Тұлғааралық қатынастар – бұл адамдар арасындағы объектив пайымдалатын, әрқилы дәрежеде түсіністікпен бағаланатын өзара байланыстар.
Мұндай қатынастар негізінде өзара байланысқан адамдардың эмоциялық қалпы мен психологиялық ерекшеліктері жатыр. Іскерлік қатынастардан ажырату үшін мұндай байланыстарды экспрессиялы, эмоциялы деп те атау қабылданған.
Тұлғааралық қатынастардың дамуы жыныстық, жас, ұлттық және басқа да жағдаяттарға тәуелді. Аралық байланыстарда әйелдер, мысалы, өзін айқара ашып танытқанды қалайды, өзі жөніндегі мәлімет, ақпараттарды басқалар алдында жайып салуға оңтайлы. Олар көбіне жалғыздығына қиналатынын әңгіме арқауы етеді. Әйелдер адам аралық қатынастарда көрінетін ерекшеліктерімен еленсе, ерлер – іскерлік сапала- рымен танылады. Әртүрлі ұлттық қауымдастықтарда өзара байланыстар адамның қоғамдағы беделіне, жыныстық – жастық мәртебесіне, түрлі әлеуметтік топтарда болуына тәуелді түзіледі.
Тұлғааралық қатынастардың ен жаю үдерісі, аралық байланыстар динамикасын, реттеу механизмдері мен олардың даму шарттарын қамтиды.
Тұлғааралық қатынастар дамуының қозғалысты көрінісі: олардың
туындауы, бекуі, кемелденуі, кейін бұл үдеріс біртіндеп әлсірей бастай- ды.
Достарыңызбен бөлісу: |