«сапа» ұғымының барлық құрамдастарын: жағдайды, үдерісті, нәтижені қамту, бұл мектеп қызметінің барлық сәйкес аспектілерін қамтуды қамтамасыз етеді;
әзірленген өлшемшарттар мен дескрипторлардың болуы: сыртқы және ішкі аудитке арналған бірыңғай аспаптар, аспаптардың ашықтығы, халықаралық тәсілмен өзара байланысы
көп жұмысты қажет етуі;
уақыт шығыны;
ауқымды жұмыс көлеміне байланысты жүйелі қолданудағы қиындық
Opportunities (мүмкіндіктері):
Threats (тәуекелдер):
әділ баға алу;
мониторингті ұйымдастыру үшін осы тәсілді қолдану;
басшылар мен педагогтардың квалиметрикалық біліктілігін арттыру
кадрлардың алған мәліметтерді түсіндіруге және сәйкес ұсынымдарды әзірлеуге дайын болмауы;
қызметті тұрақты рефлексивтік бағалау форматында жүйелі жұмыс істеуге дайын болмау
Осы тәсілді қолданудың әлсіз тұстары мен тәуекелдерін тек өлшемшарттар мен дескрипторларды қолдану бойынша жүйелі жұмыс барысында, педагог кадрлар мен әкімшілік мүшелерінің сәйкес дайындық деңгейі болғанда жоюға болады.
Осы ресурсты қолдану нәтижелілігін арттырудың тиімді құралдары қатарында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ әдістемелік қолдауымен әзірленген және 2015/2016 оқу жылы бойы апробацияланған өлшемшарттар мен дескрипторларды қолдана отырып, мониторингті ұйымдастыру арқылы ішкі аудит жүргізу циклограммасы бар. Осы циклограммаға сәйкес мектеп әр тоқсан сайын мектепішілік бақылау жоспарына сай тоқсанның соңында қорытынды жасау және сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша нәтижелердің салыстырмалы талдауын жүргізу арқылы оқыту сапасын бағалауды жүзеге асырады. Бұл өзгерістер динамикасын қадағалауға және төмен баға алған жағдайда педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге баса назар аудара отырып, соның ішінде коучинг пен менторинг секілді нысандарын қолдану арқылы бақылау жоспарына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Іс-тәжірибе көрсеткендей, оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарын қолдану жетілдіру қорларын айқындауға және менторингті жетілдіру, коучингтерді, мектепті дамыту командасының жұмысын жоспарлау арқылы мектепішілік әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Бүгінде өзіндік бағалауға мұғалімнің өзінің міндетті түрде қатысуы арқылы өзгерістер динамикасын жіктеу және алдағы қолдау шараларын жоспарлау арқылы оқыту сапасына ай сайын мониторинг жүргізу (қосымша) сапаны басқарудың маңызды ресурсы ретінде бағаланады.
Оқу үдерісін ұйымдастыру сапасы барынша өзгеріп, әкімшілік өкілдерінің сабаққа қатысуға деген педагогтардың көзқарасы да өзгереді. Қатысу нәтижелері бойынша ұсынымдар нақтыланып, педагогтардың сабақты бағалауы мен өзіндік бағалауының арақатынасы қамтамасыз етіледі, бұл оның кәсіптік өсуін ынталандыруға, рефлексивтік мәдениеті деңгейін көтеруге негіз болады.
Дескрипторлардың болуы әрбір өлшемшарттарды іске асырудың оңтайлы нұсқасын көруге және үлгілі деңгейге жылжу үшін не істеу керектігін анықтауға мүмкіндік береді. Біз өзіміз үшін өзгерістердің келесі бағыттарын белгіледік:
жүйелі негізде кадрлар қорымен жұмысты жүзеге асыру;
қабылданатын шешімдердің әсерлі орындалуын, білімді сырттай бағалау нәтижелілігінің болжамды динамикасын қамтамасыз ету;
әділ нәтижеге қол жеткізу үшін бірыңғай аспаптарды қолданудың негізінде кешенді мониторингті енгізуді жалғастыру;
облыс, республика деңгейінде мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша белсенді жұмыс жүргізу;
бағалаудың–оқытудың–түзетудің үздіксіз байланысын қамтамасыз ету, сол арқылы бағалауды қалыптастырушы тәсілді күшейту.
Осы ұсынымдарға сәйкес мектептің барлық қызметінің жұмысы қайта құрылады.
Сапаны бағалаудың жаңа тәсілдерін енгізу барлық педагогикалық ұжымды да алдағы оқу жылының міндеттерін айқындауға уәждеуге мүмкіндік бергендігі маңызды.
Педагогикалық қызметтің барлық философиясы қамтылған жақсы нақыл бар: «Білім беруде қанығу нүктесі жоқ». Білім сапасын бағалау тәсілдерінің өзгеруі оқыту мен басқару сапасын арттырудың жаңа ресурсын айқындады, оның мүмкіндіктерін біз әлі толық ұғынып болған жоқпыз.