 с.е. пен 300 о.е. маңында ... қысым қалыптасады
а.төмен ә. қалыпты б.жоғары
4.Дүние жүзі мұхит балыққа ең бай аудан
а.полярлық ә.тропиктік б.қоңыржай
5.Жыл бойы ауа суық, құрғақ температура төмен -400, -500 дейін климаттық белдеу
а. қоңыржай ә.тропиктік б. артикалық
6. «Сары» өзен деп
а. Хуанхэ ә. Янцзы б.Амур
7.Тундрада өсетін өсімдіктер
а. мүк пен қына ә. сексеуіл, қаңбақ б.аралас орман
8.Фенноскандия деп ..
а.Скандинавия түбегі мен Финляндия ә.Балтық бойындағы елдер б.Финляндия, Дания
9.Солтүстік Америкада жиі соғатын дауыл
а. торнадо ә.ураган б.цунами
10.Сьерра- Невада, Сьерра-Мадре тау жоталары .. жатыр
а. Аппалач таулары ә.Орал таулары б.Кордильера таулары
11. Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер
а. Миссури мен Миссисипи ә.Үлкен өзен б.Ұлы көлдер
12. АҚШ байырғы халқы
а. үндістер мен эскимостар ә.аборигендер б. тутси мен химилер
13. Анд тауларының ең биік нүктесі
а. Мак-Кинли ә.Аконкагуа б.Аппалач
14.Жер шарында ең ыстық материк
а. Африка ә.Оңтүстік Америка б.Аустралия
15.Африканың Виктория сарқырамасын ашқан саяхатшы
а. Васко да Гамма ә.Давид Ливингстон б. Руаль Амундсен
16.Африканың Оңтүстігіндегі шөл қалай аталады?
а. Сахара ә. Калахари ә.Намиб
17.Оңтүстік жарты шардың жаз айлары
а.желтоқсан-ақпан ә.маусым-тамыз б.қыркүйек-қараша
18.Аустралия Одағының елтаңбасында ... бейнеленген
а. эму түйеқұсы мен кенгуру ә.ехидна мен кенгуру б.эму түйеқұсы мен коала
19.Меланезия деп ..
а. «Көп аралдар» тобы ә. «Ұсақ аралдар» тобы б. «Қара аралдар» тобы
20.Антарктидада «Восток» стансасы белгілеген жоғары температура
а. -89,20 С ә.-59,70С б. -97,30 С
ІІ-нұсқа
Сйкестендір:
Плано Карпини, Вильгель Рубрук
|
|
а. Жаңа Зеландия аралын ашты
|
Фернан Магелан
|
|
ә. Орталық Азияға саяхат жасады
|
Джейм Кук
|
|
б. Тынық мұхитты ашты
|
Литосфералық плиталар теорисы туралы түсіндірген ғалым
а.А.Вегенер ә.Алисов б.А.Войеков
3. Жоғары қысым белдеуден экваторға қарай соғатын жел
а.маусымдық ә. батыс желдері б. пасаттар
4. Мұхиттың зор көлемді бөліктері
а. толқындар ә. ағыстар б. су массасы
5. Географиялық қабықта ең ірі табиғат кешені
а.географиялық зона ә.мұхит пен материк б.табиғи зона, атмосфера
6. Жер сілкінуден туатын толқын
а.цунами ә.ағыстар б. ураган
7.Тайгада- тек қана ... өседі
а. мүк пен қына ә. қылқан жапырақты ағаштар б.аралас орман
8. Жер шарында жауын-шашын көп түсетін аумақ
а.Альпі тауларында ә.Солтүстік жарты шарда б. Гималай тауларында
9.Солтүстік Американың ең биік нүктесі
а. Мак-Кинли ә.Аконкагуа б.Аппалач
10. «Миссисипи» атауы үндістер тіліне аударғанда
а.үлкен су ә.су атасы б.сары су
11.Солтүстік Американың суық арктикалық шөлдер мен тундрада бейімделген халық
а.аборигендер ә.эскимостар б.үндістер
12.Оңтүстік Американың климатының ерекшелегін зерттеген
а.А.И. Войеков ә. А. Гумбольд б.Н.И. Вавилов
13.Гран-Чако, Маморе, Пантанал ........
а. Анд т ішкі жазықтары ә.Еуразияның жазықтары б.Гималай т. сілемдері
14.Оңтүстік жарты шарды толық алып жатқан материк
а.Африка ә.Оңтүстік Америка б.Аустралия
15.Африканың ЮНЕСКО-ның шешімімен «Биосфераның Алтын Қорына» енген жер
а.Ніл бойы ә.Сахара шөлі б.Конго
16.Африканың суы мол өзен
а.Ніл ә.Замбези б.Конго
17.Антарктиданың жағалауында құстардың ерекше түрі ...
а.итбалықтар ә. пингвиндер б.какаду
18.Тасман аралында Аустралиядағы бірден-бір жыртқыш аң ...
а.қалталы құбыжық ә.эму б. кенгуру
19.Микронезия деп ...
а. «Көп аралдар» тобы ә. «Ұсақ аралдар» тобы б. «Қара аралдар» тобы
20.Мұхит аралдарынан ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел
а. Тасман ә. Гвинея б.Жаңа Зеландия
Қорытынды кезең: Оқушылардың жұмыстарын жинау. Үйге тапсырма беру, қайталау.
Мерзімі:
Сабақ№5
Сынып: 11А
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылығының негізгі бағыттары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму үлгілері, шаруашылықтың мамандану салалары мен елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері жөнінен білім беру.
Дамытушылық. Азия елдерінің әлеуметтік –экономикалық дамуы көрсете отырып, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Географиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелеу, сызба құру, картмен жұмыс жасау.
Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
ІІ: Өткен тақырыпты еске алу үшін сұрақтар қою:
Азияның табиғи ерекшеліктері.
Қандай табиғи ресурстарға бай? Минерады, ауыл шаруашылық, су, орман.
Азия елдерінің халықтың саны, құрамы, тығыздылығы жөнінен кестені тексеру.
Демографиялық жағдайы.
Урбанизацияның дамуы.
ІІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Азияның зор аумақты болғанымен, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуантүрлігі, тарихи-мәдени дамуының ерекшеліктері оның экономиканың ала-құлалығына әсерін тигізеді.Азияның экономикасын ғалымдар адамға теңейді. «Аяқтары»- Қытай, Ресей, Үндістан табиғи ресурстар мол. «Басы»-Жапония ғылыми-техникалық жетістіктерге толы. «Қолдары»-жоғары индустриялы елдер, Корея, Жапония, Сингапур, Тайвань, Малайзия, Қытай.
Азияның экономикасы ала-құлалығына Батыста дамыған мемлекеттердің отары болғаны себеп. Бұрынғы отарлырдың әлі күнге дейін өз метрополияларымен экономикалық байланыстары күшті. Ал біртұтас көлік жүйесінің болмауына, табиғи жағдайлар кедергі жасайды. Ал Жапония мен Қытай Еуропа мен Тынық мұхит аралығындағы теңіз көлігі қатынасын одан әрі жандандыра түсті.
Әлеуметтік-экономикалық дамуы бірнеше айрықша үлгілері бар. Дамудың үлгісінде дәстүрлі мен қазіргі элементтері бар.
Жапондық немесе шығысазиялық даму үлгісі Жапония мен Шығыс Азияның жаңа индустриялы елдерінің экономикасына тән.Нарықтық экономика ұстанымдары бар.Экономиканы мемлекеттік тұрғыдан реттеу, экспортқа бағдарлану, шетелдік қаржыны тарту, ұлттық монополияның құрылысы. Сонымен қатар дәстүрлі көзқарас есепке алынады.
Қытайлық немесе дамудың «үшінші жолы» нарық экономика мен ескі саяси жүйенің ұштасуы.
Сыртқа мұнай шығаратын елдердің даму үлгісі Оңтүстік Батыс Азия. Мұнай өңдіру мен өңдеудің негізінде қалыптасты. Химия, энегияны көп қажет ететін салалар өркендеді. Өңдірістік емес сала қазіргі заман типін сипат алған.
Басқа даму үлгілері ирандық үлгі. Мемлекеттік монополия, экономиканы орталықтандыру, шаруашылықтың милитаризациясы жатыр.
Мамандану салалары туралы мәселесі бойынша кестені құру тапсыру.
Оңтүстік-Батыс Азия
|
Мұнай өндіру
|
Оңтүстік Азия
|
Үндістан мен Пәкістан өнеркәсіп өндірісі, өсімдік шаруашылығ,
|
Оңтүстік-Шығыс Азия
|
Минералды шикізатқа маманданған. Ірі күрішті аймақ.
|
Шығыс және Орталық Азия
|
Аса күрделі шаруашылық құрылымы. Сыртық шаруашылық жасауға географиясы қолайлы.
|
Елдерді топтастыру. Азия елдері бір-бірінен күрделі айырмашылық жасайды. Жоғарыдан төмен саты құрып, елдердің даму деңгейлерін анықтау.
Әлемде аса жоғары дамыған ел;Жапония
|
|
|
|
|
|
|
Ірі өнеркәсіп, қаржы
|
Жаңа индустриялы елдер; «Азия жолбарыстары»
|
|
|
|
|
|
|
Шетел инвестиция, технологияларды енгізу,
|
Жетекші дамушы елдер; Қытай, Үндістан
|
|
|
|
|
|
|
|
«Қоныс аударған» капитализм елі; Израиль
|
|
|
|
|
|
|
Репатрианттар қайта оралып келді
|
Мұнай экспорттаушы елдер
|
|
|
|
|
|
|
Мұнай қоры арқылы экономиканы жақсартты
|
Ұлттық табысы төмен
|
Мешеу елдер
|
|
|
|
|
|
Ауқымды ел Индонезия
|
Ауыл шаруашылығына тәуелді
|
Сабақты бекіту: 1. Азия елдерінің әлеуметтік-экономикасының ала-құлалығына әсер ететін не?
2.Азия елдері арасында әлеуметтік-экономиканың даму үлгілері туралы не білдің?
3. Мамандану дегеніміз не? Азияда қандай елдер мамандану бағыты бойынша жұмыс істейді?
4. Елдерді экономика жағынан неге топтастырды?
5. Экономикасы жоғары, орташа, төмен дамыған елдерді ата.
Үйге тапсырма беру. 22 параграфты оқып, төмендегі тапсырмаларды орындау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |