Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



бет85/97
Дата01.01.2022
өлшемі286,83 Kb.
#107543
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97
Байланысты:
Психология негіздері
«Биология» п нінен алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар
Мінез бітістері бұл жеке адам ерекшеліктерінің даралықты көрсеткіш, белгілері. Бітістерді зерттеуде аса маңызды келетіні олар ара- сында нақты адам бойындағы жетекші бітісті таба білу. Осы талапқа орай Н.Д.Левитов барша мінез бітістерін екі топқа бөледі: бағыт-бағдар бітістері және ерік бітістері.

Бір топ ғалымдар бітістердің келесідей жинақтарын ажыратуды ұсынады: көңіл-күйлі (қызбалық, жабырқаңқылық, оптимистік), мо- ральды (адалдық, жауапкершілік), еріктік (батылдық, табандылық, ұстамдылық), ой-өрістік (бақылағыштық, қызығушылық, ойлампаздық, зеректік, тапқырлық).



Ортақ бітістер белгілі топ өкілдерінің өмір жағдайларына бірдей сәйкес келіп, ондағы әрбір мүше, адам бойында үлкен не кіші мөлшерде көрінетін жалпылама психикалық белгілер.

У.Э.Фреми психологиясында адам мінезі мәнін оның тіршілік бағыт- бағдары анықтайды, осыған орай адам төңірегіндегі дүниемен қарым- қатынасқа түседі.

Ғалым пайымдауынша, тұлға мінезі бұл біреуі басымдау келген бір- неше тіршілік бағыттарының жиынтығы. Э.Фреми екі басты бағытты ажырата, қарастырады: өнімді және өнімсіз. Ал бұлардың әрқайсысы өз ішінде белгілі мінез типтерін қамтиды.

О.Ранке типологиясында адам мінезі (орташа адам, жүйкесі шалдыққан (невротик) адам, шығармашыл адам) ерік тұрғысынан даму генезисіне байланысты қарастырылады; ал А.Лоуэн типологиясында мінез типтері «Мен»-бейне ерекшеліктеріне байланыстырыла зерттеледі (жағымпаз (мазохист), шарбая (истерик), махаббатшыл (нарциссичес- кий), делқұлы (есуас - шизоид) типтер).

Сонымен, мінез бұлтек өкілінің өмірлік жоспарыменшарттасқан тұрақты да жалпыланған әрекет-қылықтарының жүйесі. Мінез – тек өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты, жеке өзіне тән сапа-қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қаланған сапалар көрініс береді.

Бір мінез бітістері жетекшілік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінез- дегі мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-теңдігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет