Лекции «Кәсіптік оқыту»



бет4/4
Дата28.01.2020
өлшемі230,5 Kb.
#56689
түріЛекции
1   2   3   4
Байланысты:
Кәсіби педагогика. Дәріс материалдары
Кәсіби педагогика. Дәріс материалдары

Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама. Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқа-ларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тәуелді:

- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);

- тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;

- педагогтың ықпал жасау тәсілі: тікелей, жанама;

- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжжасау тәсілі: тікелей, жанама;

- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәнді өнім;

- қатысушылар саны: жеке – дара (тәрбиеші – тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші – оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші – бірнеше топ) формалары.

Қатысушылар санымен ажыралған тәрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырайық.

Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.

Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті – рөлдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.

Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.

Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.

Тәрбиелік іс - әрекет формаларының әрбіріндегі тәрбиешінің ролі мен орны әрқилы. Олар тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тәрбие мақсаттарына байланысты.

Тәрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тәрбие-ленушілер ересектермен бірлікте және олардың басшылығында жаңа тәжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды.

Ұжымдық шығармашылық жұмыстар әдістемесі негізін қызметтестік, ұжым мүшелерінің бірлікті істері, көппен бірге жоспарлау, жұмысты өткізу және бағалау, өмірлік маңызды міндеттер шешімін табудың ұтымды жолдарын іздестіру құрайды.

Ұжымдық шығармашыл жұмыстарды дайындау және өткізу бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.

Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.

Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының, құрал – жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.

Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тәрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке – дара, топтық, ұжымдық іс – шаралар жүктеме ретінде тапсырылады.

Бесінші кезең – тәрбиеленушілердің бәрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.

Алтыншы кезең – дайындалған тәрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.

Жетінші кезең – тәрбиелік іс – шара өткізілгеннен соң ынталы топ және ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.

Аталған жеті кезеңнің әрқайсысының орындайтын өзіне тән міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде - өзіндік басқару кешенін түзу тәжірибесі қалыптастырылады, тәрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет – сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде – топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде – қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - әлеуметтік тәжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастыру-шылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой – пікірлерін хаттау, іс – шараға сай безендіру әрекеттері нығайып, тәрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - әртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, тәрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз әрекеттені мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.

Ұжымдық шығармашыл іс - әрекеттерді ұйымдастырушының төмендегі технологиялық ұстанымдарды ескергені жөн:

- ұжым мүшелерінің саны 7-9 – дан 25-30 адамға дейін болуы мүмкін. Қатысушылар саны шектен тыс көбейіп кетсе, іс тиімділігі күрт төмендейді:

- ұжымдық шығармашыл жұмысқа қатысушылардың жеке тұлғалық даму мақсаты басты назарға алынуы шарт;

- шығармашыл мәселе, міндеттер тәрбиеленушілердің өздері тарапынан анықталып, белгіленгені дұрыс;

- әрбір тәрбиеленушіге өз қызығулары мен тілектеріне сәйкес жұмыс түрлерін таңдау мүмкіндігі беріледі.

Жоғарыда баяндалған технология форма тұғысынан әрқилы тәрбиелік шараларды өткізуде пайдалануы мүмкін (әртүрлі тақырыптағы сынып сағаттары; конференциялар; поэзия, ән – күй, би; ауызекі журналдар; конкурстар; әйгілі адамдармен кездесу; құрбы – құрдастарымен, мектеп түлектерімен дидарласу және т.б.).

Соңғы жылдары тәрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тәжірибесіне енуде:

Көпшілік тыңдарман тәрбиеленушілерге арналған дәрісбаяндар: әдемі әрі сәнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тәрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.

Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқалау үшін қолданылады.

Фәлсафалық бас қосу – тәрбеленуші өмірінің мән – мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат – кеңес.

Белгілі тақырып бойынша пікір – сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.

Интеллектуалдар саудасы – ақыл – ес әрекеттерін жарыстырудың ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» - кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы және т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.

Мамыра жай әңгіме – сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тәлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.

Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.

Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тәрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз – жарыс.

Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау. Тәрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тәрбиеші алдында тұрған күрделі мәселе. Тәрбиелік іс - әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне тәуелді.

Тәрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой – толғаныс әрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым – қатынас жасауға жәрдем беруі.

Тәрбиелік істердің әрбір жекеленген жағдайларында өзіндік ерекшеліктерімен, қызығулары және мүмкіндіктерімен дараланған әртүрлі тәрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр – сипатқа ие. Бұдан шығатын тұжырым – тәрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін көрсетпе – нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсз пайдалана, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай бір текті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тәжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тәрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай элементтерін заман ыңғайы мен тәрбиеленушілер ерекшеліктеріне сәйкестендіре пайдаланған ойға қонымды. Мүмкін болғанша, іс – шара формаларының тәрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы істің орындалуы да қызықты.

Тәрбие формаларын іріктей отырып, дәл мезеттегі нақты тәрбие міндеттері мен тәрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс - әрекет түрлерін; тәрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар және ата – аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Тәрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс - әрекет әдіс, тәсіл, жол – жобаларын пайдалануды қажет етеді және бұлардың бәрі сол әрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі – адам, оның жан – жақты тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас заңына айналып отырған қазіргі кезеңде тәрбие әдісі теориясын және практикасын одан әрі жетілдіру актуалды мәселе екені айқын.

Қазіргі кездегі тәрбие әдісінің негізгі мәні – жеке адамды жан – жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбиенің әдістерін жетілдіру.

Бүгінде педагогика ғылымы теориясында тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптаспаған. Оған дәлел педагогикалық еңбектерде тәрбие әдістеріне берілген әртүрлі сипаттағы, мазмұндағы түсініктемелер.

А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.

Т.А.Ильинаның «Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойында социалистік көзқарасты және мінез – құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.

Ал, Т.Е.Конниковтың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылдайды. Тәрбие әдістеріне берілген мұндай әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онды:



  • жеке басқа ықпал ету құралы;

  • тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;

  • тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;

  • тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.

Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету, жағымды мінез – құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс - әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал – тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.

Мысалы, жаттығу әдісі: бұйыру, нұсқау, көрсету, үйрету, жаттықтыру, тапсырма, ақыл – кеңес беру тәсілдерінің жиынтығын құраса, мадақтау немесе жазалау, алғыс немесе сөгіс жариялау, сыйлық беру, қабырға газетіне шығару, талап қою, теріс қылықтарды тежеу, жолдама беру, т.б. ынталандыру амалдарынан тұрады.

Тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді бола тұрып, оның әрекетін, тәрбиелік мәнін анықтайды. Тәрбие ықпалдың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын дұрыс қолдану, таңдай білуге де байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер




  1. Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.

  2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005ж.

  3. Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное пособие. – Ростов н\Д: Издательский центр «МарТ», 2002ж.

  4. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж.

  5. Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж.

  6. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). – Алматы, 1991ж.

  7. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991ж.

  8. Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу. – Алматы, 1991ж.

  9. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. 2-тарау.

  10. Кочетов А.Г. Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуі. – М.: Просвещение, 1967ж.

  11. Үрзімұлы Ф. Балаға тәрбие керек. \ «Қазақстан мұғалімі», 24 желтоқсан, 1993ж.

  12. Серімов С. Тәрбие бастауы. \ «Қазақстан мұғалімі», ақпан, 1996ж.

  13. Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. – Алматы, 1974ж.

  14. Аймауытов Ж. Тәрбие. «Қазақстан мектебі», №5, 1989ж.

  15. Ералиева М. Дәстүрлі мектебімізді ізгілендіру жолдары. \ «Қазақстан мектебі », №10, 1999, 38-42 беттер.

  16. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп», 2002ж.

  17. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.

  18. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. 3-4 тарау.

  19. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.

  20. Сухомлинский В.А. Мектептің жас директорымен сырласу. – Алматы, 1987ж.

  21. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. \Құрастырған Ж.Н.Нұржанова. – Алматы, 1991ж. – 29 бет.

  22. Қабатай Б. Дидактикалық материалдар. Алматы, 1999ж.

  23. Педагогическая энциклопедия. – М.: Просвещение, 1964ж.

  24. Россиская педагогическая энциклопедия. – М.: Просвещение, 2001ж.

Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары


Жоспар

Кіріспе


І тарау. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері.

1.1.Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.

1.2.Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

1.3.Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.


ІІ тарау. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары

2.1. Тәрбие әдістері және оларды топтастыру.

2.2. Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану.

2.3. Тәрбие құрал – жабдықтары мен формалары.


ІІІ тарау. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет