Қабілеттер: психологиялық тетіктері мен құрылымы
Қабілет – адамның әрқилы іс-әрекеттерге орай көрініс бере- тін психикалық мүмкіндіктерін анықтаушы тума анатомиялық
физиологиялық және өмір барысында меңгерген реттеу-түзету сапаларының жиынтығы.
Әрқандай қызмет, іс-әрекет адамның тән-дене, психофизиологиялық және психологиялық мүмкіндіктеріне байланысты талаптар легін алға тартады. Осыдан, қабілет-тұлға қасиеттерінің нақты іс-әрекет талап- тарына сәйкестік шама-шарқын көрсетеді.
Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар
қарапайым және күрделі болып ажыралады.
Қарапайым қабілеттер – болмысты жай бейнелеуде, қабылдау, ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде қалаған әрекет орындауда іске қосылады.
Күрделі қабілеттер – оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады. Қарапайым және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами іс-әрекеттердің бірде біріне араласа алмайды.
Іс- әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер – сызу, көркемөнер – әдеби, нақты-ғылыми (математикалық және т.б.), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық, т.с.с. болып ажыралады.
Қабілеттер тек өкілі бойындағы білім, ептілік және дағдылармен шектелмейді. Олар нақты іс-әрекет тәсілдерінің шапшаң әрі берік игерілуінен көрінеді, тек өкілінің психикалық әрекеттерін реттеп ба- рушы тетік ретінде қызмет етеді.
Қабілет және нышан, нәсілдік
Қабілеттер нышан күйіндегі даму үшін қажетті болатын табиғи, нәсілдіктен бекіген алғы шарттарға негізделеді.
Адам қабілеттері тумадан берілмейді. Алайда, кейінгі өмір барысында дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт – нышан оның гендік тұғырында бекіген.
Қабілет нышандары – бұл әрқилы талдығыштар мен мидың кей- бір қабық аймақтары және жарымшарларының жұмысын қамтамасыз етуші жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Тума нышандар уақытша жүйке байланыстарының жеделдігін, олардың тұрақтылығын, бірінші және екінші сигналдық жүйелердің ара қатынасын анықтайды.
Адамдар арасындағы бастапқы табиғи айырмашылықтар дайын қабілеттерден емес, ал осы нышандық белгілердің әртүрлілігінен.
Нышандар мен қабілеттер арасындағы алшақтықты өлшеп болмайды. Оны тұлғаның бүкіл өмірлік даму жолымен ғана салыстыра, атау мүмкін. Нышандар көп мәнді әрі түрлі бағытта жайыла, өрбу-өрістеуі ықтимал. Нышандар – қабілеттер дамуының алғы шарты ғана. Нышандар не- гізінде дамушы – қабілеттер, бірақ олар нақты нышандардың қызметінен болмай, нышандарды өзінің құрамдас бөлігі ретінде қамтыған даму құбылысының өнімі. Тек өкілінің тіршілігіне етене еніп, олар өзіндік дамуға түседі, қайта жасалады және өзгеріп барады.
Нәсілдік белгілер адам дамуына қажетті шарттарының бірі ретінде, әрине, қатысады, алайда оның дамуы нәсілдік ықпалға тікелей байла- нысты емес, себебі, біріншіден – нәсілдік белгілер мен тұлғаның өмір барысында нақты игерген сапа – қасиеттері ажырамас бірлікті құрайды; осыдан қандай да психикалық қабілетті нәсілдіктен деп айту қателікті;
екіншіден – нәсілдіктен нақты психологиялық мазмұнға ие психикалық қабілеттің өзі пайда болмайды, оның дамуына негіз болатын табиғи алғы шарт – нышан ғана беріледі. Қабілет дамуының табиғи алғы шарты тек себепші ғана, ал адамның дарындылығы мен оның даму мүмкіндіктерін ол бойынша күні ілгері анықтап болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |