ӘОЖ 801.3:82.085:820.3.001.01
Қолжазба құқығында
Коппосынова Майра Қазақбайқызы
Көркем аударманы оқытуда болашақ аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру жолдары(«Гүл» концептісі негізінде)
6М020700-Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Рефераты
Қызылорда, 2013
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты,
академиялық доцент Кеншінбай Т.Ы.
Ресми оппоненті: филология ғылымдарының кандидаты, аға
оқытушы Сахитжанова З.О.
Диссертация 2013 жылы «____» маусым айында сағат «_____» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 6М020700- Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғалады.
( 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, № 1 оқу ғимараты)
Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әректі өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.
Көркем аударма қоршаған ортаның шындығын бейнелеп қана қоймайды. Ол адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға ат салысады. Көркем аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы мәселелерді қамтиды. Көркем аударманың құрылым жүйесі, образдылығы, мазмұны, стилі, тілі секілді поэтикалық құбылыстармен бірге оның лингвопоэтикалық, сондай-ақ психологиялық табиғатын таразылаудағы басты міндеттер қатарына жатады.
Көркем аударманы концептуалды тұрғыдан қарастыратын болсақ, алдымен концептке жалпы сипаттама берген жөн. Концепт немесе ұғым-сөздің мағынасы сияқты құбылыс. Тек қана мағына тіл жүйесінде,ал ұғым логикалық қатынастар мен формалар жүйесінде тіл білімінде де,логикада да қарастырылады. Концепттердiң зерттелуi қазiргi лингвистикада кеңінен таралған. Концепттің: «Ақиқат», «Тағдыр», «Қарыз», «Махаббат», «Қызғаншақтық», «Жан», «Бостандық», «Ерiк», «Наным», «Өмiр мен Ар-ұждан», тағы басқа да түрлері бар. Біздің зерттеуімізде «Гүл» лексемасының лингво-мәдени құзіреттілікті қалыптастырудағы рөлі. «Гүл» лексемасы концепт ретінде қарастырылуы мүмкін себебі бұл сөз қазақ және ағылшын тілінде әжептәуір мәдени фонға бай. Сірә, гүлді көркем концепт ретінде қарастыруға болады себебі бұл бейне көркем аудармада маңызды болып табылады.
Қазіргі лингвистикадағы көркем мәтіндерде жеке концепттердің жүзеге асырылуы (Н.М. Мухина, И.А. Долбина, В.Ю. Прокофьева т.б.), концепттің жеке семантикалық лингвомәдени жолдары (М.А. Бабурина, Н.Р. Суродина, И.А. Тарасова), автордың әлемдік бейнесін білдіретін семантикалық және прагматикалық мәтіндер зерттеледі. Осы зерттеуде «Гүл» концептінің тілдік және мәдени белгілері, сондай-ақ көркем мәтінге концептілік талдау жүргізілген.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тіл білімінің бір саласы ретінде қарқынды дамып келе жатқан когнитивті лингвистикада тіл когнитивті механизм ретінде танылады. Когнитивті лингвистикада адамға тән когнитивті үрдістер мен құрылымдар айқындалады. Сондықтан да оның зерттеу нысанасына концептілер жатады.
«Концепт» термині орыс тіл білімінде XX ғасырдың 20-30 жылдары қоршаған орта құбылыстарының тіл әлемінде бейнелеуін зерттеумен байланысты пайда болды. С.А.Аскольдов - Алексеевтің 1928 жылғы «Русская речь» жинағында жарық көрген «Концепт и слово»деген еңбегінде концептілерді танымдық және көркемдік түрлеріне жіктейді, бірақ олардың аралық шегінің өзгеріп, кейде бір-бірімен астасып отыратынын да жоққа шығармайды.
«Концепт» терминінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнов, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.А.Маслова, А.Я.Гуревич, А.Вежбицкаяның еңбектерінде әр түрлі қырынан қарастырады. Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап,қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың,халықтың тіл өрісінің,дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. Концептілер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретінде таңбалай отырып,олардың мән-мағынасын қамтиды. Рухани-мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.
ХХ ғасырдың аяғында лингвисттер, тілдік тасымалдауыш - бұл белгілі концептуалдық жүйелердің тасымалдауыштары деген пікір айтады. Қазіргі күні алдыңғы орында ментальдылық немесе концептілер-ментальдылықтың мәні болып табылады. Лингвистикада концепт терминінің ескі де жаңа түрі бір мезгілде пайда болған. 1928 жылы С.А.Аскольдов «Концепт және сөз» атты мақаласын жариялаған, бірақ өткен ғасырдың ортасына дейін концепт ұғымы термин ретінде ғылыми әдебиеттерде қабылданбаған.
Тіл білімінде "концепт" термині алғаш рет XX ғасырдың алғашқы жартысында қоршаған орта құбылыстарын тіл әлемінде бейнелеу мәселелерін зерттеуге байланысты пайда болды. Соңғы жылдары тіл білімінде "концепт" теориясы лингвистикалық сипатта нақты жан - жақты бір тілдің ішіндегі материалдар негізінде де, туыс немесе туыстығы жоқ әр түрлі тілдер материалдары негізінде де салыстыра - салғастыра зерттеле бастады.
Көркем аударма деп - көркем әдеби шығармаларды, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе – лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Соның ішінде болашақ аудармашының аударма жасау барысында лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру ерекше орын алады.
Лингвомәдениеттану құзіреттілігі - мәдениетаралық қатысым жағдайында лингвомәдениеттану дағдыларын орында пайдалана білумен ерекшеленетін көп сатылы, бірі екіншісіне тәуелді бірнеше кезеңдері бар, өз сөзін дұры ұйымдастыра білумен, ең соңында басқа мәдениет өкілімен еркін тілдесуге қол жеткізуімен айқындалатын құзіреттілік. Жалпы алғанда лингвомәдениеттану құзіреттілігіне былайша анықтама беруге болады: «Лингвомәдени құзіреттілік дегеніміз - басқа лингвомәдени қоғам өкілімен тілдік қатынас кезінде тіл бірліктерінде көрінетін әлем туралы білім негіздерін меңгеруі арқылы мәдениеттер сұхбатына танымдық іргетас жасай тілдесе алуын қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік пен өзара түсіністік жағдайында сөйлесуге дайындығы лингвомәдениеттану құзіреттілігі болып саналады». Бұл мәселемен айналысқан ғалымдар өзге тілде оқытудың ең соңғы жетістігі лингвомәдениеттанулық құзіреттіліктің қалыптасу деңгейімен өлшенетінін айтады.
Осыған байланысты, ана тілін оқыту барысында шет тілі дәрістемесінде лингвомәдени әрекетті қолдану маңызды болып табылады, өйткені лингвомәдени ақпараттар шетелдік студенттің маңыздылығын құрайтын ерекше түрде тілдік бірліктер семантикасына айналған байланыс құзіреті болып табылады. Лингвомәдени ілім, байланыс бөлігі ретінде, лингвомәдени құзірет қажеттілігін қалыптастыруын тудырады. Сол себептен, зерттеу тақырыбы «Көркем аударманы оқытуда болашақ аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру жолдары («Гүл» концепті негізінде)» болып отыр.
Зерттеудің нысаны. Ағылшын және ана тілдеріндегі «Гүл» концепті тақырыбына қатысты ауызша және жазбаша көркем мәтіндер.
Зерттеудің пәні. Көркем аударманы оқытуда болашақ аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру жолдары(«Гүл» концептісі негізінде).
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - көркем мәтінді аудару теориясының концептуалдық жүйесі мен лингвомәдени құзіреттілігін «Гүл» концепті арқылы анықтап-талдау. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- көркем аударманы оқытуда концепттің рөлін теориялық тұрғыда негіздеу;
- ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың концептуалды тұжырымдамалық қорын негіздеп талдау;
- көркем шығарманы аударудың әдіснамалық негізін анықтап, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын таныту;
- көркем мәтінге «Гүл» концепті негізінде ағылшын және ана тілінде трансформациялық талдау жасау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында ағылшын және ана тілдерінде «Гүл» концепті көркем аудармада алғаш рет зерттелінді.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру барысында көркем аудармаға ағылшын және ана тілінде концептілік талдау жасауға негізделген.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысында ұсынылған көзқарастар мен пікірлер көркем аударманы оқытуда, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауда, арнайы курстар мен семинарлардың жаңа бағдарламаларын жасап жинақтау барысында, сонымен қатар көркем шығарманы аударудың тарихы мен аударма мәтінінің стилистикалық, лексикалық, концептуалдық сараптамасын меңгеруіне жан-жақтан қарастыру үшін пайдалануға болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Концептке қатысты белгілі мамандар - М. А. Күштаева, А.Ислам, Н.Уәли, орыс тілі мамандары - Е.С.Кубрякова, В.З.Демьянков, Н.Д.Арутюнова, Т.В.Булыгина, А.Д.Шмелев, еңбектері басшылыққа алынып, зерттеуіміз төменде көрсетілген теориялық тұжырымдамаларға негізделді:
1. концепт - адамның білімі мен тәжірибесі арқылы көрсетілетін біздің санамыздың және ақпараттық құрылымның ментальдық және психикалық ресурстарының бірлігін түсіндіретін термин;
2. концепт - есте сақтау,ментальдық лексикон,концептуалдық жүйе мен ми тілі және адам психикасында көрсетілген дүниенің бүкіл көрінісінің жедел мазмұндық бірлігі;
3. концепт - тиісті лексикалық-парадигманы құрайтын тілдік қызметін көрсету тұрғысында көрсетілген мәдени бекітілген вербальды мағына;этномәдени ерекшелікпен белгіленген және тілдік түсінігі бар топтық білім бірлігі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында негізінен сипаттама және трансформациялық талдау тәсілдері, жасалған аудармадағы трансформация түрлеріне статистикалық талдау жасалды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Шетел тілін оқытудағы көркем аударманың және де концепттің теориясы мен практика салалрындағы ғылыми еңбектер, ағылшын тілінен көркем шығарманы аудару теориясының даму сипатын айқындау, оның когнитивтік лингвистика ұстанымдарымен сабақтасар тұстарын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап аударма саласында дүниеге келген зерттеу жұмыстары, арнайы когнитология саласында жазылған ізденістер мен лексикографиялық еңбектер негізге алынды. Сонымен қатар осы тақырыпты зерттеу кезінде В.Н.Комиссаровтың, В.А.Маслова, Ж.А. Жақыповтың, А.Семеновтың, А.В.Федоровтың, С.А.Аскольдов-Алексеевтің еңбектеріне сүйендік. «Гүл» концептіне байланысты «The Language of Flower», «The Concept Flower» атты концептке қатысты кітаптар және авторефераттар пайдаланылды.
Зерттеудің жетекші идеясы. Көркем аударманы аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастырып оқыту қазіргі заман талабына сай оқытушылар мен оқырмандардың біліктілігін арттыра түседі.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
Көркем шығарманы аударудың даму тарихы ХХ ғасырдың І жартысынан басталған, ғылыми негізі айқындалған, өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық бірліктері бір жүйеге түскен ілімдер қатарына жатады;
«Көркем аударма» ұғымының даму сипатына орай, ағылшын тілінде танымдық бағыттың өзектелуі объективті және субъективті алғышарттарды қамтиды;
Оқу процесіндегі көркем аудармада лингвомәдени құзіреттіліктің алар орны
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, әдістері, теориялық және әдіснамалық негіздері қарастырылған. Бірінші тарауда көркем аударманы концептуалды тұрғыдан талдаудың теориялық негіздері, екінші тарауда аударматанудағы лингвомәдени құзіреттілік ұғымы қарастырылған. Қорытынды жүргізілген зерттеу жұмыстарының түйінінен тұрады. Қосымшада «Гүл» концептіге қатысты қысқаша түсіндірме сөздігі,идиомалар мен мақал-мәтелдер тіркелген.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Бірінші тарау «Көркем аударманы концептуалды тұрғыдан талдаудың теориялық негіздері» деп аталады.
Концепт лингвомәдениеттанудың базалық ұғымы ретінде. Тіл білімінің бір саласы ретінде қарқынды дамып келе жатқан когнитивті лингвистикада тіл когнитивті механизм ретінде танылады. Когнитивті лингвистикада адамға тән
когнитивті үрдістер мен құрылымдар айқындалады. Сондықтан да оның зерттеу нысанасына концептілер жатады.
«Концепт» терминінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнов, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцева, В.А.Маслова, А.Я.Гуревич, А.Вежбицкаяның еңбектерінде әр түрлі қырынан қарастырады. Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап,қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың,халықтың тіл өрісінің,дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. Концептілер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретінде таңбалай отырып,олардың мән-мағынасын қамтиды. Рухани-мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.
ХХ ғасырдың аяғында лингвисттер, тілдік тасымалдауыш - бұл белгілі концептуалдық жүйелердің тасымалдауыштары деген пікір айтады. Қазіргі күні алдыңғы орында ментальдылық немесе концептілер-ментальдылықтың мәні болып табылады. Лингвистикада концепт терминінің ескі де жаңа түрі бір мезгілде пайда болған. 1928 жылы С.А.Аскольдов «Концепт және сөз» атты мақаласын жариялаған, бірақ өткен ғасырдың ортасына дейін концепт ұғымы термин ретінде ғылыми әдебиеттерде қабылданбаған. С.А.Аскольдов өзінің мақаласында концептінің шығу тегі туралы немесе жалпы ұғымдары ортағасырлық терминология бойынша ескі-универсалий туралы мәселені қозғады. Ол концептінің ауыстырымдылық функциясын көрсете отырып, оны былай көрсетеді: «Концепт бізге ойлау процесінде біртекті заттардың белгісіз көп түрін ауыстыратын ойша құрылым»[1].
Концепт - бұл конструкт, ол қайта жасалмайды, өзінің тілдік бейнесі және тілден тыс білімі арқылы қайта құрастырылады. Концептінің одан басқа мынадай түсініктері бар:
концепт - адамның білімі мен тәжірибесі арқылы көрсетілетін біздің санамыздың және ақпараттық құрылымның ментальдық және психикалық ресурстарының бірлігін түсіндіретін термин;
концепт - есте сақтау,ментальдық лексикон,концептуалдық жүйе мен ми тілі және адам психикасында көрсетілген дүниенің бүкіл көрінісінің жедел мазмұндық бірлігі;
концепт - тиісті лексикалық-парадигманы құрайтын тілдік қызметін көрсету тұрғысында көрсетілген мәдени бекітілген вербальды мағына;этномәдени ерекшелікпен белгіленген және тілдік түсінігі бар топтық білім бірлігі. Ол референттік жағдаятты білуді қарастырады.
Осылайша,концепт ұғымы философия мен логикадан келді, бірақ соңғы 15 жылда оның маңызы артып, қайта пайымдалу үстінде.
Концептінің әртүрлі анықтамалары оның келесі инварианттық белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді:
1) сөздің көмегімен вербалданатын және аялық құрылымы бар, оның мінсіз түсінігіндегі адамның тәжірибесінің ең төменгі бірлігі;
2) бұл-білімді өңдеу, сақтау және таратудың негізгі бірліктері;
3) концептінің қозғалмалы шектері және нақты функциялары болады;
4) концепт әлеуметті, оның ассоциативтік аясы оның прагматикасын туындатады;
5) бұл мәдениеттің негізгі ұяшығы. Соған орай, концептілер концептуалдық жүйе құрай отырып, дүниені адамның ойымен қалыптастырады, ал адам тілінің белгісі осы жүйенің мағынасын сөзбен жүйелейді.
Көркем аударма мәселелерін концептуалды тұрғыдан қарастыру. Когнитивтік психология саласындағы басты бағыттардың бірі тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Тілді когнитивтік тұрғыда зерттеу әлемдік тіл білімінде М.Минский, Г.Филлмор, Дж.Локоф, Э.Кассирер, Б.С.Мейрах, В.А.Маслова, Е.С.Кубрякова еңбектерінде көрініс тапқан. Олар сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттайды. Зерттеушілер көркем әдебиет стиліндегі, көркем мәтін құрамындағы концептілерді екі қырынан қарастырып келеді:
- танымдық концепт;
- көркем концепт
Зерттеушілердің пікірінше: «Танымдық концепт – жалпы түсінік беру, ұғым беру қызметін атқаратын сөздер тобын құраса, көркем концепт – бейнелі сипат беру қызметін атқаратын сөздер тобы»[2]. Танымдық концепт пен көркем концепттің өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеушілер былай топтастырады:
-танымдық концептісіне жалпылық, көркем концептісіне – жекелік сипат тән.
-таным концептісінде сезім, қалау сияқты иррационалдық құбылыстар аз қатысады. Көркем концептіде кешенді құбылыс басым, онда ұғым тудыру, түсінік қалыптастыру, сезім, эмоция байқату, еркін бейнелеу әрекеттері араласып жатады.
-таным және көркем концептілердің айырмашылығы ондағы ақиқаттың болу, болмау мүмкіндігінде. Таным концептісінде берілген ұғым ақиқатқа негізделеді және логика заңдарына сүйенеді. Ал көркем мәтіннің элементтері бөтен біреудің логикасына, көркем ассоциативтіліктің шынайы прагматикасына фиксация, жалған ойлау әрекетіне негізделеді. Бірақ көркем концептіде заңдылық пен талап болмайды деп түсінбеу керек. Ондағы заңдылық жеке тұлғаның өз заңы, өз талабына негізделеді [3]. Сонымен қатар көркем мәтіндегі концептілерді айқындау барысында концептуалдық талдау үшін В.А. Маслова ұсынылған төмендегі үлгі методологиялық негізді топтайды:
- мәтіндегі тірек сөздердің тізбегін қалыптастыру;
- олардың концептілік кеңістікті бейнелеу дәрежесін анықтау (бейне, символ, метафора);
- осы кеңістіктің базалық концептілерін айқындау;
- көркем шығармадағы концептілер белгілі бір жағдаят төңірегінде қолданылатындықтан, басты назарды сол жағдаят аясындағы концепттің қызметіне аудару;
- энциклопедиялық және лингвистикалық сөздікке сүйене отырып, ұлттық танымдағы тілдік дүниетаным мен әлемнің тілдік дүниетаным мен тілдік бейнесінің тұжырымдарын анықтау;
- сөздердің түп төркініне үңілу, олардың ерекшеліктерін ескеру. Көркем мәтіннің концептуалдық аясы оны құрайтын тірек мағыналардың ортақ қасиеттерінің бір шеңберге топтасуынан, ортақ семантикалық өріс құруынан көрінеді. Ол өріс көркем мәтін арқылы кейіпкер танымындағы әлемдік бейненің өзегін көрсетеді.
Көркем мәтін аудармасының лингвомәдени сипаттамасы. Көркем мәтін дегеніміз – күрделі жүйе. Идеялық мазмұн жүйенің ең жоғарғы сатысы болса да, ол осы жүйенің әр сатысынан көрініс табады. Дегенмен, көркем шығарманың ең жоғарғы сатысын қабылдау кейде қиынға түседі.
Қазіргі қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің танымдық қырлары Қ.Ә. Жаманбаева, Г. Қосымова, Ш.М. Елемесова, Ж.Б. Саткенова, Ә.Ж. Айтпаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде кең түрде зерттеле бастады.
Қазіргі таңда көркем мәтін лингвистикасына қатысты қалыптасқан зерттеулердің мынадай бағыт-бағдарларын көрсетуге болады:
-негізгі қасиеттері тұтастық пен тығыз байланыстылық болып табылатын, ең жоғары жүйе ретіндегі мәтіндік зерттеулер;
-мәтін типологиясын коммуникативтік көрсеткіштері және соларға қатысты лингвистикалық белгі-қасиеттерімен бірге қарастыру;
-мәтінді құрайтын бірліктерді, ерекше мәтіндік категорияларды анықтау; мәтін әсерінен болатын тілдік бірліктердің сапалық дәрежелерінің жүзеге асырылуының әртүрлі деңгейлерін айқындау;
-фразааралық байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу. Мәтін лингвистикасы мәтіннің түрлі аспектілеріне кешенді талдау жүргізеді. Көркем мәтінді зерттеудің алғышарттарына, ұстанымдарына мыналар жатады:
1.Көркем шығарманың мазмұн мен формасын (тілін) біріктіріп, зерттеу;
2.Көркем шығарма тілінің басқа компоненттерімен байланысы, қарым-қатынасын ескеру;
3.Бейнеленетін мазмұнға автор қатынасын ескеру; шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ескеру;
4. Ғылыми дамудың жаңа бағыт-бағдарларын ескеру т.б..
Мәтінтанушы ғалымдардың зерттеулерінде көркем мәтінге тән белгілерге мыналар жатады:
тұтастық және байланыстылық (И.Р.Гальперин);
аяқталғандық (Г.В.Колшанский, Н.А. Купина, И.Р.Гальперин);
бөлшектену (Т.В.Трошина);
прагматикалылық (И.Р.Гальперин) жатқызылады.
Сондай-ақ мамандар кәсіби көркем мәтіндерін аударуын, жарнамалық және презентациялық мәліметтерді аударады, тапсырыс беруші түпнұсқа мәтіннің мазмұнының жеткілікті берлімеген нәтижесі салдарынан айтарлықтай «оқушылық» сапасы,әдеби «көріктілігі» артады. Аударма бюросындағы жасалған мәтіннің көркем аудармасының қорытынды кезеңі болып, аударма версткасы,яғни, тапсырыс беруші еркіне қарай мәтін аудармасын кітап, буклет немесе брошюра ретінде безендіруі болып табылады.
Көркем мәтінді лингвомәдени тұрғыдан аударғанда бірнеше күрделі мәселелерді шешуге тура келеді.
Біріншіден, аудармашыға ерікті аударма жасауына тура келеді, өйткені аударылған мәтін созыңқы әсерін тудырмас үшін тура мағынадан аулақ болу керек.
Екіншіден, аударма жасау барысында айтарлықтай қиыншылық тудыратын тұрақты сөз тіркестер, мақалдар, мәтелдер, афоризмдер. Әрине, оның көбісі сөздікте бар, бірақ оның баламасы барлығына берілмеген.
Үшіншіден, сөз ойындары «аударылмайтын сөз ойындары». Әзіл туындылар басқа тілде берілмейтін жиі сөз ойындарынан құрылады. Аудармашы не істеу қажет? Осындай жеңіл әзіл әсерін беруде басқа сөздерді қолданып көру. Әрине, бұл сөз ойыны, түпнұсқасында қызығырақ болатын делінген сілтемені қоюға болатын. Бірақ бұл амал, өзіңіз түсініп отырғандай, ең сәтті емес.
Төртіншіден, мәтінде, жиі тарихи және мәдени реалиилерде сілтемелер мен аллюзиялар қолданылады. Осылайша, арабша туындыларда, көбінесе Құранға сілтеме көрсетілсе, еуропалық классикада – атақты адамдарға аллюзия беріледі. Қай жерде қысқартып, қай жерде анықтау – ол аудармашының жұмысы, бастысы – оқырман осы аллюзияны түсінсе болғаны.
Диссертацияның екінші тарауы «Аударматанудағы лингвомәдени құзіреттілік ұғымы» деп аталады.
Аудармашылық құзіреттілікті қалыптастырудағы негізгі алғы-шарттар. Қазіргі уақытта шетел тіліндегі тілдесім мәдениетіне оқыта отырып, студенттер лингвоелтану, лингвомәдениеттану, құзіреттіліктерін қалыптастыру лингвомәдениеттану әдісінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оқыту үрдісінде студенттерді шетел тіліне үйретуде сол елдің мәдениетімен салт дәстүрімен сол елге ғана тән өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Лингвомәдениеттану құзіреттілігін В.В.Воробьев былай түсіндіреді: «Тілде сипатталған сол елдің барлық мәдени құндылықтарының жиынтығының жүйесі.»[4]. Сонымен лингвомәдениеттану құзіреттілік дегеніміз - рухани мәдениет пен көркем мәдениетті біріктіре оқыту арқылы студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына, мәдени білімнің кеңеюіне, интеллектісінің дамуына, үйреніп жатқан тілінің әлем мәдениетінде алатын орнын түсінуге және сол тілде қатысым арқылы сөйлеу ерекшеліктерін қалыптастыруға, тілдегі стереотиптерді түсініп қабылдауға көмектесе алуы.
Лингвомәдениеттану құзіреттілігі - мәдениетаралық қатысым жағдайында лингвомәдениеттану дағдыларын орында пайдалана білумен ерекшеленетін көп сатылы, бірі екіншісіне тәуелді бірнеше кезеңдері бар, өз сөзін дұры ұйымдастыра білумен, ең соңында басқа мәдениет өкілімен еркін тілдесуге қол жеткізуімен айқындалатын құзіреттілік. Жалпы алғанда лингвомәдениеттану құзіреттілігіне былайша анықтама беруге болады: «Лингвомәдени құзіреттілік дегеніміз - басқа лингвомәдени қоғам өкілімен тілдік қатынас кезінде тіл бірліктерінде көрінетін әлем туралы білім негіздерін меңгеруі арқылы мәдениеттер сұхбатына танымдық іргетас жасай тілдесе алуын қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік пен өзара түсіністік жағдайында сөйлесуге дайындығы лингвомәдениеттану құзіреттілігі болып саналады». Бұл мәселемен айналысқан ғалымдар өзге тілде оқытудың ең соңғы жетістігі лингвомәдениеттанулық құзіреттіліктің қалыптасу деңгейімен өлшенетінін айтады [5]. Лингвомәдени құзіреттіліктің қалыптасуы, қазіргі кезеңде шетел тілдерін оқытудың негізгі мақсатын құрайтын, мәдениаралық байланыс құзіреттілігінің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені зерттеушілер С.С.Құнанбаева, Д.Н.Құлыбаева шетел тілдерін оқытудың негізгі деңгейіне қол жеткізу лингвомәдени құзіреттіліктің қалыптасу деңгейімен анықталатынын айтады.
Лингвомәдени кұзіреттіліктің құрылымдық – функционалдық үлгісі
Лингвомәдени құзіреттілік
↓
Лингвомәдени құзіреттіліктің білім негіздері
↓ ↓ ↓ ↓ ↓
Лингво- мета- әлеуметтік коммуника- метатілді
мәдени когнитивті мәдени кативті
Когнитивті – коммуникативті әрекет түрлері
↓ ↓ ↓ ↓ ↓
когнитивті - түсіндірме лингво- коммуника- креативті
концептуалды топтамасы мәдени тивті топтамасы үлгілеу
өзгеріс
Лингвомәдени құзіреттіліктің үлгісін жасау үшін, ең алдымен оның пәндік мазмұндық және іс-жүргізушілік толықтылығын анықтау қажет. Лингвомәдени құзіреттіліктің мазмұнын толықтыру туралы мәселені қарастыра отырып яғни үлгілеу обьектісі туралы, көптеген ғалымдар құзіреттіліктің мазмұндық аспектілерін «білім, дағды, шеберлік» терминдерімен қарастырады.
Аударма аспектісіндегі лингвомәдени құзіреттілік. Кез келген аталмыш жүйе құзірет секілді, яғни жүйені білу мен оны қолдану, сондай-ақ осы жүйенің бірлігін қызметте қолдану түбегейлі түсініктермен сипатталады. Лингвомәдени жеке қолданыстан лингвомәдени құзіретке, әлеуметтік маңызды жүйе ретінде, нақты бір тіл маңыздылығының артында тұрған , мәдени мәннің табиғатын терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Шет тілдерін беру әдістемесінің дамуының заманауи үдерісі тек шет тілін сауатты етіп үйрену ғана емес, сондай ақ осы тілде сөйлейтін халықтың мәдениеті мен әлемін үйренуге, ұлттық–ерекшеліктерін тудыратын мәдени–байланыстарды, мәдени шиеленістерді төтеп беруге үйретеді.
Заманауи әдістемелік ғылымда, басқа тілді байланысқа үйрету мен мәдениет диалогы, мәдениаралық байланыстар мәселелерімен айналысатын бірқатар бағыттар бар. Қазіргі таңда, мәдени құрылымның шет тіл байланыс құзіретіндегі – елтану, лингвоелтану, социомәдени, мәдениаралық, лингвомәдени секілді түрлі мағыналары бар.
«Лингвомәдени құзірет» термині әлі тұрақталған жоқ, әдістемелік баспаларда осы құзіреттің этномәдени, әлеуметтік мәдениет, мәдениеттану тәрізді түрлі мағыналарын кездестіруге болады.
Аудармадағы лингвомәдени құзірет, индивидтің мәдениаралық байланысын: 1)мәдениаралық қарым қатынас жағдайында қолдана алатын лексикалық бірліктің ұлттық–мәдени семантикасының білімінде;
2) әлеуметтік мәдени жағдайларға иелену мен осы этномәдениетте қабылданған ұлттық–ерекшелік моделінің коммуникативті байланыстармен қолдануымен;
3) фондық білімді, тіл бастаушысы арасындағы мәдениаралық өзара түсіністікке жету үшін қолдану қабілеттілігін білдіреді.
«Лингвомәдени құзірет» ұғымын қарастыра отырып, зерттеушілер көркем сөз және сөздік емес тәртіп біліміне (Э.И.Соловцова, Н.Д.Гальскова) бағыттайды. Берілген құзірет түріне ие болуы: 1) шет тілін сапалы түрде үйренуін; 2) дүниетанымдық пен жалпымәдени білімнің айқындылығын; 3) оқушының білім құмарлығын, ой өрісін, ұстамдылығын, шет тіл мәдениет өкілдерімен тілдесу қабілеті мен өз мәдени сана сезімін дамытуымен; 4) болашақ педагогтардың өз ойларын өз және шет тілінде жеткізуі дамыту мен ауызша және жазбаша сөйлесу мәдениетін үйренуін қамтамасыз етеді.
Лингвомәдени құзіреттің қалыптасуы түрлі ұлттық-мәдени бірліктерімен жұмыс жасауда болады.
ХХ ғасырдың соңынан бастасақ, аудармада лингвомәдениеттану бірте бірте елтануды дидактикалық мағынада ысыруда. Бұл туралы, орыс тілін шет тілі ретінде беру әдістемесінде В.В.Воробьева, Ю.Е.Прохоров, В.М.Шаклеинның, И.Б.Игнатованың, Д.И.Башуринның және Т.Ф.Новиков, Л.П.Сычугованың орыс тілі өз тілі ретінде үйрету әдістемесі баспасында беріледі.
Соңғы ХХ ғасырдың екі он жылдығында лингвомәдениеттану термині жиі лингвоелтану терминімен байланысады. Д.И.Башуринның ескеруінше, дидактикалық координаттарының түрлі өзгерістерін талап етеді және оған: «тілді үйрету - мәдениетпен таныстыру» жүйесінің орнына, басты нысан болып, байланыс құзірет арасындағы өзара байланыс, лингвомәдениеттану мен лингвоелтану жүйесіндегі «тілді мәдениетпен таныстыру үшін үйрету– тілді үйрету» болып табылады. Осындай дидактикалық әрекетте, Ю.Е.Прохоровтың пікірінше: «Ел мәдениеті, оқушылардың байланыс қалауларының құрамдас бөлшегі, сөздік жағдайдағы қосымша лингвистикалық негізі және ондағы интенцияның іске асуы ретінде қарастырылады» делінеді. Басқа сөзбен айтқанда, мәдениет, бұл жерде, тек оқу пәні ретінде түсіндірлмейді, ол «Орыс тілі» пәнінің құрамдас бөлшегі ретінде, «оқушылардың байланыс құзіретімен қамтамасыз ету болып табылатын үйрету мақсаты» болып келеді [6].
Лингвоелтану тәрізді, лингвомәдениет аудармада тіл мен мәдениет қатынасын қарастырады, бірақ, лингвоелтанудан бөлек, басты назар лингвистикалық аспектісіне аударылады. Лингвомәдениеттану, лингвоелтанумен жалпы білім беру мен гуманистикалық тапсырмаларды шешудегі жетекші ұстанымдар жүйесімен байланысқан, бірақ, онымен қоса,лингвомәдениеттану бірқатар ерекше себептерге ие:
1. Ол, филология мен мәдениетті қарастыратын ғылым арасындағы шекарашылық жағдайға ие болатын пәннің синтезді түрі болып табылады.
2. Лингвомәдениеттанудың басты нысаны ретінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы және осы байланыстың өзара түсіндірілуі болып келеді.
3. Лингвомәдениеттануды зерттеу пәні, материалды және рухани мәдениет, «әлемнің тілдік бейнесін» құрайтын ауызекі артефактілері болып табылады.
4. Лингвомәдениеттану, елдегі мәдениет өмірі туралы объективті ақпаратқа, қоғамның заманауи өмірімен алға шыққан мәдениет құндылықтарының жаңа жүйесіне бағытталады.
Лингвистикалық мәдениеттанудың пәні ретінде, адами рухтың творчествалық бастамасын іске асырушысы тіл болып табылады, ол этникалық қоғамдастықтың мәдени құндылық бейнесі ретінде, ал басты мәселесі болып– әрбір тілдік ұжымдастыққа ерекшеленетін әлемнің тілдік бейнесінің мәселесін қарастыру болып табылады.В.В.Воробьевтың растауынша, семантиканың «пәндік синтагматикаға» дейін тереңдеуі, мәдениеттің ауызекі объектісін, тілдік және тілдік емес негізінің бірлігі ретінде сараптамалау қабілетін қамтамасыз етеді [7]. Сәйкесінше, лингвомәдениеттану мәдениеттің тілдік емес мазмұнына сараптамалауға және тіл мен мәдениеттің өзара байланысына лингводидиактикалық сипаттама жасауға бағытталған.
Көркем мәтіндегі "Гүл" лексемасының ағылшын және ана тіліне аударылу ерекшеліктері.
Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуіне, санасының өсуіне, дүниетанымының кеңеюіне апаратын жол.
Көркем аударма процесінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылақ даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа – екеуі екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның мазмұны да, көркемдік – бейнелеу ерекшеліктерін де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Бір тілдегі көркем шығарманы екінші тілге қарай аудару қажет екендігі туралы пікірталас басталғалы талай замандар өтті. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі. Әдеби аударма халықтардың бірін – бірі тануына, рухани жағынан жақындасып, туыстасуына айтулы көмек көрсететіні белгілі. Көркем аударма жекелеген қалам қайраткерлерінің ғана емес, бүкіл бір елдің әдебиетіне әсерін тигізеді. Көркем мәтінде «Гүл» лексемасының алар орны да ерекше. Мәтінге талдау жасамас бұрын ең алдымен «Гүл» лексемасына сипаттама беруіміз қажет.
Гүл ең әдемі және ағаштың тартымды бір бөлігі болып табылатыны мәлім. Гүлдің алуан түсінің де, оның санының да өз мағыналары бар. Мәселен, бір тал гүл ұсыну - көңіл аударудың белгісі, үш талы-құрмет көрінісі, бес талы-сезімін білдіруді көрсетсе, жеті тал гүл-махаббат таңбасы. Бізде кейде туған күн иесі қанша жасқа толса, сонша гүл беру (мәселен, он сегіз гүл) дәстүрі жастар ішінде бар. Бірақ, бұл бар болғаны ол адамның қанша жасқа толғанын ескертуден басқа ештеңе де емес. Сондықтан гүл сәнінің шектеулі болғаны да дұрыс. Олардың түстерінің де өз пәлсапасы бар. Ақ түсі әдеттегідей тазалықты,пәктікті білдірсе, қызғыш түс-жастықты, махаббат пен нәзіктікті, алқызыл-өткір ойлылыкты, алтын түстесі-ұлылықты, мәртебелілікті, сары-қызылы - күдіктілікті, солғын сарысы - өзгеге айырбастаушылықты, қара түсі - қайғыны білдіреді. Сондай - ақ гүлдің көркем аудармада алар орны ерекше. Концепттердiң зерттелуi қазiргi лингвистикада көп жұмыстарға жұмсалады.
Гүл атауларының қазақша атаулары халқымыздың ауызекі сөйлеу тілінде де, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде де, тіпті баспасөз бетінде де ертеден бері қарай қолданылып келе жатқандығы белгілі. Ұлы даламен тыныс-тіршілігі біте қайнасқан халқымыз түрлі дәрілік өсімдіктерді пайдаланып, негізгі тірлік көзі – малын да сан қилы шөптерге жаю арқылы өсіріп, өнімін алып отырған. Қыздарын гүлге теңеп, Баршын, Раушан, Райхан, Лала, Қызғалдақ, Қырмызы, т.б. аттарды қойған. Жайылым қыр-сырын жете меңгерген, әдемілікті бағалай білген халық тілінде гүл атаулары сөздік қордың негізгі бір өрісін құрайтындығын тілімізді зерттеушілер ертеден байқаған. Махмұт Қашғаридың «Дивани лұғат ат-түрік» сөздігінде еңлүк, чечек, баршын сияқты гүл атаулары кездеседі. Олардың қазіргі тіліміздегі беретін мағыналары эдельвейс, гүл, гладиолус, болып табылады. Алайда біздің зерттеу жұмысымызға қатысты гүл атаулары тілдік тұрғыдан тіл білімінде арнайы зерттеу нысаны болған емес. Дегенмен де гүлдер өсімдіктер қатарына жататындықтан, гүл атауларына қатысты аздаған мәліметтер фитонимдерді зерттеген ғалымдар еңбектерінде кездеседі. Өсімдіктердің қазақша атаулары жөніндегі бастапқы мағлұматтарды біз Қазақстан өсімдіктерін алғаш зерттеген белгілі орыстың ғалым ботаниктері Н.И.Аненков, Б.А.Федченко, И.В.Ларин,И.М.Крашенинников, Н.В.Павлов, В.И.Андреев, Н.И.Рубцов, М.Г.Попов,П.П.Поляков, Б.А.Быковтардың еңбектерінен кездестіреміз. Кейінірек бұл ғалымдар қатары Ө.Қисықов, С.Арыстанғалиев, Е.Рамазанов, Т.Мұсақұлов, Ж.Бабалықұлы, О.Асқар, Б.Қалиев сияқты ғалымдармен толықты. Олар өздерінің еңбектерінде қазақша өсімдік атауларын молынан қамтуға және олардың тілімізде дұрыс қалыптасуы мен орысша баламаларына сай келуіне көп еңбек сіңірді [8].
Гүл атаулары әлемнің ұлттық тілдік бейнесін құрайтын мәдени әлеуетке ие маңызды лексикалық бірліктер қатарына жатады. Гүлдер эстетикалық, өнеркәсіптік, құндылықтық сипатымен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі түрде қоршаған әлемге бейнелі-символикалық қатынасын білдіру ерекшелігімен құнды.
Достарыңызбен бөлісу: |