Ойлау өрістілігі – адамның мәселені тұтастай қамтып, сонымен бірге оның жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті.
Ой тереңдігі – күрделі мәселелердің мәніне жете енуден көрінеді. Ой тереңдігіне қарсы сапа – ой үстірттігі. Мұндайда адам басты нәрсені көрмей, қажеті кем жағдайлардан аса алмайды.
Ой дербестігі – адамның жаңа міндеттерді алға тартып, басқалар жәрдемінсіз-ақ оларды шешудің жолдарын таба білу.
Ой асығыстығы - тұлғаның кезіккен мәселені жан-жақты ойлас- тырып алмай, қандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру, жетерлі ой сарабынан өтпеген жауаптар мен пікірлер айту әдеті.
Ой икемділігі – мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері құрсауына маталып қалмай, қалыптан тыс шешім жол- дарын іздестірудегі еркіндігі, жағдай өзгерістеріне орай жаңаша ой жүргізу қабілеттілігі.
Ой жүйріктігі – адамның ауысқан, бейтаныс жағдайлар мәнін жылдам түсініп, ойланумен дұрыс жол таба білу қасиеті.
Ойлау әрекетінде көрініс беретін шабандық жүйке жүйесінің типі – жай қозғалғыштығымен байланысты. Айзенк пікірінше, ақыл үдерістерінің шапшаңдығы адамдар арасындағы ой-өріс, парасат ерекшеліктерінің негізгі тірегі.
Ой сындарлылығы – адамның өзінің де, өзгенің де ой, пікірін шынайы бағалай білу ептілігі, алға тартылған тұжырымдар мен қорытындыларды тиянақты әрі жан-жақты тексерістен өткізе алу қабілеті. Ойлаудың жеке-даралықты ерекшелігі әр адамның өзіне тән, өз қызметімен байланысты ойлау түрлерін таңдай білуіне байланысты. Мысалы, бір адам – көрнекі - әрекеттік ой түрін таңдаса, екіншісі
– көрнекі – бейнелі ой толғастыруды қалайды, ал үшіншісі, тұлғалық деңгейі жоғары адам – абстракт-логикалық ойлауды қару етеді.
Зерде және оның құрылымы
Тұлғаның ойлау сапасы, қабілеті оның зердесінен көрінеді.
Зерде (интеллект-лат. Inteellectus – ақыл-ес) тек өкілінің ақыл-ес қабілеттерінің тұрақты құрылымы, оның танымдық мүмкіндіктерінің денгейі, адамның өмір жағдайларына бейімделуіне арқау болар психикалық тетіктері, болмыстың мәнді өзара байланыстарын түсіне
білуі, сонымен бірге тұлғаға тән қауымдық мәдениет тәжірибесіне араласа жүру қасиеті.
Қазіргі күнде «зерде» мәнін түсіндірудің үш жолы бар:
биологиялық тұрғыдан зерде – бұл «жаңа жағдайға саналы икем- десуге қабілеттілік»;
. педагогикалық тұрғыдан зерде – бұл « оқу, оқытуға қабілеттілік»;
құрылымдық тұрғыдан зерде – бұл барша ойлау құралдарын мақсатқа бейімдестіре жұмылдыруға «қабілеттілік» және «әрқилы қабілеттер бірігімі».
Адам бойындағы танымдық үдерістердің жиынтығы сол адамның ақыл, парасатын, яғни зердесін анықтайды.
Векслер анықтауында «Зерде – ақылды, саналы ойлай білу мен тір- шілік жағдайларында ұтымды табысқа жеткізетін ауқымды қабілеттілік», яғни зерде адамның қоршаған ортада бейімделе білу қабілеті ретінде қарастырылады.
Зерде құрылымы. Ч.Спирмен көзқарасында, әрбір адам өзінің жал- пы зердесінің белгілі деңгейімен сипатталады. Осыған орай тек өкілі қоршаған ортаға өзінше бейімдеседі. Сонымен бірге, адамдардың бәрінде әрқилы дәрежеде дамыған, нақты қызметтерде ғана көрінетін арнайы зерделілік болады.
Торстоун жалпы зерденің әрқилы құрылым элементтерін қарастыра отырып, алғашқы ақыл-ес мүмкіндіктерін атайды. Олар – ) есептеу қабілеті; ) сөз икемділігі; 3) сөздік қабылдау; ) кеңістікте бағдар алып жүру қабілеті; 5) ес; 6) пікір жүргізу қабілеті; 7) қабылдау шапшаңдығы.
Р.Кэттел пайымдауынша, әр адамның ақыл, ес, парасаттық, яғни зерделілік мүмкіндігі тумадан беріледі. Осы қасиет тұлғаның өмір барысындағы ойлау, дерексіздендіру (абстракциялау) және пікір жүргізуге деген қабілеттерінің негізін береді. Шамамен, 0 жас деңгейінде тұлғаның зерделілік дамуы өзінің шарықтау дәрежесіне жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |