Топ жасалуы – бұл алғашқыда шашыраңқы (диффузды) әлеуметтік бірігімдегі адамдарды өзара байланысты іс-әрекетке және өзара тәуелді қатынастарға түсіріп, қайта ұйымдастыру.
Топтық жіктеме (дифференциация) – бұл әлеуметтік топ мүшелерінің өзара қатынастарындағы қызметіне сәйкес бедел үстемдігі (иерархия).
Ресми топтық жіктеме – ресми – рольдік беделдердің өзара тәуелділігі (завод директоры - цех, бөлімшелер бастықтары – брига- дирлер – жұмысшылар).
Ресмиленбеген топтың жіктеме – бірлестіктегі жеке тұлғаның беделі топтың әрқилы мүшелерінің оған болған қатынасына тәуелді анықталады.
Кіші топта еленетін негізгі құбылыстар: топішілік қатынастар құрылымындағы бірігім мүшелерінің орны мен жағдайы, олардың бағыт- бағдары, беделі, ролі, топтың әлеуметтік-психологиялық динамикасы, яғни оның пайда болуы, дамуы, топ басшылығы, топ ішіндегі қатынас- байланыстар, топта бекіген талаптар және топтық бақылау.
Кіші топ мүшесінің ұстаным сипаты – ұстанымның топішілік құбылыстарға бағытталған қатынас жүйесінің тұрақтылығы. Топқа мүше болған адам ұстанымының (позициясының) кемелді тұлғалық деңгейге жетіп, орнығуы оның тұрақтылығына, қайшылықсыз, яғни бір принциптігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты айқындалады.
Топтық бедел (статус) – топ мүшесінің топішілік қатынастар жүйесінде иеленген орны, әлеуметтік ролі.
Топ тіршілігінің негізгі реттеушісі – топта қалыптасқан талаптар жүйесі (нормалар) мен топтық құндылықтар.
Топ басшысы (бұйрықпен белгіленген) ресми топ қатынастары мен қызметтеріне жетекшілік жасайды, ал топтағы бейресми тұлғааралық байланыстар көшбасшы (лидер) тарапынан орындалады. Лидер топ мүшелері тарапынан жоғары бағаланатын психикалық сапаларға ие болады да тән де, ал топ бастығы заңмен белгіленген ресми басқару мен бағындыру өкілеттеріне ие.
Лидер – топ ішіндегі бір адамның өзінің белгілі жағдайларда басым келген шешім қабылдау құқығымен топ мүшелері арасында танымал болып, қабылдануы.
Тұлғалық және қызметтік жөн-жосықты жоғары деңгейде тани білген бастық лидер де болып көріне алады, дегенмен басшылардың көбінің, әдетте, әкімдік басқарушы (администратор) дәрежесінен ары көтерілуге шамасы жетпейді.
Лидердің басшыдан айырмашылығы – ол топтың барша тіршілігіне араласа бермейді, әрі топ мақсатына жетекшілік ету оның міндеті емес.
Топқа басшылық жасау қызметі әрқилы тәсілмен, яғни стильмен атқарылуы мүмкін. Басқару стильдерінің танымал түрлері – әміршіл- әкімшіл (авторитарлы), либералды және демократиялы.
Әкімшіл басшылық стилі – жеке өзімшіл, субъектив сипатты мадақтау және кінәлау жолымен, көбіне бұйыруды құрал еткен басқару түрі.
Либералды басшылық стилі – топ өмірінің бір жақты шешім күтетін, жауапкерлі мәселелеріне араласпауды ұстаным еткен басқару түрі.
Демократиялы басшылық стилі – топ мүшелерінің бәрімен жолдастық, әріптестік қатынас түзуге бағытталған, олардың жұмыс бабындағы ынтасы мен белсенділігін ыждағатты тану және топ тір- шілігі мәселелерін ортақтаса талқылау сипатты басқару түрі.
Басшылықтың әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) стилі – қай қызмет саласында болмасын, негізінен өкім, бұйрық басымдылығымен сипат- талады, мадақтау мен жазалау өрескел субъективтігімен еленеді.
Басшылықтың өзбастылық (либералды) стилі – топ өмірі мен оған байланысты көкейкесті мәселелерге араласпау, топ мүшелерінің жетігіне парықсыз еріп, көрінген проблемаға орай «бас шұлғып», келісімпаздықтан әрі аса алмау.
Басшылықтың ұлағаттылық (демократиялық) стилі- басшы тұлғаның топ мүшелерінің баршасымен жолдастық қатынас түзе білуімен, олардың қалаған істегі бастау қадамына зерделі ден қоя жүріп, топ қызметінің қалаған мәселесінде дау-дамайсыз еркін пікір- таласты қолдап-қуаттауымен ерекшеленеді.
М а з м ұ н ы
Психология пәні және нысаны. Психология міндеттері. 3
Психология әдістері. Психологиялық зерттеулер кезеңдері. 5
Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны. 8
Осы заман психологиясының құрылымы
Психологияның арнайы және қолданбалы салалары 10
Адам психикасы жөнінде түсінік 12
Ми және психика. Психика құрылымы. Психика қызметтері. 14
Психикалық үдерістерді топтастыру 15
Сана – психиканың жоғары формасы
Сананың пайда болуы және дамуы 16
Психика деңгейлерінің өзара байланысы. 20
Психика және іс-әрекет 24
Іс-әрекет құрылымы және оның түрлері. 25
Негізгі психикалық үдерістер. 28
Түйсік: жалпы сипаттама. 30
Қабылдау : негізгі қасиеттері және түрлері 32
Елес: жалпы сипаттама 34
Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері. 35
Ес: жалпы сипаттамасы және түрлері. 37
Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы 40
Ойлау түрлері. 42
Ойлау сапасы 44
Зерде және оның құрылымы. 44
Ой белсенділігін көтеру әдістері 45
Ойлау жүйесінің бұзылысы. 47
Шығармашылық. Шығармашыл ойлау 49
Қиял: жалпы сипаттама және түрлері. 50
Әрекет-қылықтың эмоциялық реттелуі. 52
Әрекет-қылықтың реттелуіндегі ерік маңызы. 54
Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері: 55
Психикалық қалыптар: түрлері, сипаттамалары және топтасуы 56
Ашық сана қалпы. Ұйқы және түс көру 59
Тұлға түсінігі. Тұлға және қоғам. 60
Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері. 62
Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы. 63
Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара байланысы 65
Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу 67
Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері. 72
Тұлғаның психологиялық бітістері. 77
Тұлға типологиясы. 79
Тұлға бағыт-бағдары. Тұлға дамуы. 82
Мінез жөнінде түсінік. Мінез құрамы мен құрылымы. 85
Темперамент: қасиеттері мен типтері 87
Қабілеттер: психологиялық тетіктері мен құрылымы 89
Қабілет, нышан жəне нəсілдік 90
Қабілет жəне іс-əрекет 91
Қабілет жəне дарындылық 92
Ортақтасу түсінігі. Ортақтасу жəне сөйлеу 93
Тұлғааралық қатынастар психологиясы 96
Дау-дамай психологиясы 99
Кіші топ психологиясы 101
Топтағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастар. Топ көшбасшысы 102
Сәбет Бап-Баба
ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Оқу-анықтамалық қолданба
ЖШС «Нұр-прессі» бас директоры Жансеитов Н. Н.
Басылымѓа жауапты ќызметкерлер: Омарќожаева Г.К., Төребаева Г.А. Беттеуші: Төребаева Г.А.
Дизайн: Савельев А.О. Оператор: Умурова Г. О.
1
Басуѓа 20.12.2006 ќол ќойылды. Офсеттiк басылыс. Пiшiмi 60х90 / . Ќаѓазы офсеттiк. Ќарiп түрi «Таймс».
16
Шартты баспа табаѓы 6,6.
Таралымы 500. Тапсырыс № 31.
«Нұр-пресс» баспасы
050057 Алматы ќ., М. Өзтүрiк к-сi, 12 үй.
Тел/факс: (3272) 747-833, 742-650.
Е-mail: law-literature2006@rambler.ru
ЖШС “Нұр-пресс” баспаханасында басылѓан
106
Достарыңызбен бөлісу: |