Лекци Тақырыбы:Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны


Лекция 7. Тақырыбы :Аяқталмаған қылмыстарды саралау



бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі114,82 Kb.
#93673
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
лекции
5 елдің демографиясын салыстыру.pptm, 5 елдің демографиясын салыстыру.pptm, реферат жүсіпбек д, реферат жүсіпбек д
Лекция 7. Тақырыбы :Аяқталмаған қылмыстарды саралау

  1. Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жалпы тәртібі.

  2. Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі.

Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі


Негізгі ұғымдар: Қылмыс сатылары, қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу.
Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярланумен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:
1. Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында кездеспейді.
2. Аяқталмаған қылмыстарды кінәнің рекіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттік жасауын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын-алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғынадейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамды қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілуі мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мақсатқа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы сатысы көрініс алады.
Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы , ол аяқталмаған қылмысты әрекеттерде қылмыстық құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып табыладыАяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын обьектілерге зардап келмеуі немее зардап келген де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде болып табылады. Мұндай зардаптар келгенде немесе қорғалуға жататын обьектілерге нұқсан келтірілгенде іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде бағалану себебі ,ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәнің қасақаналығының бағыты қолданылатынына байланысты.
Зардап орын алған аяқталмаған қылмыстарды квалификациялау тәртібі әдеттегі қылмысқа оқталу сияқты жүргізіледі, яғни іс-әрекет зардапты қарастыратын қылмыс түрі бойынша емес, қылмыскердің қасақаналығына кірген қылмыс түрімен және 24бапқа сілтеме жасау арқылы бағаланады. Ал қылмысқа даярлану немесе оқталу әрекеттерінде қылмыстың обьектісі орын ала ма немесе мұндай әрекеттерде қылмыстың құрамы болып , аяқталмаған қылмыстардың құрамы бар деп түсінуі керек. Аяқталмаған қылмыстармен қысқартылған құрамдардың арасындағы ұқсастық, ол бұл екеуінде қылмыстың нақты аяқталу уақытына жетпеуінде . Қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу уақыты бойынша қысқартылған құрамдарда аяқталған қылмыстың құрамы болмайды. Бұл екі ұғымның басты айырмашылығы да осы қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу кезеңдерінде болып табылады.
Аяқталмаған қылмыстарда қысқартылған құрамдардағыдай жасалған іс-әрекетті аяқталған қылмыс ретінде бағалауға негіз беретін мұндай белгілер болмайды, дайындалу немесе оқталу сияқты аяқталмаған қылмысты әрекеттерді Ерекше бөлім баптарымен бағаланатын білдіретін белгілер болмайды және қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын әрекеттер орын алған мен де ол аяғына дейін жеткізілмейді. Аяқталмаған қылмысты әрекеттер тек материалдық құрамдар бойынша ғана емес, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарда да кездесе алады. Материалдық қылмыстарға жататын кінәлі қылмыстың обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді жасауға бағытталады, немесе мұндай әрекеттер жасалғанның өзінде кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына жеткізмейді. Себебі ҚР ҚК 26 бабының 2 бөліміне сәйкес , «Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс» . Яғни бұл мысалда кісі өлтіру қылмысынан бас тартқан мен , қасақана денсаулыққа зардап келтіру қылмыс орын алған болып шығады.Сондай –ақ кепілге алу , адамды ұрлау сияқты қылмыстық әрекеттерді жасап ,артынан үкімет органдарының талабына көніп немесе өз еркімен кепілге алған немесе ұрлаған адамын босатқанмен , бірақ кепілге алу , адамда ұрлау кезінде жәбірленушінің денсаулығына зардап келтірген қорлаған болса, онда денсаулыққа зардап келтіру немесе қордау қылмыстарының құрамы сақталады және осы қылмыстар бойынша жауаптылықтан босатылмайды. Ал адамды өлтіру ге бағытталған әрекеттер жасалып , бірақ денсаулыққа зардап келген кезде қылмысты аяғына дейін жеткізбей тұрып, жалғастырудан бас тартқан жағдайда , мұндай негізгі қылмыс түрінен басқа жол жөнекей басқа қылмыстың құрамдары пайда болмайды. Адамның бастапқы кезеңі ретінде денсаулыққа зардап келетін кездер болады. Денсаулыққа зардап келгені үшін мұндай жағдайда қылмыс құрамы бар деуге болмайды. Адам кісі өлтіру қылмысын білдіретін әрекет ретінде мылтықты көздеп атқанмен, оқтың тимей кетуі немесе мылтықтың шүріппесін басқанмен, оның атылмайтын қару екенін білмеуі мүмкін. Яғни қылмысьың обьективтік жағын құрайтын әрекетер жасалған мен кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыстың зардабы туындамайды және әрекет орындалған мен тиісті қылмыс зардаптың туындамауы себепті байланысқа болып отыр. Сондықтан бұл жағдай қылмысқа оқталу ретінде квалификациялануы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет