Кіші топ –барлық мүшелері бір – бірімен тікелей қарым-қатынасқа келген адамдар бірлестігі. Әдетте, мұндай бірлестік өз ішіне екі не одан көп бірнеше ондаған адамды қамтиды.
Бұл сипаттағы топтар қатарына отбасы, дос-жарандар, көршілестер, сынып, студенттік топ, спорт командасы және т.б. жатады.
Бірігу сипатына орай кіші топтардың келесідей түрлері ажырайды:
диффузды топ – бірлікті іс-әрекет мазмұны болмаған, ашыналық қатынасқа негізделген шашыраңқы бірігім;
ассоциативті топ – жеке тұлғалық мәнге ие болған мақсаттар төңірегіндегі байланысты бірігім (аңшылар, балықшылар және т.б.)
корпорация – жеке – топтық ортақ мүдделермен жанамаланған өз дербестігі шектелмеген тұлғалар қатынасынан пайда болған ірі бірігім;
ұжым – жеке және қоғамдық мүдделер бірлігімен жанамаланған тұлға аралық қатынасқа келген адамдар бірлестігі.
Ақпарат алмасу арналарының көптүрлілігіне байланысты топтар орайластырылған және жеке билікті, тізбекті, шеңберлі және т.б. түрде бөлінеді.
Ақпарат көзі орайластырылған топта оның бір ғана мүшесі (басшы, лидер) топ байланысын ұйымдастырады, топ тіршілігіне жеке басшылық жасайды.
Жеке билікті топта мүшелердің бәрі ақпарат алмасуға теңдей қатысады, олардың қатынас құқы ешқандай талаптармен шектелмейді.
Әлеуметтік топтардың ерекшеленген түрі – референтті топ.
Референтті топ – бұл шынайы не қияли әлеуметтік бірлестік. Бұған мүше болған тек өкілдері өз әрекет-қылығы мен өзіндік бағасын осы топта қабылданған шарттар және талаптар деңгейімен өлшестіреді.
Кіші топ құрылымы – бұл тұлғалар арасында орныққан байла- ныстар жиынтығы. Кіші топтағы тек өкілдерінің белсенділігінің негізгі аймағы бірлікті іс-әрекет пен сөйлесу болғандықтан кіші топты зерттеуде ортақ қызметтен туындаған байланыс және қатынастар құрылымына (нақты жұмыс орындау, ұйымдастыру, экономикалық басқару) және тіл- десу мен психологиялық қатынасқа (ақпарат алмасу, көңіл-күй ортақтасу, роль және бедел бөлісу) мән беріледі.
Кіші топтың ақпарат алмасу (коммуникативті) құрылымы – бұл тек өкілдері арасындағы байланыстар жиынтығы. Бұл құрылымда аса маңызды болатындар: ақпарат алмасу жүйесіндегі тұлғалардың иелей- тін беделі (топ айналымындағы ақпаратты алу және жеткізу мүмкіндігі, ақпарат көлемі, оның топ тіршілігін қамтамасыз етудегі маңызы), топтағы ақпарат алысудың бағдары мен жеделдігі.
Кіші топтың рольдік құрылымы – бұл тек өкілдері арасындағы қатынастар бірлігі.
Бұл құрылымда аса маңызды келетін жағдаят - бұл топтық ролдерді, яғни топтық үдеріс қатысушыларына таңылған, олардың күтетін және іске асыратын әрекет-қылықтарының көпке тән әдістерін бөлістіру.
Кіші топтағы әлеуметтік билік және ықпал құрылымы – бұл тұлғалар арасындағы өмір, тіршілік бағыт-бағдарлары және өзара ықпал жасау жеделдігімен сипатталған байланыстар тобы.
Ықпалды жүзеге асыруға тәуелді әлеуметтік биліктің әрқилы типі өзара ажыралады: марапаттау, мәжбүрлеу, өкілетті, экспертті және ре- ферентті.
Достарыңызбен бөлісу: |