Оқушы мен мұғалімнің құзіреттілігін дамыту жолдары



бет1/3
Дата20.11.2022
өлшемі22,85 Kb.
#159004
  1   2   3
Байланысты:
Баяндама 2022
PISA жоспар, Робототехника план, контингент ООП по селам, контингент ООП по селам, Тәрбие сағаты Жамбыл Жабаев, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, 8 сынып БЖБ, АТТЕСТАЦИЯ ШАРТТАРЫ, Пед кенес хаттама, 1523420792, Geografiya, Мақала

Оқушы мен мұғалімнің құзіреттілігін дамыту жолдары
Мектеп – білім мен тәрбие берудің орталығы. Баланың өмірге көзқарасы, дүниетанымы, мінез-құлқы да мектепте қалыптасады.
Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін адам жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт.Ы. Алтынсарин атамыз: "...жақсы мұғалім – мектептің жүрегі", - деген еді. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.
Бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
«Құзырлылық» ұғымы «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарасақ, оның төмендегідей формуласыбар:
білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың саналылығы. Құзіретті – сай болу, қабілетті болу, құқықты болу мағынасын білдіреді.
Құзіреттілік – дара тұлғаның өзіндік қабілеттерінің қалыптасуы.
В. А. Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"-деп айтқан екен.
Бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтындығы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие жұмысының да алға басатыны даусыз. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – мұғалімнің қоғам және оқушы алдындағы басты міндеті. Тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет