Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет83/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

физиологиялық (органикалық) қажеттіктер: аштық, шөл, жыныстық ниет және т.б.;

  • қорғаныс қажеттіктері: өзін қатерсіз сезіну, қорқыныштан, сәтсіздіктен және агрессиядан қорғау, құтылу;

  • қоршаған ортаға керекті болу және сүйіспеншілік, мейір қажеттігі: қауымға мүшелік, адамдар сапынан көріну, танымалдыққа жету және көпшіліктің қабылдауы;

  • сый-құрмет (ұлағатты болу) қажеттігі: таңдаған саладағы жоғары білімділік пен шеберлік, табыскер бола білу, қолдау-қуаттау көру, танымалдыққа ерісу, бедел;

  • таным қажеттіктері: білу, епті болу, түсіну, зерттей алу;

  • әсемдік (эстетикалық) қажеттері: жан-жақты үйлесім, сим- метрия, тәртіп-реттілік, сұлулық;

  • өз бойындағы мүмкіндіктерді аша білу қажеттігі: мақсат, қабілеттерді іске асыру, тұлғаның өзіндік дамуы.

    Сеп-түрткі (мотивация) – бұл ниеттелген қажеттікке орай ағзаның белгілі бағытта белсенділікке келуіне ықпал жасаушы нақты жүйке құрылымдарының (функционалды жүйенің) қозуы.

    Әрекет-қылық сеп-түрткісі әрдайым эмоционалды келеді. Біздің ұмтылыс әрекеттеріміздің қай-қайсысы да көңіл шарпуынсыз болмайды. Бұл орайда кей эмоциялар алыс мұраттарға бағытталған стратегиялық қызметтерді орындап, біз көздеген кей нысандардың маңыздылығын, оған

    байланысты адамның қажетсіну деңгейін байқатады, ал өзге біреулері қажеттік нысанына жетуді қамтамасыз етуші жекеленген жағдайлар мен шарттардың мән – мағынасынан хабар береді.

    Адамның сеп – түрткілік қалпы келесі психологиялық категори- ялардан көрінеді:қызығулар, тілектер, ұмтылыстар, ниеттер, құштарлықтар, құмарлықтар, ұстанымдар.



    Қызығу адамның тұрақты қажеттерімен байланысты көңіл-күйге толық сәйкестенген бағыт-бағдары. Қызығу тұрақты маңызға ие болған нысанға жоғары көңіл бөлуден көрінеді.

    Тілек – қажеттікті қамтамасыз етуге сай келген затпен байла- нысты сеп- түрткілік қалып. Тілек қандай да қажеттіктің пісіп жетілу кезеңін білдіріп, оның әрекет мақсаты және жоспарына сәйкес болуынан сезіледі.

    Ұмтылыс –тілек нысанына болған көңілдің көтеріңкілікпен бағыт алуы.

    Құштарлық – белгілі нысанға болған тұрақты да шарпулы көңіл ұмтылысы. Мұндай аффектті жағдайдағы қажеттік өзге қажеттіктердің бәрінен басым келіп, адам тіршілігінің барша бағыт-бағдарына ықпал жасайды. Құштарлық адамның ерік және көңіл-күй ниеттерінің басын біріктіреді. Ол адам көздеген нысанның қоғамдық құндылығына орай ұнамды да ұнамсыз болуы ықтимал.

    Құмарлық адамның қандай да нысандар тобына көзсіз әуестенуінен болатын психикалық қалып. Адам бойындағы құмарлық тума, табиғи не- гізді болуы да, сондай-ақ оның өмір барысында әлеуметтік жағдайлардың себебінен қалыптасуы да мүмкін.

    Ниет – белгілі мақсатты іске асыруға көзделіп, әрекет құралдары мен әдістері айқын саналы қабылданған шешім. Ниет ауқымында адамның әрекет жасауға деген талаптануы мен жоспарлау қызметі біріге орындалады.

    Ұстаным адамның белгілі жағдайларда әрекет-қылықтың үйреншікті әдістерін қолдануға дайын болу қалпы; бұл әрекет-қылықтық нейродинамикалық тұрғыдан шартталған тұрақты жобасы. Ұстаным

    – адам мінез-қылығына біткен, өзгеріске келе бермейтін, аса тұрақтанған психикалық белгі. Екі түрлі ұстаным өз алдына көрініс беруі мүмкін: жалпы және жіктемелі (бекіген) .

    Жалпы ұстаным – қандай да құбылыстардың үлкен тобына байла- нысты көрініс берсе, жіктемелі ұстаным дараланған нысандарға орай байқалады.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет