Байланысты: Білім сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері
Білім сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері Заманауи білім берудің айрықша ерекшелігі оның даму стратегиясы мен нақты белгіленген басымдықтары болып табылады, бұл ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттарға жету келешегі мен инновациялық тәсілдерінің біртұтастығын түсінуді ғана емес, сонымен бірге білім сапасының жоғары деңгейіне жету бойынша алға қойылған міндеттерді іс-тәжірибеде іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Мектептер мына деңгейден тұратын өлшемшарттар мен дескрипторлар (талаптар) бойынша бағаланатын болады:
«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 02.02.2016 ж. № 124 бұйрығына сәйкес өлшемшарттар мен дескрипторлардың мүмкіндіктерін білім сапасын бағалауда қолдану және ұғыну жұмыстары мақсатты және іс-тәжірибелік мәні бар.
Пилоттық жобаның аясындағы тексеру аяқталғаннан кейін барлық мектептерге жыл сайын мамыр айында бүкіл оқу жылы бойы өткізілетін өзіндік бағалау бойынша аралық іс-шараларды ескере отырып, қорытынды бағалау өткізуді ұсыну болжанды, себебі бұл келесі жылға арналған дамуды жоспарлаудың негізін қамтамасыз етеді деп саналды.
«Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ жанында жұмыс істейтін «Нәтижелі мектеп» облыстық клубының отырыстарында біз облыстың өзге инновациялық білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, 2 жыл бойы бағалаудың алты бағыты бойынша білім сапасын бағалау өлшемшарттарын зерделедік және апробацияладық.
Осы тәсілдің мектеп қызметінің сәттілігіне кешенді мониторинг жүргізуге, өзіндік бағалауды жүзеге асыруға, жай-күйінің объективтік талдауын алуға және даму келешегін анықтауға мүмкіндік беретініне көзіміз жетті.
SWOT-талдау әдістемесінің көмегімен бағалаудың жаңа тәсілдерінің мықты тұстары айқындалды, тәуекелдері зерделенді.