Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет89/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар

Қабілет және іс-әрекет

Қабілет іс-әрекет талаптарына орай бастау алады әрі сол нақты іс- әрекетте қалыптасады.

Қабілет іс-әрекетке қосылмаған күннің өзінде, тұлға бойында оның іске асар мүмкіндігі ретінде сақталады. Қорытындылап айтсақ, қабілет


  • тұлғаның қандай да нақты іс-әрекет, қызметке жарамдылығын та- нытушы күрделі әрі бірігімді психикалық ерекшеліктер жиынтығы.

Қандай да жетістіктер барысында іске аса отырып, адам қабілеттері тек көрініп қана қалмастан, жаңа белес деңгейінде қалыптасып, одан әрі дамуда болады.

Адамды басқа тіршілік түрлерінен ажыратушы белгі ретінде қабілеттер сол адамның табиғи - әлеуметтік болмысын құрайды, ал ол болмыс – тарих өнімі. Адам табиғаты оның еңбектік іс-әрекетіне негіз- деліп, тарихи даму процесінде қалыптасады, сонымен бірге өзгерістерге түсіп отырады. Зерде (интеллектуал) қабілеттері адамның қоршаған дүниені мейлінше таныған сайын, оны өзгеріске келтіре білу ептілік, дағдыларының өрістеуімен бірге дами түседі. Тұлғаның көркем-өнер, әдеби шығармашылық, ән-күй және т.б. қабілеттері өнердің әрқилы түрлерінің даму барысына орайлас келеді.



Еңбектік іс-әрекет аясының кеңеюі және оның жаңа түрлерінің пайда болуымен адамда қабілеттердің де жаңа түрлері қалыптасып барады. Адам қабілеттері мен олардың құрылымы тарихи өзгерісте болатын еңбек бөлісі формаларына тәуелді келеді.

Тарихи даму барысында адамзат қауымында әрқилы маманданған қабілеттер қалыптасып отырады. Олардың бәрі де адамның дербес еңбектенуіне және тарихи дамуға байланысты жасап, жинақтағандарды оқып, үйреніп меңгеруіне қажет қабілеттерде түрліше көрініс табады. Нәтижеде, іс-әрекеттің әрқилы түрлеріне орай – арнайы қабілеттер және жалпы қабілеттер өзара жіктеледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет