Мінез жөнінде түсінік Мінез құрамы мен құрылымы
Мінез - өз алдына дараланған тұлғалық болмысты құрастырушы әрекет- қылықтардың сеп-түрткілері мен әдістерінің тұрақтанған жүйесі.
Әлеуметтік жағдайларда қалыптасып әрі әлеуметтік орта ықпалында бола отырып, мінез өзінің даму барысында тек өкілінің генетикалық ерекшеліктерімен, оның жоғары жүйке әрекеті типімен байланысты келеді.
Мінез – тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан әрекет-қылығының жөн- жобасы; бекіген, өзгеріске келмейтін жекеленген қылықтар ерекшелігі. Осыдан да бір адам екіншіге ұқсамайды. Дегенмен, мінездің бір беткей- лігін мойындай отырып, әрқилы өмір жағдайларында бір адамның өзінде де түрлі, тіпті бір-біріне қайшы келетін мінез сапалары көрініс беретінін есте ұстағанымыз жөн.
Мінез және оның әрқилы қырларының қалыптасуында қоршаған ортаның сындарлы талаптары, адамның өмір жолында кезігетін аса қажетті жағдайлар өте маңызды рөл атқарады. Мұндай ықпалды жағдаяттар, әсіресе, адамға оның балалық және жас өспірімдік шақтарында күшті әсер жасап, нақты мінез бітімін қамтамасыз етеді. Алайда, мінез тұлғаның дүниетаным, өмірлік бағыт-бағдарымен байланысты болатындықтан, ол ересек шақта да белгілі мақсатты бағдарда жедел күйде қалыптасып, өрістеп баруы мүмкін.
Мінездің біршама элементтерден құралатынын бүгінде барша ғалымдар мойындап отыр. Ондай элементтер - бітістер, қасиеттер, сапалар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |