Мерзімі:
Сабақ№15
Сынып: 11А
Пәні: География Сабақтың тақырыбы: Бірінші тоқсандық бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты: Бірінші тоқсанда өткен тақырыпты қайталау, пысықтау, білімдерін тексеру.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: өздік жұмысы
Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға бақылау жұмысының парақтарын тарату.
ІІ. Бақылау жұмысы: І-нұсқа
Азияның бір мемлекетіне сипаттама бер.
Азия елдеріндегі ең дамыған мемлекеттің шаруашылығына экономикалық баға беру.
Тест тапсырмалары
1: Жапонияның аумағында қанша арал бар?
А.8 мыңға жуық В. 5 мыңға жуық С.4 мыңға жуық
2: Қытай өнеркәсібіндегі маңызды сала.
А.ауыр индустрия В. қара металлургия С.ауыл шаруашылығы
3.Контитуциялық монархия сақталған Азия елдері
А.Бирма, Үндістан, Пәкістан В.Ауғанстан, Иран, Шри-Ланка
С.Жапония, Тайланд, Непал
4.Бангладештен кейін халық тығыздылығы жағынан екінші орын алатын мемлекет
А.Жапония В.Корея С.Түркия
5. Түркияның мал шаруашылығында басым ..
А.ірі қара В.қой, ешкі С. түйе, жылқы
ІІ-нұсқа
Азияның бір мемлекетіне сипаттама бер.
Азия елдеріндегі ең дамыған мемлекеттің шаруашылығына экономикалық баға беру.
Тест тапсырмалары
1: Жапон халқының туу көрсеткіші төмен болғандықтан, қандай проблемалары тудыруда?
А. Халықтың ұлтты құрамы проблемалары
В. Халықтың өмір жасының ұзақтығы төмен проблемалары
С.Қартаю проблемалары
2: Қытайдың оңтүстік-батысындағы таулар.
А. Гималай, Қарақорым
В. Наньмин, Юньнань-Гуйчжоу
С. Альпі, Хинган
3. Халқы тек бір ұлттан тұратын мемлекет
А. Жапония В. Қытай С. Үндістан
4:Аграрлық ел
А.Корея В.Түркия С. Қытай
5. «Хундай», «Дэу», «Киа» автомобиль компаниялары
А. Корея В.Қытай С.Жапония
Қорытынды кезең. Бақылау жұмыстарын жинау. Қоңырауға жиберу.
Сабақ №17 мерзімі
Сабақтың тақырыбы: Азияның екі еліне салыстырмалы сипаттама беру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өздігінен Азия елдерінің географиялық орнына, климатына, шаруашылығына, жер бедеріне, табиғат жағдайларына салыстырмалы сипаттауды үйрету.
Құрал-жабдықтар: Атлас карта- пайдалы қазбалар, физикалық карта, саяси-әкімшілік картасы, оқулық.
Тапсырма:
Өткен тақырыптар бойынша, өз еркінмен Азияның екі елін таңдап алыңдар.Физикалық картаны, саяси картаны, климаттық картаны пайдалана отырып, төмендегі жоспар бойынша салыстырмалы түрде сипаттама жасандар.
Жоспар:
Экономикалық географиялық жағдайы.
Табиғаты .
Табиғи ресурстар.
Шаруашылық.
Сыртқы байланыстар.
Мемлекет атауы
|
|
|
Экономикалық географиялық жағдайы
|
|
|
Табиғаты
|
|
|
Табиғи ресурстар
|
|
|
Шаруашылық
|
|
|
Сыртқы байланыстар
|
|
|
Жасалынған жұмысқа қорытынды жасау. Екі еліне ауызша салыстырмалы түрде сипаттама жасау. Мемлекеттердің даму деңгейлерін анықтау.
Нені білдік?
Нені жасауды үйренді?
Сабақ №18 мерзімі
Сабақтың тақырыбы: Еуропаның саяси картасы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Еуропа елдерінің географиялық орнына, мемлекеттік құрылыма, табиғат жағдайларына экологиялық жағдайына сипаттама беру.
Дамытушылық: Карта мен сурет арқылы оқушылардың білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қылаптастыру.
Тәрбиелік: Өзге елдердің табиғатын, саясатын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып түіндіру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, картамен жұмыс жасау,
Сабақтың барысы: І: Ұйымдастыру кезеңі 1 мин.
ІІ: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Еуропа-еуразияның батысында орналасқан. Аралдармен қоса есептегенде жердің ауданы 10 млн км2.
ЭГЖ:
Елдер өзара тығыз орналасқан
|
Елдің басым көпшілігі теңіз жағалауында орналасқан.
|
Жағалық сызық күшті тілімдеген.
|
Мемлекеттер құрылымы: Еуропада 40 астам ел бар. Олардың көпшілігі экономикасы жоғары дамыған. Бір ғана Ұлыбритания иелігінде Гибралтар, Шпицберген аралы Норвегияның , Фарер аралдары Данияның құрамында болып саналады.
¾ республикалық, 12 мемлекет монархиялық, барлық елдер Ватиканнан басқа конституциялық монархия. Монако мен Лихтенштейін князь, Люксенбургте герцог. Унитарлық мемлекеттер басым, ал федерациялық мемлекеттер жиі өзгеріп тұрады. 1990 ж Чехословакия екіге бөлінде, Германия бірікті, Югославия Федерациясы ыдырап, орнына Сербия мен Черногория пайда болды.
Табиғат жағдайлары:
Жер бедері
|
Пайдалы қазбалары
|
климаты
|
гидроэнергетика
|
Жер ресурстары
|
Экологиялық жағдайы.Соңғы кезде Еуропа табиғат өзгеруде. Әсіресе жекелеге аудандар – топырақ, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар ластануда. Аудағы күкірт газы мен көмірқышқыл газ, азот тотықтары, судағы өнеркәсіп қалдықтары мен ауыл шаруашылық қалдықтары; топырақ есепсіз пайдаланылған тынайтқыштар мен улы химиялық қосылыстар.
Көптеген елдерде ормандар жылдан жылға азайып барады. Халық санының қарқын өсуі, шаруашылықтың жаппай өркендеуі жағдайында арнайы қорғауға алынған жерлер – ұлттық саябақтар, қорықтар, қорыққорлардың аумағын кеңейту қажетті туындап отыр. Ұлттық саябақтар саны 100 асады. 1 кестеге нара аудару.
Қорытынды кезең: Сабақта нені білдіңдер?
Нені тағы да білгілерін келеді?
Сабақтың маңыздылығы неде?
Үйге тапсырма беру: параграф соңындағы тапсырмаларды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |