Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет14/21
Дата08.12.2016
өлшемі2,87 Mb.
#3458
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Фольклор практикасы

23.Смирнова Н. С., Нұрмағамбетова О. Ә Қазақ халқының ауыз

әдебиетін жинаушыға өмек. – А., 1960

24.Круглов Ю. Г. Фольклорная практика. – М., 1986


Эпостық жанрлар.
25.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

26.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы

өкілдері. – А., 1976

27. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985

28.Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркологія. – А.,1987

29.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А.,1988

30.Седеханов К. қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық

поэзиясы-А.,1974

3 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Ер Тарғын жыры.
Жоспары :
1. Ер Тарғын жырының мазмұны.

2. Жырдағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер.

3. Эпостың құрылысы және тілі.
Басқа жырларға қарағанда, “Ер Тарғын” жырының варианттары көп емес. Жырдың ең негізгі нұсқасы біреу ғана. Оны Марабай ақынның айтуына Н. И. Ильминский 1859 жылы жазып алып, 1862 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Жырдың бұл варианты 1892, 1898, 1909, 1913 жылдары Қазанда ьбасылған. 1904 жылы Николай Саркин деген кісі бұрынғы Қостанай уезі, Кеңарал болысы, 12-ші ауылдың қазағы Оспан Қисықұлынан жырдың бір түрін жазып алған (қолжазба күйінде). Мұның Марабай жырынан айырмасы жоқ. Кейіннен Марабай варианты Ә. Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырады.

Мұнымен қатар, академик В. В. Радлов “Ер Тарғын” жырын өзінің үшінші томына (жоғарыда аталған) енгізген және ол Қырым елінен Ер Тарғын туралы бір ертегіні жазып алған. Ол ертегі Радловтың жетінші томында жарияланған.

“Ер Тарғын” жырының негізгі вариантын (Марабай ақынның айтуындағысы)ақын Пеньковский орыс тіліне аударды. Ол 1940 жылы “Песни степей” деген жинақта шыққан.

Компазитор Е. Г. Брусиловский қазақтың халық әндерін пайдалана отырып, “Ер Тарғын” атты опера жазды. Ол театр сахнасында қойылып келеді.

Ерте кезде көк сауытты киініп, көк сүңгіні ұстаған, өзінің ел-жұртын басқыншы жаудан қорғау үшін қол жинап ерлік күреске бастаған, жау қарасын көріп үріеленбеген, қайта атой салып оған қарсы шапқан, жекпе-жек ұрысқа түсіп жұрт алдында жауын жеңген адамды халық батыр деп таныған. Халықтың; “Батыр- батыр емес, батытларды бастаған- батыр”,- деуі осында. Ал, қалың қолды бастамаған, бірақ жасақ арасынан шығып жеке ерлік көрсеткен адамды халық ер деп атаған. Батыр мен ер деген ұғымның бір-біріне мағынасы жақын болса да, оған халық осындай айырма жасаған. (Бертін келе “батыр” деген сөз көбінесе ел –қорғау, әскери-соғыс істеріне қолданған.)

Жырдағы Тарғын қалың қол бастаған батыр болып көрінбейді. Ол жеке ұрыстарда айрықша ерлік жасаған, сонысы үшін ер атанған адам. Сондықтан да халық жыры оны ел қорғау жолында, жеке ұрыстарда жауын жеңіп көзге түскен ер деп ардақтайды. Тарғын образы жырда осы тұрғыдан бейнеленеді.

Тарғын – бір рудың ғана емес, бүкіл ноғайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған елдің алыстығы жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып көрінеді. Оны барлық ноғайлы халқы ардақтап, өзіне қамқор тұтады. Бұл жайды Тарғын да сезеді, түсінеді. Ноғайлының жауы Тарғынның да жауы деп қарайды. Сондықтан да ол басқыншы жаулардан ноғайлы жұртының елдігін қорғауды және сол елдің бірлігін сақтауды, оған қызмет етуді, қастық жасамауды мақсат етеді. Тарғынның Ақшахан әскерлеріне еріп, торғауыттарды жеңуде ерлік көрсетуі осы мақсаттан туған болады.

Батырдың сүйікті жары, сенімді серігі, ақылшы досы ретінде жырға қосылған жағымды образдың бірі - Ақжүніс.

Жырда жағымды бейнеде алынған батырдың бірі – Қарт Қожақ. Оның ноғайлы жұртына даңқы шыққан, басқыншы жауларға қарсы күрестерде еліне қорған болған айбынды батыр екендігін халық жыры;


Қайнаған қара бұлттай...

Қайнап біткен болаттай...

Сайдан шыққан бұлақтай,

Қабағы тастай түйілген,

Лашын құстай сүйілген,

Жеңсіз берен киінген,-



деп сипаттайды.

Қарт Қожақ – көпті көрген, талай ұрыстарға қатысқан, талай жауын талқандап жүрген – батыр аға.

Жырдағы ең жағымсыз кеіпкерХанзада. Ол халыққа зұлымдық жасаушы, арамдық әрекеті, әділетсіз ісі шектен асқан хандардың бейнесін елестетеді. Бұл ретте оны залымдық пен жауыздықтың, алдампаздық пен қорқаулықтың, ұяты жоқ екіжүзділіктің жинақталған образы деуге болады.

Ханзада ел талғауды, бөтен елдің байлығын қолға түсіруді көздейді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру үшін Ханзада әр түрлі айла-амал қолданады. Ол айлакерлікпен Тарғынды да өз қармағына іліктіреді. Шаған бойындағы қалмақтардан ата-мекеніміхді қайырып әпер дегенде, оны ол халық қамын ойлағандықтан емес, өз қамын көздегендіктен айтады. Ханның бұл сөзіне түсіп қалған Тарғын аңғырттық жасап, белгілі мөлшерде ханның шабарманына айналады.

Барырлар жыры ел қорғау жолында батырға көмекші болған, қызмет еткен тұлпарларды сүйсіне жырлайтындығын, “Ер қанаты- ат” екендігін өткен тарауда айтқанбыз.

Батырлар мінетін тұлпарларға біткен қасиеттер Тарғынның Тарланында да бар. Тарлан- батырға көптен жолдас болған және оны батырдың өзі бағып, өзі өсірген тұлпар.

Қорыта келгенде, “Ер Тарғын” халықтық сипаты бра көркем жыр. Ертеден келе жатқан мәдени мұрамыздың бірі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5. Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976



Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Анықтамалар, көрсеткіштер, библиография.
19.Рефолюцияға дейінгі қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар./1807-

1917/


20./Аннотацияланған библиогр. Көрсеткіш/-А., 1978

21.Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді

баспасөзіндегі материалдар. – А., 1979

22.Ақын-жыраулар. Өмірбаяндық анықтамалар. – А., 1979



Фольклор практикасы


23.Смирнова Н. С., Нұрмағамбетова О. Ә Қазақ халқының ауыз

әдебиетін жинаушыға өмек. – А., 1960

24.Круглов Ю. Г. Фольклорная практика. – М., 1986
Эпостық жанрлар.

25.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

26.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы

өкілдері. – А., 1976

27. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985

28.Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. – А.,1987

4 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Қамбар батыр жыры.
Жоспары :
1.Жырдың зерттелуі.


      1. Жырдың қысқаша мазмұны.

      2. Жэырдағы образдар.

      3. Эпостың құрылысы және тілі.

Қазақ елінде көп уақыт бойына шабуыл жасағандар қалмақ басқыншылары болғандығы баршаға итарихтан белгілі. Шетелдік шапқыншылардың қанды жорқытарына қарсы асқан ерлікпен күресіп, одан ел- жұртын қорғаған, халқына айбар болған батырлар жайында ел арасында талай әдемі әңгіме-жырлар туған. Халық бұл алуандас шығармаларында өзінің батыр ұлдарын, олардың ерлік істерін ардақтап көрсеткен.

Осындай ел қорғау, халыққа қамқор болу жолында жасалған ерлік істерді жырлау негізінде шығарылған және халықтық сипаты мол көркем жырдың бірі – “Қамбар батыр”. Бұл жырдың басты идеясы-халыққа қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан туған. Сондықтан да жырда әңгіменің осы жағы баса айтылады, соған көп көңіл аударылады. Батырдың ең негізгі міндеті: шетелдік шапқыншылар шабуыл жасай қалған кезде жауға қарсы аттану, оны талқандап жеңу, ел-жұртын қорғап алу екендігі көрсетіледі. Екіншіден, бейбітшілік кезде батырдың міндеті: халқына дал еңбегін қызмет ету, халықты асырап-сақтау, жәрдем-көмегін беру екендігін суреттейді.

“Қамбар батыр” – қазақ еліне ерте кездің өзінде-ақ тараған жыр. Оның негізгі бір нұсқасын Бектемір деген жырау айтқан. Біздің пайдаланып жүргеніміз де жырдың осы варианты.

“Қамбар батыр” жыры алғаш рет 1888 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Оны Ш. Хұсайнов деген кісі бастырған. 1903 жылы бұл жыр “Тоқсан үйлі тобыр” деген атпен Қазанда, ағайынды Каримовтардың баспасында, қайта басылып шықты. Бұдан кейін Ә. Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырды. Содан бері “Қамбар батыр” жыры бірнеше рет (1932, 1939) баспа жүзінде жарияланды және оқу хрестоматияларына еніп отырды. “Қамбар батыр” жыры нағыз халықтық, көркем жырдың бірі деп бағаланды.

Жырдың халықтығы, ең алдымен, жырдағы оқиғалардың еңбекші шаруаның тұрғысынан баяндалатындығынан, басты кейіпкерлердің іс-әрекетінен көрінеді. Егер басқа жырларда батыр образы көбінесе бірден оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы жасалса, батыр жырдың өне бойына көк сауытты киініп, көк сүңгіні ұстап жүрсе, олардан Қамбар образының елеулі бір айырмашылығы бар. Жырда Қамбар ең алдымен шаруа адамы, еңбек ері бейнесінде алынады. Қамбардың еңбекші халық ортасынан шыққан ер-азамат, патриот ұл екендігі аңғартылады. Ол мыңды айдаған байдың мырзасы емес, өзінің еңбегімен кәсіп еткен шаруаның өкілі. Адал еңбегімен ер атанған, “ерлікті елден асырған, еңбекке белді байлаған” адам. Сондықтан да оны халық жыры еңбекші халыққа қызмет еткен еңбек ері етіп көрсетеді. Бұдан еңбекші халықтың ел қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да, халықты асырап-сақтайтын еңбек ерлерін де ардақтайтындығы, олар жайында да батырлық жырлар тудырғандығы байқалады.

Халық жырының алғашқы бөлімінде Қамбар “алпыс үйлі арғынды, тоқсан үйлі тобырды” асырап сақтаған еңбек ері бейнесінде алынады.

Жырда Қамбар образы өте әсерлі болып жасалған. Қамбардың ерлік еңбегін, ел қорғаудағы батырлық істерін сүйсіне жырлаған халық бейбітшілік кезінде кезінде де, басқыншы жау шабуылдаған кезде де жұрт үшңн аянбай күресетін ер-азаматы Қамбардай болуын арман еткендігін білдіреді.

Әзімбай балаларының ішінен бөліп алып, жырдың жағымды кейіпкер бейнесінде суреттегені – Назым мен Алшыораз. Бұлардың жағымды кейіпкер болуы-тоқсан үйлі тобыр арасынан шыққан Қамбардың адамгершілігін, ел үшін жасаған ерлік істерін дұрыс бағалай білуінде.

Жырдағы жағымсыз кейіпкердің бірі - Әзімбай. Ол – кісі еңбегімен мал жинаған, соған масаттанған, бірақ қиыншылық іс түскен кезде қолынан еш нәрсе келмейтін қорқақ адам.

Әзімбай образы халық жырында екі түрлі мәселенің бетін ашу үшін алынған. Біріншіден, Әзімбай арқылы халық жыры езуші мен езілушінің арасындағы таптық жайларды елестетуді, оның ерте заманнан келе жатқандығын аңғартуды көздейтіндігі байқалады.

“Қамбар батыр” жырында негізгі жағымсыз кейіпкер ретінде алынғандар –Қараман мен Келмембет. Бұлар ноғайлы-қазақ еліне талай рет шабуыл жасап, жорық ашқан, халыққа қан жұтқызған қалмақ басқыншыларының өкілі ретінде суреттеледі.

Қараман мен Келмембет образын жасауда да жыршы ақын асқан шеберлік көрсетеді. Бұларды жыр жау адамдары ретінде ала отырып, әрқайсынының өзіне тән іс-әрекетін, мінез-құлқын даралап сипаттайды, бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері барлығын айқындайды.

Қараман-әрі батыр, әрі ел билеген хан. Ол көрші елдерге күш көрсетуді, ығыстырып ұстауды, зорлықпен бағындырып алуды мақсат етеді. Бұл ретте Қараман өзінің күшіне сенеді; қарсыласқан дұшпанын “жүндей түтемін” деп асқақтап жүреді. Әзімбайдың ауылына құда болып, Назымды Қараманға айттыру үшін барған Келмембет соққы көріп қайтады. Бұған Қараман қатты ашуланады да:

Ерегіскен кісінің...

Етін итке жегізіп,

Сүйегін өртеп, жағайын...

Қазықтай жерге қағайын,-

деп қаһарланады. Ол бұл мінезі Қамбарға да көрсетеді. Қамбарды да қорқытып, қорғалатпақ болады. Қамбарға айтқан сөзінде:

Өлтірейін деп едім,

Кешіксең, келмей осыдан,-

дейді. Бірақ жекпе-жек ұрысқа келгенде, күшіне, күштілігіне сенген Қараман Қамбардан жеңіліп қалады....

Қорыта келгенде “Қамбар батырды” халқымыздың сүйсіне тыңдап, сүйе жырлаған көркем шығармасының бірі деп білеміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991


  1. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

  2. Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

  3. Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

  4. Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

  5. Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

  6. Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

  7. Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

  8. Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

  9. Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

  10. Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976



Оқулықтар





  1. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

  2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

  3. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша





  1. Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

  2. Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

  3. Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993

Анықтамалар, көрсеткіштер, библиография.




  1. Рефолюцияға дейінгі қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар./1807-1917/

  2. /Аннотацияланған библиогр. Көрсеткіш/-А., 1978

  3. Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. – А., 1979

  4. Ақын-жыраулар. Өмірбаяндық анықтамалар. – А., 1979



Фольклор практикасы





  1. Смирнова Н. С., Нұрмағамбетова О. Ә Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинаушыға өмек. – А., 1960

  2. Круглов Ю. Г. Фольклорная практика. – М., 1986



Эпостық жанрлар

24. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985

25. Бердібаев Р. Епос-ел қазынасы. –А.,1995

26. Ыбыраев Ш. Қазақ эпосы. – А.,1995

27. Абылқасымов Б. Телқоңыр. –А., 1993

28. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы мен тюркология. –А.,1987

29. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық

жыры. –А.,1972

30. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тар мәселелері. –А.,1958

31. Жирмунський В. М., Зарифов Х. Т. Узбекский народный

32. Героический епос. – М., 1947

33. Қоңыратбаев Ә. Қазақтың “Қозы Көрпеш” жыры туралы. –А.,1959

34.Бердібаев Р. Қазақ эпосы.-А.,1982

5 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Алпамыс батыр жыры.
Жоспары :


        1. Жырдың зерттелуі.

        2. Алпамыс батыр жырының мазмұны.

        3. Жырдағы образдар.

“Алпамыс” деп аталатын жыр өзбекте де, қазақта да, қарақалпақта да бар. Ағайынды үш елдің айтуындағы бұл жыр мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас келеді. әйткенмен өзара айырмашылығы да жоқ емес. Ондай айырмашылық басты-басты екі әңгімеден көрінетін секілді. Бірінші, қазақтар мен қарақалпақтар айтатын жырда Байбөрі мен Байсарының (кейде Сарыбай деп те аталады) араздасып кетуі көкпарға байланысты делінсе, өзбекте олай емес. өзбектердің жырында Байбөрі ел билеген хан болады, ол қарамағындағы халықтыан алым-салық, зектті көп жинайды. Бұған наразылық ретінде Байсары қалмақ еліне көшіп кетеді. Екінші, қазақтар мен қарақалпақтар айтатын жырдың екінші бөлімі Байбөрінің малын Тайшық ханның тартып әкетуі жайын суреттеуден басталады. Ал өзбектің “Алпамысында” Алпамыс Тайшықтың еліне өзінің малын қайыру үшін аттанбайды. Ол Баршынның айтуы бойынша, ханның қысымынан қайын атасы мен кайын енесін құтқару махсатымен аттанған болады.

Ағайынды үш халықтың айтуындағы “Алпамыс” жырының осы секілді өзара аздаған айырмашылығы бола тұрса да, бұл - әр халықтың өз шығармасы, тума жыры. Сондықтан да әр халық бұл жырдың ертеден келе жатқан сюжет желісін сақтай отырып, оны өздерінше жырлаған және бірнеше вариантқа айналдырған. “Алпамысты” зерттеген өзбек ғалымдары И. Т. Зарифов пен М. И. Афзаловтың айтуына қарағанда, жырдың өзбекше он бір варианты бар көрінеді.

Бұлармен қатар татар, башқұрт, алтай елдерінде Алпамыс жайында шығарылған ертегілер де бар. Татарлардың ертегісі “Алпамша”, башқұрттардікі “Алпамаш”, алтайлықтардікі “Алып-Манаш” деп аталады. Бұл ертегілердің кейбір әңгімелері өзбек, қазақ, қарақалпақ айтатын жырдың алғашқы бөліміне ұқсас келеді.

“Алпамысты” жырлаған халықтың қайсы сы болса да, оны өзінің тума шығармасы деп қараған. Сондықтан да біз бұл жырдың әр елдегі нұсқаларына тоқталмай, тек қазақшасын ғана сөз етпекпіз.

“Алпамыс” қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айтылу арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек хожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 жылы Қазан қаласында бастырап шығады. Содан кейін жырдаң осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылады. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы, Ұлтанды жеңуі жайында болатын.

Жырдың басты кейіпкері – Алпамыс. Ол халықтың ру бірлігін сақтау идеясынан, руға қамқор-қорған болар батырды арман еткен қиялынан туған образ. Сондықтан жыр Алпамыстың іс-әрекетіне батырлық сипат береді.

Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапарыГүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Өзіне жар-жолдас-қалыңдық іхдеп шығу, бұл жолда әр түрлі ерлік істер жасап, батырлық сыннан өту-дүние жүзіндегі эпостық шығармалардың көбінде кездесетін жәйт. Ондағы батырлардан Алпамыстың бір үлкен айырмашылығы бар: Алпамыс батырлық іске тек Гүлбаршын үшін ғана аттанбайды. Ол бір кезде Байбөріге өкпелеп бөліне көшкен, қалмақ еліне кеткен Қоңырат елінің бір бөлігін іздеп те шығады. Өзіне туыс болған рудың бір бөлегі жат жұртқа көшіп кетуі, қалмақ ханына қоңсы болуы, оның зорлық-зомбылығын көруі Алпамысқа қатты бататын сияқты. Сондықтан да халық жыры Алпамысты қалмақ еліне аттандырады, ол өкпемен көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлеген қайтару, оны қоңыраттарға қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді, ру бірлігін қарастырады. Жыр ру арасында бірлік болса, елдік бар екендігін аңғартады....

“Алпамыс” жырының жағымды кейіпкер етіп суреттеген адамының бірі – Гүлбаршын. Жырдың композициялық жағын алғанда, көптеген әңгімелер Гүлбаршынға байланысты дамып отырады. Байбөрі мен Байсарының құда болысуы, Тайша хан мен Қаражанның таласы секілді күрделі оқиғалардың негізгі түйіні Гүлбаршын болып келеді. Жырдағы сюжет құрылысында осындай айрықша орын алған Гүлбаршынның образын жасауға жыршылар үлкен мән береді.

“Алпамыс” жырын сынап, оның “халықтық сипаты жоқ” деп “дәлелдеген” кейбір әдебиетшілер жырдағы Ұлтан образын мысалға алған болатын. Олар: “Ұлтан езілуші халықтың өкілі еді, өмірін жалшылықпен өткізген құл еді. Ұлтан образын жексұрын түрде, ұнамсыз етіп жасаушылық жырдың халық тілегіне жат екендігін көрсетеді”,-десті. Жырдың негізгі идеясын анықтамай тұрып, оған тек Ұлтан образын ғана мысал етушілік әдебиет зерттеу ғылымында жасалған қатенің бірі еді.

Шынына келгенде, Ұлтан – осы жырдағы ең жағымсыз кейіпкер.

Жырдағы жағымды кейіпкердің бірі – Қаражан. Ол ел-жұртын сүйген, дәреже және адамгершілік жағынан ешкімнен де кем түспейтін батыр. Қазақтағы батырлар жырының көпшілігінде қалмақ батырлары жағымсыз кейіпкер болып суреттелетін. Олар көрші елдерге ойран салушы, соғыс ашып, жорық жасаушы, қан құмар басқыншылар болып келетін. Ал “Алпамыстағы” Қаражан ондай адам емес. Қаражан қалмақ батыры бола тұрса да, ұнамды бейнеде суреттеледі. Өйткені Қаражан – ел қамын ойлаған, жаттан жау тілемеген және жорық жасауды мақсат етпеген батыр. Сонысы үшін халық жыры Қаражанды жағымды кейіпкердің қатарына қосады.

“Алпамыс” қазақтағы батырлар жырының ең ескісі, оған кейбір әңгімелердің ертегі түрінде айтылуы дәлел десек, оны жырдағы мыстан кемпір образынан көруге болады.

Жалпы қазақ әдебиетінде, мыстан кемпір көбінесе жауыздықтың, қиянатшылдық пен қастықтың бейнесін елестетеді. Мыстан кемпірлер қалың көпшілікке немесе сол көпшілік қамы үшін күресетін адамдарға қастық жасап жүреді және олар хандар мен уәзірлердің, халықты езушілердің қызметінде болады, соларға болысады. “Құламерген”, “Аламан мен Жоламан” т. б. сияқты халық ертегілерінде суреттелетін мыстандар еңбек адамына, халықтың сүйікті ұл-қыздарына неше түрлі қастық жасайды, олар бұл жөнінде хандардың жауыздық тілегін орындаушы, соған көмектесуші болады. “Алпамыс” жырында суреттелетін мыстан кемпір де сондай.

Қорыты келгенде, “Алпамыс” жыры да халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұрасының бірі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :


    1. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

    2. Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

    3. Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

    4. Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

    5. Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

    6. Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

    7. Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

    8. Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

    9. Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

    10. Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет