Төзімділік пен патогендіктің генетикасы. Төзімділік түрлері
Өсімдіктің төзімділігі де, микроорганизмдердің патогенділігі де барлық тірі организмдердің қасиеттері мен белгілеріне тән бір немесе бір-бірінен сапалық айырмашылықтары бар бірнеше гендермен бақыланады. Төзімділік гендерінің өсімдіктер генотипінде болуы патогеннің белгілі бір нәсілдеріне абсолютті иммунитет болуын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде ауру қоздырғыштарының иммунитет генінің әсерін басатын гені (немесе гендері) болады. Х.Флораның теориясы бойынша әр төзімділік геніне вируленттік ген пайда болуы мүмкін. Бұндай құбылыс комплементарлық деп аталады. Вируленттіліктің комплементарлы гені бар патоген әсер еткенде өсімдік ауруға шалдығады. Егер төзімділік және вируленттілік гендері комплементарлы болмаса өсімдік клеткалары ауру қоздырғышты оқшаулап, оның әсерін шектейді.
Мысалы (3-кесте), жоғарыдағы теорияға сәйкес генотипінде төзімділік гені R бар картоп сорты ауру қоздырғышының P. infestans немесе одан да күрделі, бірақ міндетті түрде 1 (1,2; 1,3; 1,4; 1,2,3) т.б. вирулеттік гені бар 1-нәсілімен залалданады. Ал төзімділік гені жоқ (r) сорттар ауру қоздырғышының барлық нәсілдерімен де, оның ішінде вирулентті гені (0) болмаса да ауруға шалдығады.
Төзімділік гендері көбіне доминантты, сондықтан оларды селекция барысында келесі ұрпаққа жеткізу айтарлықтай жеңіл. Сезімталдығы өте жоғары R-гендер төзімділіктің де жоғары сезімталдық типін анықтайды. Сол сияқты бұл тип олигогенді, моногенді, нағыз, вертикалды деп те аталады. Ол өсімдікке вируленттіліктің комплементарлы емес нәсілі әсер еткенде өсімдіктің ауруға толық қарсы тұрар қабілетін қамтамасыз етеді. Алайда патогеннің вируленттілігі артық нәсілдердің пайда болуына байланысты өсімдіктің ауруға төзімділігі жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |