Мінездің еріктік бітістері - әрекет-қылықты саналы реттеу үшін қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. Мінездің негізгі сапалары: табандылығы, жігерлілігі, ұстамдылығы мен байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.
Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар және көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.
Мінез күш-қуаты – адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті.
Мінез беріктігі – мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі.
Мінез байсалдылығы – әрекет-қылықтық бір қалыптылығы мен ұстамдылығы, тұлғаның көңіл-күй – еріктік тұрақтылығы.
Мінездің көңіл-күйге орай ерекшеліктері – тек өкілі психикалық қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің көңіл-күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажы- ралады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, талғамды және т.б.
Мінездің зерделік, ой-өріс (интеллектуал) бітістері – ақыл қызметіне байланысты жеке адамның тұрақты – типологиялық ерекшеліктері.
Тұлғаның ақыл-ес, ой-өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, бірегейлігі, жалпыланған ойлау әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл-ес бағдары (әуесқойлығы), парасаттылығы және ойлампаздығы.
Мінез сан – алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет-қылықты реттеу қажеттігі туғанда олар арасынан нақты мезетте керек болатыны алғы шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тара- пы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында адамның өзін-өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне, бұл сапа- мен бірге жүретін тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне байла- нысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық және танымдық (когнитивтік) бағыт-бағдарларымен айқындалады.
Мінез бітістерінің асқынуы – мінездің қалыптан тыс жағдайлары, жалпылай мінез тұрақтылығына ие болумен бірге кейбір әсер – ықпалдарды көтере алмауы (әзілге шыдамсыздық, сын көтермеу және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |