Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет86/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері

Мінездің еріктік бітістері - әрекет-қылықты саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. Мінездің негізгі сапалары: табандылығы, жігерлілігі, ұстамдылығы мен байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.

Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.

Мінез күш-қуаты адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті.

Мінез беріктігі мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі.

Мінез байсалдылығы – әрекет-қылықтық бір қалыптылығы мен ұстамдылығы, тұлғаның көңіл-күй еріктік тұрақтылығы.

Мінездің көңіл-күйге орай ерекшеліктері – тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл-күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажы- ралады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, талғамды және т.б.

Мінездің зерделік, ой-өріс (интеллектуал) бітістеріақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты типологиялық ерекшеліктері.

Тұлғаның ақыл-ес, ой-өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, бірегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл-ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы.

Мінез сан – алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет-қылықты реттеу қажеттігі туғанда олар арасынан нақты мезетте керек болатыны алғы шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тара- пы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында адамның өзін-өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне, бұл сапа- мен бірге жүретін тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне байла- нысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық және танымдық (когнитивтік) бағыт-бағдарларымен айқындалады.



Мінез бітістерінің асқынуы мінездің қалыптан тыс жағдайлары, жалпылай мінез тұрақтылығына ие болумен бірге кейбір әсер – ықпалдарды көтере алмауы (әзілге шыдамсыздық, сын көтермеу және т.б.).



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет