Мінез бітістері – бұл жеке адам ерекшеліктерінің даралықты көрсеткіш, белгілері. Бітістерді зерттеуде аса маңызды келетіні олар ара- сында нақты адам бойындағы жетекші бітісті таба білу. Осы талапқа орай Н.Д.Левитов барша мінез бітістерін екі топқа бөледі: бағыт-бағдар бітістері және ерік бітістері.
Бір топ ғалымдар бітістердің келесідей жинақтарын ажыратуды ұсынады: көңіл-күйлі (қызбалық, жабырқаңқылық, оптимистік), мо- ральды (адалдық, жауапкершілік), еріктік (батылдық, табандылық, ұстамдылық), ой-өрістік (бақылағыштық, қызығушылық, ойлампаздық, зеректік, тапқырлық).
Ортақ бітістер – белгілі топ өкілдерінің өмір жағдайларына бірдей сәйкес келіп, ондағы әрбір мүше, адам бойында үлкен не кіші мөлшерде көрінетін жалпылама психикалық белгілер.
У.Э.Фреми психологиясында адам мінезі мәнін оның тіршілік бағыт- бағдары анықтайды, осыған орай адам төңірегіндегі дүниемен қарым- қатынасқа түседі.
Ғалым пайымдауынша, тұлға мінезі – бұл біреуі басымдау келген бір- неше тіршілік бағыттарының жиынтығы. Э.Фреми екі басты бағытты ажырата, қарастырады: өнімді және өнімсіз. Ал бұлардың әрқайсысы өз ішінде белгілі мінез типтерін қамтиды.
О.Ранке типологиясында адам мінезі (орташа адам, жүйкесі шалдыққан (невротик) адам, шығармашыл адам) ерік тұрғысынан даму генезисіне байланысты қарастырылады; ал А.Лоуэн типологиясында мінез типтері «Мен»-бейне ерекшеліктеріне байланыстырыла зерттеледі (жағымпаз (мазохист), шарбая (истерик), махаббатшыл (нарциссичес- кий), делқұлы (есуас - шизоид) типтер).
Сонымен, мінез – бұлтек өкілінің өмірлік жоспарыменшарттасқан тұрақты да жалпыланған әрекет-қылықтарының жүйесі. Мінез – тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты, жеке өзіне тән сапа-қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қаланған сапалар көрініс береді.
Бір мінез бітістері жетекшілік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінез- дегі мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-теңдігі.
Достарыңызбен бөлісу: |