Сабақ№2 Сынып: 11а пәні: География Сабақтың тақырыбы: Азияның саяси картасы және аймақтары



бет2/4
Дата04.07.2018
өлшемі87,28 Kb.
#46627
түріСабақ
1   2   3   4

Мерзімі:

Сабақ№6

Сынып: 11А

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы: Жапония.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Жапонияның аумағы, тарихы мен табиғат жағдайлары туралы білім беру. Халықтың саны, құрамы мен ЭБХ , тығыздылығы жөнінне білімдерді толықтыру.

Дамытушылық: Картадан мемлекеттін орналасу мен шекарасын, көрші елдерді көрсете отырып білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Өзге елдердің табиғатын, халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырып түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, картамен жұмыс, кесте толтыру,

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.


ІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жапонияны картадан көрсетуге оқушыларға талап қою. Неліктен «Құншығыс елі» деп атайды? Ол қандай ірі аралардан тұрады? Оқушылардың жауаптарын тыңдап. Толықтыру. Хоккайдо, Хонсю, Кюсю, Сикоку, бұлардан басқа 4 мыңға жуық арал бар.

АҚШ, Батыстағы үлкен мемлекеттер мен салыстыруға болады. Шекараны көрсету.


Жапонияның мемлекеттік қалыптасу тарихына тоқталу. ІІІ ғ қатайпалар қалыптасып, ІҮ ғ. Ямато алғашқы мемлекет пайда болды. Ұзақ уақыт бойы Қытайға тәуелді болды. ІХ ғ. қатынастарды үзіп, ХІІ ғ бастап ел астанасы солтүстікке көшіп шаруашылық дамыды. Одан кейін оңтүстікке көшіп, елдің астанасы Осака қ болды.

Жапония ХҮІ ғ. ғылыми-техника мен мәдениет дамып, Кюсюс аралында сегун жариялып, миссионерлерге келуге тиым салды. ХІХ ғ.дейін оқшаулану саясатын ұстады. 1867-68 ж буржуазиялық рев-р капитализм дамыды.

ХІХ ғ.жедел капитализ дамып, дайын өмінді сыртақ сатып, шикізатқа тапшылығының орын қалпына келтіріп алды. Өнеркәсіп орындарының салынуы, ХХ ғ. көрші елдермен қарым-қатынас орнатты.
Жапония бойлық бойы созылып жатуы, жер бедерінің күрделі және климат айырмашылықтары таб жағдайларын қалыптастырады. Оқулықтағы мәтінге сүйене отырып, кестені толытыруға көмектесу.

Жер бедері

Пайдалы қазбалар

Климат

¾ бөлігі онша биік емес таулардан тұрады.ең биік Фудзияма т 3776м.150 жаңартау, 15 сөнбеген,1,5 мыңға жуық жер сілкінулер болады. 2011 ж болған оқиғаны сипаттау.9 блит тақта 20 м ығысты.

Көмір, қорғасын-мырыш, мұнайға аса бай емес, көрші елдерден сатып алуға мәжбур. Қазір теңіз суынан уран, марганец, сирек кездесетін металдар, өнеркәсіптерін дамытып жатыр.

Шаруашылыққа қолайлы. 3 белдеу; қоңыржай, субтропиктік, тропиктік. Муссондық маңызы зор. Тынық мұх пайда болатын тайфундардың жолында орналасқан.

Жазықтар мен ойпаттартеңіз, өзен аңғарларында. Шаруашылық ты жүргізу қиын, вулкандар көп. Жер «жаулап алынған» есебімен толығуда.




Оңтүстік-шығыста өтетін жылы Куросио ағысы климатты жұмсартады. Орталық бөлігінде меридиан бойымен тау тізбектері жатыр.

Жапонияда қысқа және мол сулы болып келеді. Ірі өзені-Синано.Энергияның, шаруашылықтың, өнеркәсіп, тұрмыстық үшін маңызды.


2/3 бөлігін ормандар алып жатыр. Хоккайдо а қылқан жапырақты, Хонсю емен, шамшат, үйеңкі, оңтүстік мәңгі жасыл орман.
Жапония хылықтын саны д/ж 10 орында 127 млн адам.


Халықтың өсуі

құрамы

ЭБХ

тығыздылық

урбандалу

Туу көрсеткіші 9‰, табиғи өсуі 0, адамдардың орташа ұзақтығы артуда 86 жас. Д/ж 7 орында. «Ұлттық қартаюы» проблемасы тұр.

99,3% жапондықтардан тұрады. корейлер, қытайлар, айндардың үлесі шамалы.

ЭБХ-54%,

60%-қызмет көрсету,

22% өңдеуші өнеркәсіп,

18% басқа салалар. 5,3% жұмыссыздар



1км2 337 адамнан, Әсіресе тынық мұхит жағалауында орналасқан.

Қазіргі кезде 86% қалаларда тұрады, халық 1 млн асатын 11қала бар. Д/ж ең ірі мегаполис Токайдо-60 млн адам бар, халық ірі қаларға шоғырлану қарқыны бәсендеді.

Сабақты бекіту: 1. Сабақ несімен қызықтырды?

Жапония туралы нені білдіңдер?

Жапонияның табиғатының ерекшеліктері қандай?

Жапонияның орналасуы туралы не білдіңдер?

Жапонияның климаты шаруашылыққа тигізген әсері қандай?


Үйге тапсырма беру: Параграф соңындағы тапсырмаларды орындау. Қосымша мәлімет жинау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

.



Мерзімі:

Сабақ№7

Сынып: 11А

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы:Жапонияның шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Жапонияның шаруашылықтың даму кезеңдері, өнеркәсібінің дамуы, дүние жүзінде алатын орыны, ауыл шаруашылықтың дамуы мен көлік қатынасының ерекшеліктері сыртқы саудының дамуы туралы білім беру.

Дамытушылық: Жапонияның экономикасының дамуын картадан көрсете отырып еасте сақтау қабілеттерін арттыру. Ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Өзге елдің экономикасын оқи отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, репродуктивті,

Сабақтың барысы: І: ұйымдастыру кезеңі 1 мин.Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындалу.

ІІ: Өткен тақырыпты қайталау үшін сұрақтар.


  1. Жапонияның орналасуы.

  2. Мемлекеттік құрылымы туралы әңгімеле. Мемлекетті басқару формасы.

  3. Жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты,орман ресурстары. Табиғаттағы ерекшеліктер.

  4. Халқы. Саны, ұлттық құрамы, ЭБХ, тығыздылығы, урбандалуы.

ІІІ: жаңа тақырыпты түсіндіру. Жапонияның шаруышылық қалыптасуы кезеңіне қысқаша тоқталу. Шаруашылығы бірнеше даму кезеңінен тұрады.

2-ші д/ж соғыстан кейін экономикасы әлсіреп, әскери мақсатқа маманданған шаруашылық енді бейбіт мақсатта қайта құру міндеті тұрды. Америкалықтардың жаңа техникасын игеріп, олардан озып кетуге тырысты. Арзан шикізатты сатып алып, дайын өнімді қымбатқа сату, яғни экспортқа бағдарланған.

ХХ ғ. 50 ж экономикасы қалпына келді. Шаруашылықты толығымен жаңартып, әсіресе өнеркәсіптік салаға көп көңіл бөлді. Тауарларды экспортқа қымбат бағамен сатты.

ХХ ғ. 50-70 ж. жоғары қарқынмен дамып, эк-ға қолайлы ықпал жасады.



  • Мамандану деңгейі жоғары әрі көнбіс (төзімді)

  • Д/ж нарықта шикізат пен отын бағасының арзан болуы;

  • Шетелдерден жаңа ғылыми-техникасын сатып алып жергілікті жерде қолдану;

  • Әскеришығындары төмен;

  • Қаржыны эк-ны дамытуға жұмылдырды;

  • Мемлекет тарапынан эк-ны реттеу.

ХХ ғ. 70 ж. энергияны мен шикізатты көп қажет ететін салаларды азайтып. Ғылымды көп қажет ететін өндірісті ұлғайтты. Электрониканы, автоматтандыру, робот. Аса маңызды қаржы орталыққа айналды.

Тапсырма: Жапонияның өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта күшті мен әлсіз жақтарын көрсет:



Ішкі салалар, маңыздылығы.

Шеттен әкілінетін

Электр энергияны өндіру АҚШ, Қытай, Ресейден кейін 4ші орында.60%жылу,30%атом

Өңдеуші өнеркәсіп-материалдық, ғылымға негізделген.

Машина жасау, ірі танкерлер, жүк кемелер, кеме орталықтары-Иокогама, Кобэ, Нагасаки.

Автомобиль «Тойота», «Ниссан», «Хонда»концерндер, орталықтары-Нагоя, Хиросима, Токио.

құрал-жабдықтар, өндіріске қажетті машиналар,Токио-станоктар, Нагояда-қарапайым станоктар, Осака-ауыр машина.

Тұрмыстық техника-бейнемагнитафон, түсті теледидар, радио, электрондық есептеуіш техника, тетіктер.

Қара мет-гия 23%Жапонияның үлесіне тиеді.


Қорытынды шығар. Қандай салалар маманданған, жетекші сала, не жетспей жатыр?

14% халық ауылда тұрады, ЭБХ 5%, ЖІӨ 2%.



Өсімдік

Мал шаруашылығы

Балық шаруашылығы

Ең басым-өсімдік шаруашылығы. 14% құрайды. Жылына 2-3 рет өнім жинайды.

Негізгісі-күріш, жылына 12-14 млн т күріш жинайды. Хонсю аралында көп өсіріледі.

Бидай, қытайбұршағы, көкөкніс, жеміс. Жылыжайларда-қызанақ, қияр, тәтті бұрыш, құлпынай, малазықтық дақылдар, жібек әйгілі.


2-ші д/ж соғыстан кейін ет пен сүт өнімдерін көп пайдаланды. Ірі қара, шошқа, бройлер тауықтар, шаруашылықтар автоматтандырылған, ірі қалалардың маңында шоғырланған.

Күнделікті пайдаланатын тағам, жылына 6-7млн т теңіз өнімдерін аулайды.

Көлік қатынасы жоғары деңгейде дамыған. 4 аралы арасында тоқтаусыз көлік қатынасы жүріп жатыр. Бір-бірімен тонел мен көпірмен байланысқан. Хонсю мен Хоккайдо арасында д/ж ең ұзын тунелл 54 км созылады.

Тасжолдар жиілігі 1 км203 км алдыңғы орында.

Теміржол ұзындығы 20 мың км. «Синкансен» экспресі қызмет ететін жолдар шалғай жатқан ауылдарға таралады.

Теңіз көлігі маңызы зор, аса ірі порт Тиба, Кобэ, Иокогама, Нагоя, Осака, Китакюсю.

Сыртқы байланыстары. Сыртқы сауда көлемі жөнінен АҚШ, Германиядан кейін 3-ші орында.Тұрмыстық заттар экспортқа бағытталған. Импортта шикізат пен машина өнімдері, азық-түлік. Негізгі сауда әріптесі АҚШ. Көрші елдермен Қытай, КореяР, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен сауда байланысы тығыз. Таяу Шығыс елдері мұнаймен қамтамасыз етуде.

Жапонияның Қазақстанмен байланыс туралы де әңгімелеу.



Сабақты бекіту: Импортқа бағытталған өнеркәсіптік салалар?

Экспортқа бағытталған салалар?

Экономиканы көтеру мақсатында қандай шаралар ұйымдастырылды?

Тынық мұхит жағалауында қандай өнеркәсіптер орналасқан?(Құрал-жабдықтар мен өндіріске қажетті машиналар)

1990 ж Жапония экономикасының дамуы.

Географиялық диктант:

Электро энергияны өндіруден-4 орында

Автомобиль өнеркәсібі жөнінде д/ж бойынша -1 орында

Робот шығарудан -1 орындыСыртқы сауда көлемі жөнінде-3 орында.

ЖІӨ-2 орында



Сабақты қорытындылау: Не туралы әңгімелестік?

Ненісімен қызықтырды?

Жапонияның күшті жақтары қандай?
Үйге тапсырма беру: параграф соңындағы тапсырмаларды орындау.

Мерзімі:

Сабақ№8

Сынып: 11А

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы: Қытай

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қытай Республиканың экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттің қалыптасуы және геосаяси жағдайы мен табиғи жағдайы туралы білім беру.

Дамытушылық: картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: өзге елдердің тұрмыстық, табиғи жағдайларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, кескін кармен жұмыс, суреттеу.

Сабақтың әдістемелік құралдары:

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.



  1. Қытайдың құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. ҚХР негізінензаңына сәйкес социалистік мемлекет болып табылады. Құрамына 22 провинция, 23 Тайваньмен есептегенде. 5 автономиялық аудан орталыққа бағынатын 3 қала-Пекин, Шанхай, Тяньцзин. 1997 ж Сянган (Гонконг) Қытай аумағына өтті. Астанасы-Пекин қаласы, халықтың саны 17200000 адам.

  2. Тапсырма: Қытай шекарасының кескінің сызу. Шеракаралас мемлекеттерді, табиғат жағдайларын, су ресурстарын суреттеу.




  1. Қытай мемлекетінің қалыптасу тарихы.

  • 400-500 мың ж бұрын –жабайы адамдар юанмоу, лантян, синантроптар-қытай питекантропы.

  • Б.з.б. ІІ-ІІІ м/ж-Ся құлдық құрылыс дамыған әулиет.

  • Шан әулиеті

  • Батыс Чжоу, феодалдық қатынас билікке келді.

  • Б.з.б. 221 ж император Циньшихуан бөлшектеніп,

  • Көпұлтты Цинь империясы құрылды.

  • 1840 ж қытай феодалдық қатынастар орнады.

  • 1911 ж Сунь Ятсен басқарған буржуазиялық-революция нәтижесінде

  • 1912 ж 12 ақпанда республика болды.1949 ж 1 қазанда ҚХР құрылды.

Коммунистік қоғамды орнату үшін түрлі эксперименттерді жүргізді.

Климаты алуан түрлі, қоңыржай, субтропиктік, субэкваторлық белдеуде орналасқан. Теңіздерден қашық орналасқан климаты континенттік әрі қатаң. Көп жерлер шөлдер мен шөлейт алып жатыр. Ж-ш мөлшері аз, егіншілік қолдан суару, жазы ыстық, қысы суық. Шығыста Тынық пен Үнді мұхиттын ықпалы зор. Қыста құрғақ әрі салқын. Жазы муссон 100-150 км жететін дауылды – тайфун. Нөсер жаңбырлар.

Топырағы: шығыста- құнарлы сұр, сұр қоңыр. Оңтүстікте-сары және қызыл топырақ тараған.

Халқы. 1949 ж туу мен өлімі жоғары .

Қытай-көпұлтты біртұтас мемлекет, 56 ұлт бар. 1995 ж негізгі халқы-ханьдықтар, саны 1 млрд аса адам өсті. Өзге халықтар-чжуан, хуэй, ұйғырлар, манчжурлар, тибеттіктер, моңғолдар, қазақтар. Ең көп-чжуандар, ең аз-лобалықтар.

Ресми тіл мандарин диалектісі, өзге ең танымал юаухакка, ган, минь, цзян. Өзге тілдер ең көп тараған тай, ұйғыр, мяо, қазақ тілдері.

Ең маңызды дін конфуцийлік, даосизм, будда, мұсылмандар мен христиандар.

Ұлттың өз әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасты. Оларға табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар ықпал етті. Солтүстік-ұн тағамдары, оңтүстік-күріш.



Ұйғыр, қазақ, өзбек

Қой етінен палау, кәуап, тандыр нан

моңғолдар

Қуырылған күріш, қуырылған құйрықты, сүт қатқан шай,

Корейлер

Дагао пудингі, салқын кеспе, ашытылған қырыққабат

Тибеттіктер дзамбаны

Майда қуырылған арпа ұнын жеп, тұшыланған маймен шай ішеді




моңғолдар

Шапан мен етік

тибеттіктер

Чуба шапаны,

ұйғырлар

Кестеленген тақия

корейлер

Тұмсығы қайқы етік

Мяолықтар, тибет әйелдері

Алтын мен күміс әшекейлер,

ханьдықтар

Ішкі ауласы бар үй

Моңғолдар, шыңшаңның, цинхайдың, ганьсудың

Киіз үйлер

Оңтүстік қытай

Екі қабатты үйлерде тұрады

Сабақты бекіту: 1. ҚХР-ның ЭГЖ.

2.Қандай елдермен шектеседі.

3. ЭГЖ қолайлы жағдайы.

4. Қытай республика болып аталуы қандай оқиғаға байланысты болды?

5. Табиғатын, климатын, топырағын сипатта.

6. Халықтың құрамы, өсу мен туу жағдайы.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта не туралы әңгімелестік?

Нені білдіңдер?

Қандай маңызды мәселелер талқыланды?


Үйге тапсырма беру: параграфты оқу, параграф соңындағы тапсырмаларды орындау.

Мерзімі:

Сабақ№9

Сынып: 11А

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы: Қытай шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Шаруашылықтың дамуына сипаттама жасау, Қытайдың өнеркәсіптің дамуы, ауыл шаруашылықтың, көлік пен байланыс туралы білім беру.

Дамытушылық: Картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Географиялық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, репродуктивті, картамен жұмыс жасау

Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ: Өткен тақырыпты қайталау үшін, сұрақтар қою.



  1. Дәптерде орындаған тапсырманы тексеру.

  2. Қытай мемлекетінің қалыптасуы туралы әңгімеле.

  3. Қытай жеріндегі су ресурстарының таралуы, картадан басты өзендерді көрсету.

  4. Қытайдың климаты.

  5. Халықтың өсуі мен азаюі туралы.

  6. Халықтың құрамы мен таралуы.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Қытай шаруашылыққа сипиттама жасау. Оқушыларға өздігінен тапсырма беру.

1949 ж ҚХР болып жариялап, 1979 ж реформа жүргізіп, экономикалық құрылыста көптеген жетістіктерге жетті.Өндірістік және а/ш саласында д/ж бірінші орынға ие болды.

Сызба жасауды тапсыру:Азық-түлік тауарлар:

Астық, ет, құс, жұмыртқа, судағы кәсіпорындар, өсімдік, жануарлар майлары,

Отын, өндіріс, құрылыс материалдары

Көмір, пластмасса, пленка, цемент,Халық тұтынатын тауарлар

Мақта, жүннен жасалған мата, кездемелер киімі, велосипед, кір жуу машина, телевизор, шыныдан тұрмыстық заттар,

Өндіргіш күштер

болат , түсті металдар, химиялық талшық, шұға кездемесі, химиялық танайтқыштар өндіруден, электр энергияны,



Техникалық күштері

Ауыр индустрияның тау-кен, энергетикалық, металлургиялық, химиялық, автомобтль, кеме жасау кәсіпорындарда құрал-жабдық өндіруде.



Сонымен қатарБілім беру, ғылым, мәдениет

Тапсырма; 1949 ж мен 1960-70 ж экономиканың өзгеруін анықта.



1949-57 жылдары

1960-70 ж

1980-2009 жж

Өнеркәсіп, банк, көлік, сауда мемлекет қарамағына өтті. Помещиктер жойылып, жер шаруаларға берілді. Кооперативтерге бірікті. Жоспарлы экономикаға кірісті. Өнеркәсіп 2,3 есе өсті. Индустрияның негізі қаланды.Солтүстік батыс ірі өндірістік аумақтарға айналды.

Сыртқы және ішкі саясатта, экономикада қолайсыз зардаптарға тіреді. А/ш, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамытуға, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға, а/ш ұлғайту, өнеркәсіпте шетел капиталып дамытты.

Экономиканың көрсеткіші д/ж екінші орын алып, ЖІӨ 8,8 трл доллар. Шетелдермен сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени байланыстары дами түсті.

Өнеркәсібі.

Отын-энергетика

Өнеркәсіп

Қара металлургия

Машина жасау

Энергетикалық

Авиация

Таскөмір- басты басснейндері; Солтүстік-Шығыс пен Солтүстік, Солтүстік-Батыс. Мұнай-Солтүстік-Батыс шөлдер мен таулар. Электр энергияны Солтүстік-Шығыста ЖЭС өңдіреді

Ұшақ, кеме, автомобиль, Жердің жасанды серіктері, кәсіпорындарды модернизациялауғ шетел инвестицияларды тартты.

Аньшань, Тайюань

Пекин,Тяньцзинь,

Шанхай,Ухань,

Баотоу,Паньчжихуа,

Үрімші

Цзюцюан, 21 кәсіпорын, жылына 1 млн т. қуатықа ие.



Солтүстік-Батыс Оңтүстік-батыста түсті металдар кені.

Шаруашылықтың

Барлық салаларын жоғары сапалы кешенде жабдықтармен қамтамасыз етілген.Өнімдері экспортқа шығарылады.



Көмір, мұнай, электр энергияны өндіру. 2008 Мұнайдан 5 орында

Электр энерг 2 орын. Линьюнган атом электр станциясы салынуда.



Жйқын-ұшақтар, бомбалаушы, барлаушы ұшақтар, пассажирлік және көліктік ұшақтар, тікұшақтар.




Женіл өенркәсіп

Тоқыма өнеркәсіп

44 сала, 200мың тауар шығарады. Фарфор, сағат, шамадан, былғары бұйымдары, аяқкиім, ойыншықтар, металл бұйымдары, шамдалдар, көзілдірік, т.б. экспортқа шығарылады

Мақтадан, жүннен, жасанды талшықтан мата тоқу, бояу, тоқыма мата, киім кешек дайындау. Жібек, тоқыма заттар экспортқа шығарылады.

А/ш Қытайдың негізгі саласы болып табылады. А/ш материалдық техникалық жабдықтармен жақсартылған.

Егін шаруашылығы, астық-бидай, жүгері,бұршақ, тәтті картоп өсірілетін алптарын картадан тауып, дәптерлеріне жазып алады.



Суда өсетін күріш-басты аудандар-Янцзы, оңтүстік Қытай, Юньнан-Гуйчжоу үстірті.

Бидай-басты алабы Хэнань, Шаньдун, Анохой, Шэнси, Цзянсу, Хубей, Сычуань.

Жүгерінің басты аудандары-Солтүстік-шығыс, Солтүстік, оңтүстік-Батыс.

Бұршақ тұқымсдастар-Солтүстік-шығыс, хуанхэ-Хуайхэ,

Тәтті картоп жаппай өсіріледі. Техникалық дақылдар: мақта, жержаңғақ, рапс, күнжіт, қант құрағы, шай, темекі, жібек құрты.

Мақта өсіру алаптар-хуанхэ, Янцзы, Манас.Жержаңғақ- Шаньдун, Гуаньдун, Гуанси, Ляоянде

Рапс-Янцзы, Сычуань, Қант құрағы-Оңтүстік Қытай,

Қант қызылшасы-Хэйлунцзян, Цзилинь, Ішкі Моңғолияда.

Мал шаруашылығы-Ішкі Монғолия, Синьцзян, Тәңіртау, Алтай таулары, Цинхай-Тибет таулы үстірттер.

Көліктің барлық түрлері жоғары дәрежеде дамыған.

Теміржол ұзындығы 86000км, автомобиль 3,6 млн км,

Пекин қ ішкі авиабағыттар жүйесі, Ұшақтар барлық провинцияларға, автономдық аудандарға, орталыққа, туристік қалаларға. 2009 ж 3 орынға шықты.

Байланыс: оптиклық-талшықты, сандық, жерсеріктік, мобильдік, коммунаторлық түрлері қалыптасқан.Бұкіл елдерді байланыстырады. Орта, ірі қалаларда экспресспошта жұмыс істейді.Тікелей телетайп, сандық ақпарат, факс, халықаралық телебағдарламалар трансляциялау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет