Ағылшын тілі сабағында рефлексия



Дата24.03.2022
өлшемі19,33 Kb.
#136672
Байланысты:
0001d8f4-181fcdbf


Ағылшын тілі сабағында рефлексия.

Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.


Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет.


Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашлықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр.


Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды (Р. Декарт, Д. Локк). Жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «Мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік «Мен» құндылығы пайда болды.


Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.


Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.


Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.


Сонымен, шығармашылық рефлексия – жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.


Рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.


Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып саналады.
Рефлексия сөзі латын тілінде reflexio- артқа қарайлау деген сөз. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы.
Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін

Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;


Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады
Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады
Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады
Өз – өзіне баға бере алады
Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;
Мұғалім үшін:

Ақпаратпен күнделікті жұмыс;


Шығармашылыққа деген ынта-жігері ;
Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
Пәндәк білім сапасының артуы;
Өзіндік сынның қалыптасуы;
Сыни ойлауға жтелеу;
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
-көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы
- іс-әрекет рефлексиясы
Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Төменде бірнеше мысалдар келтірейік:
1. Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы.
Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.
1 Ақталмаған сөйлем тәсілі (тезис):
2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы.
Сабақ мақсаты тақтаға жазылып, сабақ соңында талқыланады.
3. Think wane (синквейн) 5 жолдық
Бірінші жол- тақырып атауы;
• Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;
• Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
• Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
• Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.
Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.
Жеке жазба жұмыс рефлексиясы.
3. Тәсіл Өзіме хат жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.

7. Бақылай-бағалау рефлексиясы. Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.


Бұл тәсіл сын тұрғысынан оқыту әдісінің элементі болып табылады..
Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады .
Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді ұнемі қажет етіп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет